Өтер өмір сен деумен


Тұлпар күнді ағытып-ап белдеуден,
Самал кешіп салқындаған өр кеудем,
Тереңіне тастаса да тұтқындап,
Тұл жүрегім танбай қойды-ау сен деуден.

Мәні қалмай сенсіз өткен кезімнің,
Дүниеден келген де еді безінгім.
Кеудемдегі кермаралдай іңкәрлік,
Жаным, жарқын бейнең екен өзіңнің.

Түннің шашын жаңбыр жуып, малмандай,
Бұлт астына мені ертіп алғандай.
Жақпар қуған жаңғырықтай шашылар,
Үзік-үзік ой мақамы жалғанбай.

Жанарыңда жылы мұңға шөлдеумен,
Отқа айналды опынбаған өр кеудем.
Есіміңді қайталаумен алқынып,
Өтер, өтер, өтер өмір сен деумен.

Авторы белгісіз

1 пікір | Өтер өмір сен деумен

  1. Гүлбақыт says:

    Керемет жыр екен.Ақын халық еншісіне қалдырғысы келген ғой.Ұзақ жасасын мәңгілік тақырыптың таптырмас жыры!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: