Мазасыз минуттар


Алло… Алло…
Тыңдап тұрмын…
Иә, мен…
Менмін деймін…
Бұл кім екен?
Кім деймін?…
Сөйлесеңші, сонша неткен ұяң ең,
Не дерімді, не етерімді білмеймін…

Құлың болып кетсем, мейлі, кетейін,
Сорымбысың, бағымбысың? Кімсің, кім?!
Не тілейсің, айтшы, кәне, не етейін?
Сонша неге солқ-солқ етіп күрсіндің?

Тым құрыса тыныштық бер жаныма,
Ой, құдай-ай, ойының ба, шының ба?!
Жазалауың басталды ма тағы да,
Мазалауың аз болғандай бұрын да…

Құдай үшін… бір естіртші үніңді,
Ең бірінші және, бәлкім, ақырғы.
Мейлі, тіпті, айтпай-ақ қой шыныңды,
Мейлі, тіпті, айтпай-ақ қой атыңды.

Сүйесің бе?
Сүйсең соны білдіріп,
Жаз да жібер поштаменен хатыңды.
Қоймашы тек, қойма мені жынды ғып,
Төле десең, берем қаламақыңды…

((Періште ме, пері ме, әлде, пенде ме?!
Бітпейтұғын болдың-ау сен бір уайым)).
…Телефонның трубкасын кеудеңе
Қоя тұршы…
Жүрегіңді тыңдайын!..

Авторы: Алмас Темірбай

12 пікір | Мазасыз минуттар

  1. Тоты says:

    Осы өлеңді мәссағаннан оқып едім. Жүректі селт еткізерліктей жазылған.

  2. Айсұлу says:

    Тамаша өлең,ерекше!Жүректің қылын шертеді…

  3. Kaldykyz says:

    Мынадай өлең маған арналса, соңынан еріп кетер ем ақынның. Неткен романтика десеңші.

  4. Нико says:

    Керемет екен…

  5. Ғазиза says:

    Дауысыңды есту үшін нөміріңді теремін
    “Алло!” дейсің, ал менің дүрсілдейді жүрегім…

  6. Жыр құмар жан says:

    Алмас, мен СІЗГЕ мәңгілік ғашықпын! “Алло” деген дауысыңызды есіткенде, жүрегім дүрсілдеп сөйлей алмай қаламын. Мен сияқты Сізге ғашық қыздарға түсіністікпен қараңыз,өтінем.

  7. гулфат says:

    керемет керемет….әсіресе соңғы шумағы….адамға ерекше әсер бердің ғой….ақын ақынды түсінеді ғой? өзіңнің кітабың бар ма??? сіздің өлеңіңізге құмармын…

  8. Жансая Узакбаева says:

    “Сүйесің бе?
    Сүйсең соны білдіріп,
    Жаз да жібер поштаменен хатыңды.
    Қоймашы тек, қойма мені жынды ғып,
    Төле десең, берем қаламақыңды…” мынаны менін айтатын сөзіммен бірдей екен! Өте әсерлі өлең.

  9. zhuldyz says:

    Жаксы олен екен.авторга шыгармашылыктын шынын тилеймин!:-).

  10. Шолпан says:

    Казакта сендей ул-кыздар барына катты куанып турмын, жарайсын

  11. gulnur says:

    Сәлеметсіз бе Ақберен телефондағы мен ғой өз сезімінен ұялып сізге деген сезім кілтін аша алмай дал болған

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: