Аяймын махаббатты жетім қалған


Өкінбеймін біреуді өпсең де өліп,
Өкінбеймін біреуге кетсең де еріп.
Жазмыштың маған жазған пендесіне
Мен-дағы кезігермін көп сенделіп.

Мұң ба екен,
Мұның бәрі уайым ба екен?!
Бүгінде ойым бөтен, жайым бөтен.
Қойнына қона алмаған қос аққуға
Қол бұлғап қала берер – қайың мекен…

Жабықпа,
жарылқасын бетіңді алдан.
Өткен күн өшкен, көшкен секілді арман…
Болар-ау бәрі де ұмыт,
Амалым не,
Аяймын махаббатты жетім қалған.

Авторы: Исраил Сапарбай

Advertisements

9 пікір | Аяймын махаббатты жетім қалған

  1. раушан айтады:

    Айййййййййй жүрегім-ай

  2. Ainash айтады:

    неткен махаббат!!!!!!!!!!!!!

  3. Акбилек айтады:

    Жетім қалган махаббатты емес, акынды аяймын. Акын жан тебирентер соз кестелерін шығарғанда канша киналды екен? Бірақ ақынның қаншама махаббат өлеңдері Мағжаннан асып түсті-ау.

  4. Галымжан айтады:

    кушти олен екен.махаббат деген осындай гой,,,,,,,,,,енди бул омир гой омир,,,,,,,,,

  5. Айжан айтады:

    не деген олен шумактары…

  6. Замира айтады:

    Махаббат – махаббат па жылатпаса?

  7. Бектилеу айтады:

    оте керемет олен. Бирак акын оленди озинин омиринен алды ма? алде жетим калган махаббатка ози куа болды ма екен.

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: