Қабат үйлер шырақтарын сөндіріп,
Түн жарымы болғанына сендіріп,
Қалғып-мүлгіп қала ұйқыға кетсе де
Есігімнен келетіндей сен кіріп
Есім кетті терезеге телміріп.
Бірақ сен жоқсың…
Ақ білегім мойныңа асылып
Жатсақ шіркін жалынына шарпылып
Күн жауардың алдындағы теңіздей
алабұртып, алқынып,
Бірақ сен жоқсың…
Жанарымды жарық айға тастадым
Жабырқайды жалғызсырап жас жаным
Құс жолында жүргендейсің сен мүлде
Әнін айтып менің емес, басқаның
Бірақ сен жоқсың…
авторы белгісіз
«Ақ білегім мойныңа асылып
Жатсақ шіркін жалынына шарпылып»
-деген сөздері керемет екен!
олендеринз кандай жаксы,журек тебрентеди
Сені ойлап, тыпыршумен қақталып,
Сол аязда бардым сенің маңыңа,
есік қағып, терезеңе тас атып
аттырдам ау тықырлатып таңдыда…
Бірақ сен ашпадың!
Шарпылысым шабыттанда тасылып,
шалбар симай, ілгек тұсы тартылып.
Кун жауып тұр, үсті басым малмандай
Қуат тасып, есігіңді тарсыттым…
Бірақ сен ашпадың!
«Журегіңнің кілті кімде, аяулым?»
«Суйем сені, жан нұрысың арайлым »
«Бағым, әнім, сәнім, үнім, жүрегім»
деп те алдадым,
Бірақ сен ашпадың!
авторы белгили
Белгілі автор демалыңыз
Өлең өте керемет шыққан екен! Адамды терең ойға салып, ерекше бір сезімге бөлейді екен!
Рахмет! Авторы Ахметова Жазира
Оте керемет олен
Сен жоксын оленнин авторы менмин. Жазира Ахметова. Баска нускасы кетипти. Олен шала. Толык нускасы баскалай. Кимге хабарласамын. 87471840884
Бұл өлеңнің авторы ақын Ахметова Жазира Әміржанқызы. «Авторлар қоғамында тіркелген.» Жазылмаған ертегі» жинағын қараңыздар.