Көздеріңнің бір ойланып, бір күлген
Өзекті өртер дерт боларын кім білген?!
Бір-ақ рет билеймін деп өзіңмен
Біраз уақыт есеңгіреп жүрдім мен.
Біраз уақыт өз-өзіме келе алмай,
Біраз уақыт ақылыма ере алмай,
Жынды болдым көз алдымнан біраз күн
Сенен басқа жан адамды көре алмай.
Арбап және әдеттенген жиі алдап
Саусағыма сарқылмаған сиямды ап
Біразырақ ақын да боп үлгердім
Біраз уақыт оны-мұны қиялдап.
Сүйемін деп, айтпасаң да сенем деп,
Тосын хабар алатындай сенен бек
Ханзададай асыл затын жоғалтқан
Біраз уақыт жүрдім әйтеу елеңдеп.
Біраз уақыт арқыратып, бірер күн…
Біраз уақыт өзің болып күлер түн?!
Біраз дейтін бірақ осы бір сөзде
Тұтас өмір тұрғандығын білер кім?
Авторы: Дәурен Берікқажыұлы
Салем. Керемет.
Сiзде отiнiшiм бар едi?
қандай өтініш?
Оте адеми олен
Унады. Шынайы сезімді жырлаган.
Даурен бауырым, салем! Өленін тамаша екен! Каламыннын канаты талмасын!
Рахмет!!!Алла разы болсын
ote ademi zhazilgan