Неге ғана…


Шаршаппын-ау жазмышқа көне-көне,
Қыс қырауын салыпты тереземе.
Ыстық деммен қырауды үрлеп тессем,
Сені ғана көремін.
Неге?
Неге?

Сезімдерден селдетіп нөсер өткен,
Қайран жастық!
Менен бір есе кеткен.
Амал келді.
Жүрегім тағы лүп-лүп
Содан бері өтсе де неше көктем.

Неге ғана өзіңе ғашық қылдың?
Неге алысқа шақырып асықтырдың?
Табанымнан сыз өтіп, бойым мұздап,
Әлі сенің жолыңды тосып тұрмын.

Сауалы көп өмір-ай, жауабы жоқ,
Жолы болмас жігітке дауа – бір оқ!
Елесіңді серік қып, қиял қуып,
Нағып жүрмін адамның ауаны боп?..

Шаршаппын-ау жазмышқа көне-көне.
Қыс қырауын салыпты тереземе.
Шашта – күміс,
Самай – бор,
Маңдай – әжім,
Әлі сені ойлаймын
Неге?
Неге?..

Авторы: Айсағали Қыдыр

5 пікір | Неге ғана…

  1. Islam says:

    Жақсы жазылыпты. Таза, мөлдір мұң… Дұрысы, ақындық
    ой, сезім жинақы берілген, ақындық тапқырлық бар.Ауыр
    өлең болғанымен, жүрекке жақын, жеңіл оқылады.

  2. Жұмыссыз жалқау says:

    Жауабы жоқ сұрақтарың, ой елекке сүзіліп,
    “неге, неге?” дейтін жалғыз, шексіз жүр ғой тізіліп…
    әжім келген шаққа дейін не сұрадың сен кімнен?
    қарттық келіп есік қақса, өкінесің күжініп…

    Өзің алдап өз өзіңді, өзің соған сенесің…
    сен іздеген бар ма өмірде, саған жағар сол кескін?
    Шексізді іздеп көп адаспа, көп ойланба, жұмбақ бас!
    Ойға тыйым сала алмайды, сала алмаған әлі ешкім.

  3. Гулшат says:

    Өте жаксы жазылган

  4. Gulzat says:

    Sharshappyn-au jazmyshka kone-kone.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: