Бәрі де бекер…


Кешір,
Кінәласаң өзің біл.
Несін?!
Жылуыңды сезіндім
Енді еріксіз, шексіз
Жесір
Махаббатымнан безіндім.

Енді
Ертеңім бұлдыр
Жеңді
Құмарлық сыңғыр
Онсызда мұңым көп менің
Ерді
Соңымнан бір мұң.

Тойшыл
Көңілім екен
Ойшыл
Өмірім өтер.
Шын сүйіп шындық таппадым
Қойшы
Бәрі де бекер…

Авторы: Анар Шамшадинова

12 пікір | Бәрі де бекер…

  1. vkototy says:

    Машақаты көп махаббат…көнесің…

  2. Оқырман says:

    Бәрі бекер…

    Бәрі бекер:
    мені сүйіп-өпкенің,
    Бекер бәрі:
    келмес күнге кеткенің.
    Бәрі бекер:
    қуаныш, қызық, құштарлық…
    Керегі не орны толмас өкпенің?

    …Бәрі бекер:
    бір елеске сенгенім,
    Бекер бәрі:
    таң нұрымен келгенің.
    Бәрі бекер:
    сарыла тосып, күткенім…
    Бәрін бір-ақ көзсіздікпен жеңгенің.

    …Бәрі бекер:
    құмарлықпен құшқаның,
    Бекер бәрі:
    құр оңғақтау түс қалды.
    Бәрі бекер:
    іңкәрлік, сезім, сағыныш…
    Өмірзая… ақ білектен ұстадың.

    …Бекер бәрі:
    бал татыған күндерім,
    Тас қияда жұлдыз теріп жүргенім.
    Он сегіз мың ғалам сырын білгенім,
    Асу шыңнан қыран құсты ілгенім.
    Бәрі бекер:
    Ми қайнатар ыстығында шілденің…
    Болмашыға ақтарылып күлгенім.

    …Бекер, бекер:
    нәзіктігім, пәктігім…
    Сынаптайын
    уайыммен ақты күн!
    Көктем күні көкіректе жақты мұң,
    Бұл күндері қалғаны құр тамтығым,
    Солып ерте… сарғаюда шаттығым.
    Сенсіз мынау Жер бетінде жалқымын

    Беймәлім болған бір жанның өлеңі.

  3. aidin says:

    salem kermet blognez barken

  4. Ерлик Айжарықов says:

    М.Лермонтовтың “И скучно и грустно” деген өлеңіне ұқсайды

    СКУЧНО И ГРУСТНО

    И скучно и грустно, и некому руку подать
    В минуту душевной невзгоды…
    Желанья!.. Что пользы напрасно и вечно желать?..
    А годы проходят — все лучшие годы!

    Любить… но кого же?.. На время — не стоит труда,
    А вечно любить невозможно.
    В себя ли заглянешь? — Там прошлого нет и следа:
    И радость, и муки, и всё там ничтожно…

    Что страсти? — Ведь рано иль поздно их сладкий недуг
    Исчезнет при слове рассудка;
    И жизнь, как посмотришь с холодным вниманьем вокруг, —
    Такая пустая и глупая шутка…

  5. nursultan says:

    salem magan muhtar shahanobtyn sen jiladin jigitim kop kordin dep omirdin tabshiligin degen olenin tauip berinzdershi tez tez tez

  6. sagieva Tolganay says:

    tamawa suikten otti…..jan tebirentelik olen

  7. Кымбат says:

    прекрасные стихи

  8. jansaya says:

    оте керемет жазылган жарайсыздар

  9. Nurila says:

    керемет өлең мағыналы

  10. гули says:

    керемет омирден тан гажаиып алеми десе болатын олен жараисын

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: