Менің соңғы махаббатым сен бе едің,
Жүректегі жұлдызымдай сөнбедің.
«Қолыңды бер, ұмыттырам өткенді», –
Деді біреу, тыңдамадым, сенбедім.
Бір жігіттің жанарынан жиі ұшқын
Көрдім-дағы қарамауға тырыстым.
Бар еркімді биледің бе,
Сенен соң
Неге ешкімді ұнатпауға тиіспін?
Сені ойламай өткізсем бір кеш, түнді,
Жаңғырыққан сенің дауысың естілді.
Мені сендей сүйетұғын жігіт бар,
Мен өзіңдей сүйе алмадым ешкімді.
Авторы белгісіз
Керемеееееет!!!!!!!!!!!!!!!!
Күләш Ахметова апамыздың өлеңі ғой бұл!
Kgjgjg
оз омириме сай келгендиктен бе, маган олен унады. рахмет!
Керемет олен екен…