Сен бақытты боласың…


Жанымда нұр,  көңілің алабұртып,
Сен де білем шаттанып жүрген жоқсың.
Жанарыңда жасыңды әрең іркіп,
Сәл жымиып, суретте күлген бопсың.
Қайтсем сені бақытты етеді екем –
Аққа Алла жақ деген бекер ме екен.
Бар байлығы дүниенің менің үшін –
Сенің мұңсыз күлкіңе жетер ме екен?!
Қайтсем сені бақытты етеді екем?!
Сен нәзік ең, аққудай, шағаладай,
Адастың тек қона алмай жағаға жай.
Өңкей жамананталап жан-жағыңнан
Аяламай қор қалды-ау, бағаламай.
Сен бір ғажап, сұлусың сұрақ мүсін,
Сұлулығы жаныңның қуат күшің.
Сен бақытты боласың
қара да тұр.
Себебі сен арлысың, саналысың,
адалдардың ішінде адалысың.
және де тұрақтасың.
Сен бақытты боласың,
сәл күте тұр…

Авторы: Г. Рүстемова


10 пікір | Сен бақытты боласың…

  1. arsenal777 says:

    рахмет, осы өлеңді баяғыдан іздеп жүргем, 1-2 курсттың хиті болатын🙂

  2. Aina meken says:

    Расында да, бір күнде бірдей өлеңді блогымызға енгізгеніміз қызық болды ғой🙂. Бәріміз де бақытты болайық, ИНШАЛЛАХ!!!

  3. mаkе says:

    кейде синхронды дыбыстала қалсақ,бір-бірімізге: “қашан қуанамыз?” деуші едік…

  4. ardasau says:

    Рахмет саған, менде бақыт тілермін…
    Алла жазса, Бақытты мен боларымды білемін,
    Күтермін мен күтсе егер құм сағат,
    Өзің айтшы, қартаю мен сұм ажалдың бір емін?

  5. Тоты says:

    Бізді де күткен бір бақыт бар сияқты… “Бақытты” іздеудің өзі бақыт…демей ме… сәл күтейік…

    Бірақ…кейде күткеннен де жалығып кететінім рас…

  6. Гулнара says:

    Салем!!! кандай керемет өлең жолдары

  7. 00234315a says:

    Жанымда нұр емес , Көзіңде мұң ! автор Гулжан!Гулнар емес! рахмет ))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: