Кино… Кино… Киноклуб…


Алдында Қазақтандағы беделді кинокритиктердің бірі – Олег Борецкийдің клубына бардық. Соңғы уақыттары арт-хаус фильмдерді бағалағанмен, оны түсіне алмай-ақ келемін. Сол арт-хаус қарауды, оның мағынасына терең үңілуді үйрену үшін, және рецензия айту, жазуды біраз тәжірибе жинақтайын деп Салтанат, Рауан, үшеуміз бардық. Негізі Рауанның иницативасы еді, сол үшін үлкен рахмет оған.

Бір байқағаным, клубта көбіне орыс халқының адамдары өте көп болды. Негізі қазақтардың келуі өте сирек сияқты, ал олардың фильмге байланысты өз ойларын айту тіптен сирек шығар деп ойладым. Жас аралығы – 80 жастағылардан төмен. Тіпті кемпір-шалдар да Борецкийдің репертуарларын қарауға асығады екен. Бұрындары голливудтың арзанқол дүниелерін көруге кинотеартрларда тек жастарды көріп үйреніп қалғандықтан, көзге оғаш көрінді.

Сол жолы КСРО уақытында түсірілген «Осень» деген фильмді қарадық.

Фильм жас кездерінде бірге жүріп, кейін айрылысып, екеуі екі бөлек өмір бастап, 30-ға таман шақтарында қайта табысқан жұп жайлы. Екеуі сол қалалық өмірден қашып, бір ауылға келіп, 1 апта бойы бірге болады. Бір қарасаң, екеуі қайта табысқанына қарағанда араларында үлкен махаббат барға ұқсайды, ал былайынша екеуі төсектегі қатынастарынан басқа уақытта бір-бірімен не жайлы сөйлесетіндерін де білмейді, былайша айтқанда созылмалы қарым-қатынас. Жігіт отбасылы. Сол уақыттары екі кеменің басын ұстағандай күй кешеді, ал әйел болса, өзін біраз кінәлі сезініп, біресе «кет» деп, біресе «қал» деп осы бір аптада әбден мезі болады.

Фильм біткен соң, әдеттегідей талқылауға кірісті. Қарап отырсақ, қарапайым ғана фильм, ал жұрт оны әрқалай түсінген. Әркім өз ойларын айтып, бірі екеуі бір-бірін өліп-өшіп сүйеді десе, біреулері тіптен олар бір-бірін сүймейді, тек алдап жүр деген пікірге келді.

Айтылғандардың көбі менің пікіріме көбіне сәйкес келмегендіктен мен де өз ойымды білдіруге тырыстым. Бірінші рет, әрине. Сонда да, ойымды бүгіп кеткенше, айтып қалайын деп ойладым.

Көбіне, маған екінші планда ойнаған актерлер ұнады, солардың паралары өте күлкілі және қайталанбас цитаталарды айтты. Бір-екеу болса бірсәрі ғой, онда көптеген қанатты сөздерді бірінен кейін бірін айтқанда тіптен шатасып та кеттім.

Фильмнің арқасында әйелдер мен еркектердің өзіндік ерекшеліктері де біраз сөз болды.

Қорыта келгенде клубтың пайдасы өте зор екенін байқадым. Өнерді бағалауға, фильмдерді толыққанды түсінуге үлкен үлесін қосады.

Мұндай клубтарды өзіміз де жасай аламыз ғой негізі. Достарды кешке жинап, бір фильмді қарап, кейін талқыласақ, «мафия» ойнағаннан әлдеқайда көзқарасты жетілдірер еді. Бірақ әркім өзі біледі ғой, ең бастысы фильм қарау – өнермен тамсану екенін ұмытпайық.

8 пікір | Кино… Кино… Киноклуб…

  1. Құрымбай - охран бастығы says:

    Осы көрген киноңа рецензия жазудың пыриколы неде?

  2. Rauan says:

    Маған ең басты ұнағаны – клубтың атмосферасы. Шынымды айтсам, андай киноны үйде қарайтыныма күмәнім көп.

    Өзім де таңғалып қалдым, тіпті, театр әлде ЦОНға келген сияқты сезініп қалдым өзімді: анда жүргендердің көбі – кілең үлкен адамдар.

    Кезінде артхаус қарауды осылай бастап едік. Былтыр күзде балдармен жиналып, кино қарап.

    Кино жайлы айтатын болсақ, кел де кет дегені, Борецкийдің Артур Шопенгауэрдың сөзін келтіргені дәл келеді деп ойлаймын:

    «Когда люди вступают в тесное общение между собой, то их поведение напоминает дикобразов, пытающихся согреться в холодную зимнюю ночь. Им холодно, они прижимаются друг к другу, но чем сильнее они это делают, тем больнее они колют друг друга своими длинными иглами. Вынужденные из-за боли уколов разойтись, они вновь сближаются из-за холода, и так — все ночи напролет»

    Адамдар жақындасқанда, біреудің реніші, көңіл-күйі не мінез-құлқындаға өзгешелігі екіншісіне ауыр тиеді. Сүйтіп, өздерін өзі накручивать етеді.

    Кинодан кейінгі ойға келген бір гипотезамыз екеуі бұрын есте қалған образарын жақсы көретіні болатын.

    Екінші пландағы геройлар мен бастылардың ойлары мен көзқарастарының арасындағы қатты контраст – киноның украшениесі: бір ретте анау доярканың қарапайымдылығына таң қалып, кейді күліп жіберіп, келесісінде анау жүрген құтырған қаланың қызының мінезін бақылап, терең ойға түсесің.

    В общем, кино ойландырады. Ал жаман не жақсысын бірден айту бізге қиын шығар.

    • balgyrgan says:

      Үйде мен де қарамас едім… Рахмет Рауан… Бағын ашылсын🙂

      Бұл фильмді талқылаған кісілер – өмір көрген, азды -көпті тәжірибелі адамдар. Бірен-саран жастар бір ауыз сөз айтқаны болмаса… Үлкендердің айтары көп екен…

      Көбіне күйбең тіршілік жеп қояды да, содан қашып шыққан жандар сияқты басты кейіпкерлер😦 Екеуі де ұнамады😦

      20 ғасырдың 70 жылдары не, 21 ғасыр не айтарлықтай айырмашылық жоқ екен…

  3. arsenal777 says:

    “80 жастағылардан төмен” деген бір жағынан шынымен де таң қаларлық, бір жағынан қуантарлық жағдай🙂
    киноны қарап болғасын, оны кәсіби киносыншылармен талқылау қандай тамаша🙂

  4. Қосақ says:

    Бізде осы кино саласы болсын, басқа сала болсын, дұрыс талқылау жоқ. Кәсіби сыншылардың сынын да естімейміз қазақ кинолары жөнінде. Болыпты дегенде де, не біріңғай жамандау не біріңғай мақтау болып келеді, сосын келіп көрермен түсінбейді дейді. Осындай талқылау, сындар арқылы ойлы көрермен тәрбиеленетінін ұмытып кетеміз.

  5. […] Кино… Кино… Киноклуб… « Ақын… Періште… Махаббат… […]

  6. […] Кино… Кино… Киноклуб… « Ақын… Періште… Махаббат… […]

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: