Жәй… Эстафета…


Өмір туралы

Бірде ыстық, бірде суық. Бірде шаттықтан басың айналып жатса, бірде қайғыдан жаныңды қоярға жер таппайсың. Қайсысы қай уақытта келері белгісіз, сонымен өмір қызықты да шығар? Алайда белгілісі – «Бәрі өткінші».

Уақыт туралы

Зымырап өтіп жатыр. Уақытым бос өтпесінші деп бірдемелерді шама-шарқыма сай жасағандай боламын. Бірақ сонда да, қазақтың «Ас – ішерде…» мақалы маған қатысты ма деген де ойлар келеді.

Отбасы туралы

Өмірдің мәні, мағынасы. Отбасы бақытына, өмірде басқа ешқандай қызық тең келмейді деп ойлаймын.

Ақша туралы

«Ақша – қолдың кірі», – дегенмен, «Ақша бостандық береді».

Достар туралы

Қалайда мақсаттары бір және өмірге көзқарастары ұқсас адамдар ұзақ уақытқа дос болып қалады екен. Ниеттестерім көп те емес, аз да емес. Қанағаттанамын… ))

Арман туралы

«Шегі жоқ шығар, түбі жоқ шығар арманның?»🙂 (Қ.О.)

Жұмыс пен хобби туралы

Жұмысыма қанағаттанбай кеткен кезде, осыған да жете алмай жүрген адамдарды еске алып, тәубеме келемін. Хобби – блог жазу. Басқаға идея мен әрекеттер болып тұрады, бірақ жалқаулыққа тап болғанда фиаскоға ұшырап жатады )))

Ұстаным (принциптер) туралы

Баршылық… Бірақ зиянын тек өзім ғана көремін ))

Ақылға сыймайтын әрекеттер (О безумствах)

Кейде жігіттің рөлінде өзім болғым келіп кетеді. Бәлкім кейбірі «Сен өте нәзіксің» дегенге қарсылық шаралар ма екен, «Жоқ, мен сен ойлағандай қайратсыз емеспін» дегім келетіндей )))

Болашақ туралы

«Інім оқып келсе» – деймін. Жалпы ата-анамның отбасында тыныштық болып, бәріміз өз үлкен шаңырақтарымызды құрып, тату-тәтті өмір сүрсек…

Эстафетаны Русланннн-ан алып, Әлияға тапсырамын. Соңғы кездері өзің жайлы көп оқымай кеттік. ))

22 пікір | Жәй… Эстафета…

  1. Madlen says:

    Zere, songy jazbalaryn tym romanti4nye bolyp jur:) bir narse bildiredi ma bul? ili men katelestimbe?

  2. Madlen says:

    “Отбасы бақытына, өмірде басқа ешқандай қызық тең келмейді деп ойлаймын”

    Mumkin erten turmyska shygyp 5 balanyn anasy bolgan kezde osy sozderdi kaitalap otyryp, otken jastyk shaktyn kyzygyn da ansarsyn…:)

    • akzere says:

      Мадлен, жазбаларым бұрыннан осындай еді ғой… ))
      Әзірге ойларым осындай қалыпта, болашақта да аса өзгеріске ұшырамайды деп ойлаймын…🙂

  3. Bayan says:

    Ақша туралы айтқаның көңілге қонымды🙂

  4. arsenal777 says:

    алғаш рет осындай эстафета қабылдағалы болып отырмын. рахмет🙂

  5. musicola says:

    уақыт шынында жетпит бар ғой…)) 24 сағат маған аз ))) көп нәрсе бітіргім келеді, бірақ уақыт жетпи, бірдеңенің түбіне жете алмай қиналған кейбір кездерде, барлығын да уақытқа беріп, компромисс жасай салам шы…))) жай, қиналмай, өзімді қинамай өмір сүргім келгеннен болар.. ))

    ақша..ақша…ақша…бір қыздың байимын, түбінде байимын деп алға қойған мақсаты мені шынында таң қалдырды. ондайды мен көп адамнан ести бермит кенмн, тіпті қазақтардың арасынан естімедім десем де болады. сол мақсатына жету жолында ол күресіп бағуда. ол таза жолмен байығысы келеді. өз еңбегімен, өз білімі, тәжірибесі… ол үшін құндылық басқа туыстары мес, тек қана мамасы…оған деген біраз реніші болса да…нәтижесін көргім келет…

    • naqirus says:

      …қойнақ, сен жетпейтін боларсың?! Уақыт жетед, сен бітіп кетесің, просты.
      Ақша да жетед, соны молынан алатын мүмкіндігіміз жетпей те, даЧы…

  6. Rauan says:

    Соңғы кездері тым глубоко ойланып кеткенсің ғой?🙂
    Но зато күшті, тағы байқағаным, блогың тусовка болып кетті, жарайсың.🙂

  7. Қыздар жігіттің рөлінде болғысы келер-ау, тек жігіт қыздыкінде болғысы келмес… Қиын ғой қазақтың қызыныкі… Сен арқалаған жүк ауы-ы-ыр, қазақтың қызы…🙂

    • akzere says:

      Әділетсіздік… Осыны жігіттеріміз түсінсе жақсы болар еді…

      • Өмір заңын талғауға, таңдауға, талдауға келмес. Әділетті, әділетсіз болуы ақылға сиымсыз. Ол заң себебі…🙄 Жігіттер заңды бұзуға болмайтынын жақсы біледі. Қыздар да. Жаман біліп қоятынын қайтерсің, білгішсымақтардың…🙂

        • akzere says:

          Онда неге әділетті болуға шақырады? Өмірдің өзі әділетсіз болса… Очм, мұның бәрін талқылай берсек шеңбердің ішінен шықпай қала береміз.
          Сат мырза айтпақшы, түбінде өлеміз бәрібір… бірақ достойно өлу керек, мұнымен сізбен келісемін.

  8. “Өмірдің өзі әділетсіз” деу қорқау мен сонлай сияқтыларлың еншісі. Сен лириксің. Лириктер де кейде қоршаулы ой шеңберінен шыға алмай жатуы шығармашылықтағы қалыпты, түсінікті феномен. Бірақ сенде күш көп. Қайрат пен жігер. Әділеттікі басымырақ ету үшін осы қасиеттерің көп қадеге жарап қалуы керек деп топшылағандаймын…

  9. Бөкен says:

    Достар туралы

    Қалайда мақсаттары бір және өмірге көзқарастары ұқсас адамдар ұзақ уақытқа дос болып қалады екен. Ниеттестерім көп те емес, аз да емес.

  10. Тоты says:

    Отбасы мен достар жайлы жақсы айтылған

  11. Ақерке says:

    Жарайсыз Ақзере!! Мен сіздің блогыңызды оқудан шаршамаймын. Жазылган эстафета яғни ой пікіріңіз өте тереңде. Біз уақыт жетпейді жетпейді дейміз. Бірақ менінше кайта сол уақытты өзіміз дұрыс тиімді былайынша айтканда “экономно” пайдалана алмаймыз ба деген ой келеді. Сірә өмір сонысымен де қызық шығар. әр нарсе өз уақытымен өз орнымен дегендей. Себебі үлкен тәтті тортты да бірден ауызға салып жеп кою мүмкин емес кой.

  12. Акма says:

    Nedegen keremet desenwii!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: