“103”


Балдырғанның мына постына байланысты менде де өзімнің айтарым пайда болды. Өйткені күнде қоғамдық көлікте жүретіндіктен және қазақтардың ең көп шоғырланған жерінде тұратындықтан (көбі бірақ қарақалпақтар) автобуста шытырман оқиғалар, яки «базар ұрсыстар» өте-мөте көп болады. Содан бірнеше көрініс.

Сонымен, кешкі мезгіл, лық толы автобус.

Бір кезде шіңкілдеген дауыс артқы жақтан шығады:

– Әй, көргенсіз, ағаш тасып барасың ба, атаңа нәлеттің?! Өлтіресің ғой мындағыларды.

– Артына кіріп кете жаздадық, әрең үлгердік тоқтап.

– Енді қайтем? Өйстейді бұлар, бірдемеден құр қалғандай неменеге ұшып жүресіңдер?

– Ой, апай, қойыңызшы, таңғы 5-тен бері жүрміз. Сіз сияқтылар мың отырады.

– Таңғы 5-те тұрғыларың келмесе жат онда! Сені біреу зорлап шығарды ма жұмысқа? Жасасаң дұрыстап жаса жұмысыңды, атаңа нәлет! Бәріміз жұмыстан шаршап келе жатырмыз….

– ….

– …

Сол апай аялдамасында шығып кеткенше бақырады.

* * *

– Әй, кондуктор, сен неге орын бер деп айтпайсың мындағыларға?

– Мен неге айтуым керек?

– Неге айтпайсың? Бұл сенің міндетің! Тұрмын ғой мына жерде жарты сағат болды баламен.

(Артқы жақта біреулер уже тұрып, орын беріп жатыр)

– Артқы жаққа кірсеңізші, береді ғой.

– Жоқ, сен неге көріп тұрып, айтпайсың?

– Ой, апай, ол менің міндетім емес!

– Сенің міндетің, тек ақша жинағанды ғана білесіңдер сендер.

– Қойыңызшы, болды, басым ауырып кетті. Таң атпай жүрміз.

– Онда неменеге мында жүрсіңдер? Көріп тұрып, қарашы өзінің?

– Апай, шығып кетіңізші, а?

– Сен сонша кімсің мені автобустан қуатын? Сенің жеке сатып алған автобусың ба?

– Онда аузыңызды жабыңыз!

– Сен емес менің аузымды жабатын!

(Басқа жақтардан дауыс шыға бастады)

– Апай, отырдыңыз ғой, енді болды ғой.

– Жоқ, ол деген неге орын сұрап бермейді? Не үшін кондуктор?

– Кондуктор – ақша жинау үшін.

– Ақша жинағанды ғана біледі, атаңа нәлеттер.

– …

– …

(Тағы сол аялдамасына түскенше айқай)

* * *

– Ау, қыз, түспесең былай тұрсаңшы есіктен?

Қыз орнынан қозғалмайды.

– Неменеге бежірейіп тұрсың? Түспесең жылжы деймін.

– Жылжымаймын, түсемін қазір.

– Бағанадан бері тұрсың ғой мына жерде, әлі түскен жоқсың. Түсетін адамдардың алдын бөгеп.

– Өзім білем!

– Түрің қараш бедірейген! Неткен топас қыздар болады осындай.

– Аузыңа ие болып сөйле!

– Өзіңнен үлкен адамға не деп сөз қайтарып тұрсың? Осындай қыздардан қандай келін шығады? Тәрбиесіз…

– Кетшей бар.

(Осы кезде автобустағылардың бәрі кондуктор мен сол қызға қараған. Қыз беті бүлк етпестен автобустан шығып кетті).

* * *

– Жабыспай ары қарай тұрсаңшы?

– Мен жабысып тұрған жоқпын.

– Қалай жабысып тұрған жоқсың? Бір сантиметр алдыға қарай жылжып тұрсаңшы.

– Өзім әрең тұрмын. Жылжысаң, өзің жылжы.

– Ана жақ бос тұр ғой. Міне…

– Ой…

* * *

Мына көрініс қалада болған. Автобус жүргізушісі қазақ. Жолаушыларды бағдаршамның алдында түсіріп кетті. 2 орыс жолаушы бағдаршамның алдында түскілері келмей, аялдамада тоқтауды сұрады. Оған ызаланған жүргізуші, аялдамаға жеткенде тежегішті қатты басып, екеуін құлата жаздады.

Ызаланған орыс жолаушы боқтап, «Номер запишу и буду жаловаться» деп, түсіп кетті…

Міне осындай «көлікте жүру мәдениетіміз» бар біздің…

18 пікір | “103”

  1. Rauan says:

    Әлгі жәй “тоқта” мен “тоқта, *” есіме түсіп кетті ғо. :))

    Орын беру демекші, бұрын орыстар ғана қақшиып отырып алатын, кәзір біздікілер де бажырайтып қарап отырады екен, байқасам.

  2. balgyrgan says:

    қателеспесем, 103-те менің **-ім сияқты – кіп-кішкентай… Сендер жақтың бір қиылысы чего стоит…

    Эльвираның советі дұрыс шығар – ерте жұмысқа барып, кеш шығу… Часпиктегі “езгіні” көрмейсің, ең құрығанда…

  3. Ansar says:

    //Жолаушыларды бағдаршамның алдында түсіріп кетті. 2 орыс жолаушы бағдаршамның алдында түскілері келмей, аялдамада тоқтауды сұрады. Оған ызаланған жүргізуші, аялдамаға жеткенде тежегішті қатты басып, екеуін құлата жаздады.//
    Жүргізуші өзінің қатесін білмей, онымен қоймай иттік жасапты.😦 Өйй, отыншы десе.

    Қандай күндері автобустың іші бостау болады?

  4. Madlen says:

    birde avtobusta otyratyn oryn tapkanyma maz bolyp ketip bara jatsam, janyma bir egdeleu apai kelip turdy. Dereu oryn berein desem, ozi ruksat bermei koidy… “Sen jassyn, kunimen oku okyp, jumys jasap sharshagan bolarsyn, al men kunimen dem alyp jurgen kempirmin, 5 minut tursam, tuk bolmas”,- deidi🙂 Priyatno:)

    • Ansar says:

      Апайдың сөзінің жаны бар екен.

      Автобуств тұрып тұру ештеңе емес екен. Газельдерде мойынды бүгіп тұрудан қиыны жоқ. Аяқ емес, мойын аурады. Ол жерде де сығылыс.

  5. akzere says:

    Меніңше автобуста үлкендерге орын бергенде олар саған “Рахмет!” деп айту керек. Өйткені сен ол кісіні сыйлап орын беріп тұрсың. Ал кейбіреуі соны сенің міндетің деп ойлайды…

  6. Аршат says:

    Ақзере дұрыс айтады. орын бергенің үшін рахмет алуға праваң бар. орын бермесең де саған ешкім ештеңе демейді. міндет емес ол.

    • Ansar says:

      ия, келісемін. Міндетті емес. Тек отбасынан алған тәрбие және мектеп қабырғасында жүріп сіңірген қасиет пе, солай бірдеңе.
      Рахмет айтқаны екеуіне де жақсы. Айтпаса,😦

  7. satibaldi says:

    Қайда барсам да жер бетіндегі мәселелер… Ақырзаманды ойлап жатқан бір христиан жоқ…

  8. musicola says:

    Akzere, ozy sizdin adamdardn jay kezde aytatyn sozderin tura tauyp koldanatynynyz unayt…mysali, sulpireip, bedireigen degen siyaktylar ))))

  9. Ansar says:

    Кейде немістердің қарияларына орын берсең, ол да, өзің де бір түрлі болып қаласың аң-таң болып. Оларда ондай түсінік таяздау. Көбінде, мүгедек адамдарға орын береді.

    Орын бермеудің жақсы бір сыры бар. Ол — өтірік ұйықтап қалу🙂 Оятып жібермесе, әрине.

    • musicola says:

      немістер өздерін кәрі сезінгісі келмегендіктен солай деп естіген едім…))) біздің үлкен кісілер де солай ойласа ғой )))

  10. […] “Қазақфильм ұсынады… адресінде“103″ … Жымиып отырыңыз 2 адресінде […]

  11. Ainura says:

    Казир автобуспен журмейтиниме куанамын, кезинде абден автобустын есигин тоздырдык кой бир кисидей, 103 пен журген кез болды, 99, 115, 45, осы автобустардын кайда баратынын билетин шыгарсыздар,омири бос журмейди гой. Бир кызык окига есиме тусип отыр, Массагетте туратынбыз, ауылдан 4 жасар иним келген, 103 – тен бир дау айелдин еки аягынын ортасынан енбектеп отип кеткени бар, шыгып алып, ана дау айелдин артында к…нин искеп турдым деп маган “жалоб” жасаганы есиме тусип кулип отырганым

  12. Konil Ashar says:

    мдаа
    осы бізде жын қаққандай жұред шынымен сосын еще есік алдында дайын тұруың керек ана жын қаққандай жылдамдықта..

  13. Дина says:

    Қаладан тыс жерлерге қатынайтын автобустың бәрі сол,бір адам сөйлесе, бәрі бір-біріне тиісіп кетеді. Кондуктор адамдарды кішкене тәртіпке салып тұруы керек сияқты. Бірақ ондайда бәрі қосылып кондукторға жабылады.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: