Гармония


Күн батты.
Ақшам уақыты.
Кеудемді күй кернесін кеп!
Күй тыңдап, мен жылап тұрмын
«Әрқашан Күн сөнбесін…» деп.
Күннен Сен жақынсың, Раббым!
Күнді де жарық қылңан – Сен!
Бәлкім, Сен – ақынсың, Раббым?
Жерді де ғаріп қылған – Сен.
Мәңгілік Күнді айналдырып,
Кете алмас ғашық еткен Сен,
Біздерге, төзе алмас ек-ау,
Осындай қасірет берсең!…
Жер беті – ғаламат майдан,
Сен ғана сақтаған жанын,
Майданға аттанған(дар)дың…
Жер беті – мұң менен кайғы…ң…
Қайғымды азайтшы, Раббым!
Түннен соң таныңды атыр,
Күніңмен жылыта бер де,
Бір саған тәуелді пақыр
Пендеңді ұмыта көрме!
Бұл әлем шектелмес Жермен,
Жердегі гұмыр бір – фәни…
Шын әлем – Сен сыйған кеудем,
Шын әлем – Сен сүйген нәби!
Күн батты.
Ақшам уақыты.
Жас болып тамдым сағаттан…
Шын  әлем – екеуміз, ЖАНЫМ!
Әлемді БІЗден жаратқан…

Авторы: Назира Бердалы

Advertisements

3 пікір | Гармония

  1. Алмат Туймебаев айтады:

    Не жазайын бақытын ба, сорын ба?
    Күш таусылды жаза-жаза қолымда.
    Өзің жайлы не айтайын жарығым,
    Не көрмедім сен дегенде жолымда?!

    Көңіліңе қарадым ба айтпадым,
    Жүрегімде қала берді айтпағым.
    Өзім жерде, сезімдерім аспанда,
    Келме десем, келіп турды байкағым!

    Құпиямды ашалмадым өзімнің,
    Кейде жақсы, кейде жаман көңілім.
    Екеуіміз бір арнада жүрсекте?
    Қиын болды сүріп жүрген өмірім.

    Алыс жаққа кетіп қалғым келгені,
    Айқайлап-ап сүйем дегім келеді!
    Күнде қайғы, қасіретті көргеннен,
    Байқұс жүрек қалай өмір сүреді?

    Секундқа ғана ұстағанда мен орнымнан,
    Ұшқым келед жіберместен қолыңнан.
    Махабатқа толы сұлу әлемге,
    Тек екеуміз үшін ғана құрылған.

    Сезімімді айтқым келді бұрыннан,
    Тартқым келді үзінді ғып жырымнан,
    Сонша уақыт ойлана кеп шешкенім,
    Жеткіздімау сезімімді қаламсаппен сұйылған.

  2. Нариман айтады:

    Қыздарға

    Заманның талабына қарап мына,
    Арулар тұқымыда ауысты ма?
    Кешегі Баян сұлу, Қыз Жібектің,
    Тең келер казіргі қыз қай-қайсына?

    Дақ түсіріп «Қазақ қыз» атауына,
    Ата салтын аяққа таптады да,
    Сұқ көзге кіндік ашып ұялмастан,
    Қыздарым басы айналып, шатасты ма?!

    Еліктеп шетел жақтың қыздарына,
    Жарқыратты бөксесін, сандарында.
    Омырауын жартылай ашып тастап,
    Ер жігітті жүргендей қызғандыра.

    Ішімдік ішіп, темекі ұстағаны,
    Көш басын жамандыққа бастағаны.
    Тәрбие берген анасы мен әжесіне,
    Тас алып оң қолымен тастағаны.

    Пәк сезім махаббатпен таныс емес,
    Ғашығын ойлап түнімен уайым жемес.
    Қалтасы жұка, бойында асылы көп,
    Жүрегі алтын жігітті жаным демес.

    Жігіт дейді қалтасы қалыңдарды,
    Соларға ғашық болып табынады.
    Махаббаты қазіргі нәзіктінің,
    Ауа-райы сияқты құбылады.

    Қара бұлт басына төңгіш арулардың,
    Туады ма ағайын ашылар күн?!
    Осы жағдай көңілді толғандырып,
    Жүрегіме толтырды шер менен мұң.

    Нариман Жылқыбай

  3. Bereket айтады:

    Nariman kopke topirak wawpaganin duris bolar, birak okiniwke orai ondailar kop

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: