* * *


Трамвай да келмей қойды қырсығып,
Келмегенмен тоқтап міне тұр сынып.
Көрмеген боп көріп тұрмын мен сізді,
Көрмеген боп бір кіресіз, бір шығып.

Суық болып кеткен неге күз тіптен,
Жылы сезім жоқ па, бәлкім, сіз күткен?
Бөтен болып кеткенбіз бе біз мүлде
Көрсем деген үміт қайда үздіккен?

Жапырақтар құлап жатыр сүйісіп,
Жер бетінде қалай жүрміз сыйысып?
Тұра қашып кететіндей үркеміз
Жанарымыз қалса кенет түйісіп.

Кетіп қалмай неге тұрмын байланып?
Кетіп қалмай неге жүрсіз айналып?
Жанұшыра іздетеді сізді ылғи
Жүрегіме жайғасқан мұң жайланып.

Көрсем дағы көзім сізге тоймайды,
Бір жүрек бар
Тек сіз жайлы ойлайды.
Білмейсіз ғой…
Мүмкін іштей білесіз
Жек көруге сізді неге болмайды?

Авторы: Танакоз Толкынкызы

4 пікір | * * *

  1. Толебек says:

    Салем Танакоз! Мени олендериниз татти мынга батырады. Создериниз дал журегимнин торинен орын алады. Билсениз етти!- сиздин олендериниз маган арналгандай коринеди. Мумкин баскаларга да солай асер етер? Калай болганда да, сизбен жакын араласкым келеди. Маган @mail поштаныздын адресин беринизши.
    Салем мен Толебек!

  2. АЗАМАТ КАЙРАТУЛЫ says:

    Танакөз апкемиздиН олендерине ангиме жок. Мен де осылай олен шыгара алсам гой..

  3. Ай-керім says:

    сәлем ТАНАКӨЗ!!!саган шыгармашылык табыс,ана-анана,озине,барша бауырларына денсаулык,еки дуние бакытын насип етсин.АЛЛАдан-аманат.ПАЙГАМБАРдан-шапагат тилеймин!сенин оленине риза болдым.сондыктан осы тилектеримди арнап отырган жайым бар.
    шын журектен:кызылорда облысы,казалы ауданы,айтеке би кентинен,Есбосын АЙ-КЕРИМ Темирбеккызы!!!

  4. Тұреке says:

    Сәлем Тоныкөк! Сіздің өлеңдеріңіздің бірсыпырасын білемін, Өте әсерлі, толғаныспен жазасыз көпшіліктің көңіліне медеу болардай. Қаламыңыз ұштала берсін, шабытыңыз шарықтай берсін. Құрметпен Тараздық оқырман!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: