* * *


Жүректен жыр, көзден тамшы боталап,
Тау тағдырымның төсіне
Жыласам ба екен жата қап?!
Бір сорлының күлкісіне қаталап,
Қаңғып жүрмін қайыр сұрап
Шаһарында Музаның
Сол үшін де үстем болсын мерейің
Жоғары мәртебелі, Махаббат!

Қанымды іштің, қысылмағын, қанып іш
Тау қозғалтатын мінезіңмен
Қолыңыздан келеді бұл алып іс.
Кеудеме кеп жасай бермей жарылыс
Бұл сезімді менен аулақ алып ұш.
Қаңғып жүрмін қайыр сұрап
Өң мен түстің ішінде
Сол үшін де үстем болсын мерейің
Жоғары мәртебелі, Сағыныш!

Он ғасырға жасайтындай секіріс
Тауы шағылмас жүрекпен,
Өлмейтұғын оқырманға жазып кетем өтініш.
Қирап жатыр үмітімнен тұрғызылған бекініс,
Кезіп жүрмін қайыр сұрап
Өмір, өлім арасын
Сол үшін де мейіріңіз үстем болсын
Жоғары мәртебелі, Өкініш!!!

Авторы: Танакөз Толқынқызы

6 пікір | * * *

  1. arsenal777 says:

    мүмкіндігіңізше, өлең авторлары жайында қысқаша ақпарат болса😉 талантты замандастарымыз жайында білгіміз келеді)

  2. Толебек says:

    Танакөз! Сіздің бұл өлеңіңіз мені де қайғыға салды. Сізді қинаған қандай қайғы екен, соны білгім келеді. Сізге бақыт тілеймін және қолымнан келсе сізді бақытты еткім келеді…
    Танакөз, түңілмеші,түңілмеші!
    Атқан таңға қызығып күлімдеші!
    Ғашықтық өміріңнің нәрі емес пе?
    Тәрк етпей махаббатты күлімдеші!

  3. make says:

    қайда кірсең де еңіреп жүрген мұңлы қазақ…

  4. Толебек says:

    Қуаныш пен қайғы-мұң, бұл дүниенің сынағы. Қайғылы екен деп еліңнен жерінбе, “бізге де бақ келер” деген үмітті үзбе, бауырым.

  5. Gulvira says:

    salemetsiz be………magan Tanakoz Tolkinkizinin shin jureginen shikkan olenderi ote katty unaidi……akin apama….Aiel bakyti men shigarmashilik tabystar tilegim keledi…..

  6. Сакен says:

    Салеметсыздерме достар,

    Осы кысынын олендер жинагын кайдан сатып алуга болады екен?

    E: saken.akhmetov@mail.ru

    Алдын ала алгысымды былдыремын!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: