Адам ата, Хауа ананың жолымен
Жүргеніммен, білмейді екем тегі мен
Қанша жігіт…,жаңа ғана түсіндім
Құпиясын сүйісудің сенімен
Өзгеше екен, тиіп-қашып өпкенің
Сүйіскенді бұлай көрем деп пе едім,
Ұнап қалды байқап қалдым саған да,
Есім ауып, ессіз болып кеткенім
Жұмсақ демің жылы тиіп бойыма,
Қымсынудың бәрі қалып жайына,
Ләззәт оты лап етіп тез тұтанып,
Келіп жатыр небір сұмдық ойыма
Шырынды сәт, шырын ерін, шырын тіл
Сүйісуде бар екен ғой терең сыр
Есеңгіреп кеткен денем талықсып,
Құшағыңа құлайын деп әрең тұр
Сілікей ме, десем аққан шұбырып,
Жүрегім бе, десем қалған тығылып,
Тілім екен түсіп кеткен аузыңа
Ернің екен жатқан сорып, суырып
Қытықтай кеп, өпкен кезде ерніңмен
Сүйісудің ғаламатын көрдім мен
Бұдан әрі шыдай алар емеспін,
Алшы қолға, тізгінімді бердім мен!
Авторы: Ханша Әлихан
Керемет! Қандай шынайы суреттеме!
Толебекке толыктай келисемин, неткен керемет баяндау, шынайы, ари коркем, ари асерли!
Әсерлі екен, таза қазақи эротика деуге келеді.
найіс
керемет суреттеліпті… казақтың тілінің байлығы қазақтың жерінен де асып туседі ғой…
Естен танарлық өлең жазылыпты!
Бул сезімді енді сізден кейін екінші боп суреттеген адамның өлеңін мен оқымаста едім! Өте ғажап әрі шынайы суреттелген!
Мен де осындай олендеримди калай енгизсем болады?
Соз жок! ТАМАША! «Улы созде уят жок» деген осы гой… шынайылыкты адемiлеп жеткiзген! ТАМАША!