* * *


Өкiнiштiң оты өртедi өңештi,
Үңiлгенде дәптерiме өңi ескi.
Ақ қағазда есiмiң – мәңгi өшпес,
Жадымдағы бейнең бiрақ көмескi.

Тек есiмде… Ұмытпадым күлкiңдi,
Жанарыма сансыз маржан iркiлдi.
Жүрегiмде астаң-кестең ақ боран,
Жадыратып қойғаныммен сыртымды.

Сағынсам да жете алмадым, қайдасың?
Әлде айналып кеткенбiсiң Айға шын.
Әлде менен өзге сұлу жолығып,
Баурап алып асырды ма айласын.
Бақытыңды тапсаң бастан таймасын.
Көзiме тек бiр көрiншi…
Қайдасың?!

Авторы: Құралай Омар

4 пікір | * * *

  1. ruslannnn says:

    Астына авторларын жазбағаныңда, өлең авторы өзің бе деп те ойлап қалам….

  2. Жұмыссыз жалқау says:

    Бармын…, жүрмін арпалысып өмірмен,
    Күйбең тірлік шамадан көп төгілген…
    Жанарыңа көрінбеймін әдейі,
    Бірақ жаным орын тептің көңілден.

    Жалтақтама, күйге түспе ізденген,
    Орнын өшір менің салған іздердің…
    Ұмыт жаным…
    Қате меннен, әттең ай…?!
    Саған айтпай әлдеқашан үйленгем.

  3. Гимран says:

    Тамаша типти айтар созим жок. нагыз гашыктардын журегинн шыккан олен екен

  4. Айнұр says:

    Ғажап әлем мен іздеген бұл емес,
    Мұның бәрі арман, қиял, құр елес.
    Махаббат па?.. Олда мені шаршатты,
    Бақыт дағы тілеуімді тілемес…
    Сағым көңіл… Самарқаулық… Тілсіз мұң…
    Өзгергем жоқ, бүгін де мен үнсізбін.
    Жанарымда от қалмады, нұрсызбын,
    Жүрегімде өлең де жоқ, жырсызбын,
    Өмірімді өзгертеді білемін,
    Бір-ақ ауыз тілегіңіз бір сіздің…
    Ойлар… ойлар… солар ғана серігім,
    Түсінбеймін сиқырлады мені кім?
    Өлең жазбай басылмас-ау жерігім,
    Бәрінен де, мына жалған әлемнің,
    Жиіркенішті жандарынан жерідім.
    Әр күн сайын сөніп жатыр үмітім,
    Әр күн сайын жоғалуда сенімім…
    Түсінбеймін сиқырлады мені кім?……

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: