Онлайндағы сезім


Кірпігіңе күн шомылып, сезім күлген арайлым,
Ғаламтордағы ғажайып суретіңе қараймын…
Қарай-қарай қабағымда бүршік атып аппақ мұң,
Ғашықтықпен ақыры маңдайыңа тоқтаппын.
Сонсо-о-он… ойбо-о-оой… армандау мен қайдағыны ойға алу…
Қиялдану… Қиялдау…
Мендік қиял – жазмышыңа айналу!
Солай… Еркем түсінші… Ойың – сұлу, пак – басың,
Сөз оғынан Жаныңды көз сұғынан сақтасын.
Монитордан мөлдіреп жүрегімді гүлдеттің,
Махаббаттың самалын сезінбеппін, білмеппін!
Бақыт деген осы ма?!
Мүмкін, сорым шығарсың?
Ойхой, мына мүсінмен…
Мың ақынды ғашық қып, миллион жанға ұнарсың!
Сенің әзіз алдыңда барлық еркек некелі,
Құмарлықтың демімен құмға сіңіп кетеді.
Жан әлемін билетіп, армандарға гүл қадап,
Сені сұлу жаратқан Жаратқанға мың мадақ!
Міне, осылай сөзімнен нұр саулаттым – жасыл нұр,
Ғашық еттің қайтейін… Бақыт гүлің ашылғыр!
Сені ойлау – сағыныш және тәтті қайғыру…
Жауап жазсаң поштама –
bauke82@mail.ru

Бауыржан ҚАРАҒЫЗҰЛЫ

13 пікір | Онлайндағы сезім

  1. satibaldi says:

    Кездесуді дабай,тездет!
    Поштам – sheshes@ok.kz

  2. satibaldi says:

    Келеді Сізбен танысқым,
    Поштам – aljuaz@mail.com

  3. satibaldi says:

    Ох, жүздескім Сізбен келеді.
    Аськам – 1271197…

  4. satibaldi says:

    Жүзін балаңның көріп қайт,
    По моему 361458758 – Skype…

  5. satibaldi says:

    Телефонмен сөйлесіп что толк?
    Бар емес пе G-Talk?…

  6. satibaldi says:

    По моему бәріміз бір рудан,
    Сообщество ашсақ қайтед Майл.Рудан?

  7. satibaldi says:

    Поштаң жоқ, болды махаббатымызға обал.
    Qalampir деген занят шығар, inbox.ru-дан аша сал…

  8. Gastarbaiter says:

    Муза тегін беріп жатыр екен ойбай,
    Екі штугін мен де алайын қоймай-қоймай,

    Жаңа Жылдық жыр арнасын Гастар сізге,
    Келмейсіз бе қонақтап Zhastar.biz- ге:))))

  9. Гүлмира says:

    Кутип журмин али де
    Калайша журегiме бойлаганын
    Булай болар деп еш ойламадым
    Сол куни коз алмастан караганда
    Журегiмди жугегiнмен жараладын
    Кундер отти барi озгердi барi де
    Сезесiн бе кутiп журмiн алi де
    Тусiнбедiм мен сенi тусiнбедiм
    Сагым болып кете бардын онын не?
    Сезбедин-ау еш укпадын сен жанымды
    Озiне арнаган журектегi жырымды
    Сезбедiн узак тундер сени ойлаумен
    Сыртыннан салем жолдап турганымды
    Бiлемен барiн де неге екенiн
    Сонда да тагдырга сурак койып келемiн
    Мен сенi еш умыткым келмейдi
    Айтшы жаным шегiне калай жетемiн
    Мен сени ойлай бердiм, ойлай бердiм
    Сол кездегi келбетiне карай бердiм
    Мен саган гашык болдым амалым не?
    Озiне бакыт тiлеп кала бердiм
    Кайтейiн бiлмеппiн бiле алмаппын
    Мен сенiн сезiмiндi сезе алмаппын
    Озiмдi озiм алдап озгемен
    Озiмдi суйген сени суйе алмаппын
    Сонымен сен де кеттiн мен де кеттiм
    Жараланган кос журектi тусiнер кiм
    Сезбесен де, бiлмесен де, сенбесен де
    жаным менiн суйгенiм сен демекпiн.
    АВТОРЫ: ГУЛМИРА ЖЕТЕНОВА КАСИМКЫЗЫ

  10. Данышпан says:

    Тамаша өлең екен… осыған ұқсас бир ақын қыздың “8 701…” деген өлеңін оқыған ем. керемет!

  11. zhuldyz says:

    О. Кандай акынжандысыздар! Талаптарынызга нур жаусын!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: