Жаңа қоныс…

Қыркүйек 25, 2009

Құрметті менің оқырмандарым! (өзімше журнал жазып жүргендей сөйлейінші) 🙂 Блогтың жұмыста ашылмау салдарынан туындаған проблемама байланысты Аршат маған жаңа блог жасап берді. 🙂
Сіздерді жаңа қонысымда, яғни http://akzere.dosym.kz/ адресінде жаюлы дастарханыммен күтемін. Дәмді бәліштермен ыстық шай демдеп, қызықты әңгімелермен қамтамасыз етуге уәде беремін… 🙂


Кино… Кино… Киноклуб…

Қыркүйек 19, 2009

Алдында Қазақтандағы беделді кинокритиктердің бірі – Олег Борецкийдің клубына бардық. Соңғы уақыттары арт-хаус фильмдерді бағалағанмен, оны түсіне алмай-ақ келемін. Сол арт-хаус қарауды, оның мағынасына терең үңілуді үйрену үшін, және рецензия айту, жазуды біраз тәжірибе жинақтайын деп Салтанат, Рауан, үшеуміз бардық. Негізі Рауанның иницативасы еді, сол үшін үлкен рахмет оған.

Бір байқағаным, клубта көбіне орыс халқының адамдары өте көп болды. Негізі қазақтардың келуі өте сирек сияқты, ал олардың фильмге байланысты өз ойларын айту тіптен сирек шығар деп ойладым. Жас аралығы – 80 жастағылардан төмен. Тіпті кемпір-шалдар да Борецкийдің репертуарларын қарауға асығады екен. Бұрындары голливудтың арзанқол дүниелерін көруге кинотеартрларда тек жастарды көріп үйреніп қалғандықтан, көзге оғаш көрінді.

Read the rest of this entry »


Ох, Бейонс, Бейонс…

Қыркүйек 16, 2009

2 қараша күні Мәскеуге Бейонс Ноулз келеді екен. «Олимпийский»-де концерт қоймақ. «Halo» әнін онымен бірге орындап тұрғаннан ләззат тамаша болатын шығар, ия?
Сіздер кімнің концертіне баруды армандайсыздар?


Сұрақ…

Қыркүйек 15, 2009

Қыздардың жиі қоятын сұрақтары:
– Замуж не собираешься?
– Нет… Пока не собираюсь…
– Ну парень хоть есть?
– Оххххх…..

Жігіттердің жиі қоятын сұрақтары:
– Жігітің бар ма?
– Жоқ.
– Қалай осындай әдемі қызда жігіт жоқ, бар шығар біреу…
– Охххх……


Қиын жағдай…

Қыркүйек 14, 2009

Блогты тек жұмыста жаза алады екенмін. Ал жұмыста wordpress жүйесіне бан қойылыпты. Сондықтан қандай хостингке уордпресстегі жазбаларымды көшіре аламын? Немесе хостинг алу мәселесі қалай болады екен? Осы жайында кеңес бере аласыздар ма?


Сен бақытты боласың…

Қыркүйек 10, 2009

Жанымда нұр,  көңілің алабұртып,
Сен де білем шаттанып жүрген жоқсың.
Жанарыңда жасыңды әрең іркіп,
Сәл жымиып, суретте күлген бопсың.
Қайтсем сені бақытты етеді екем –
Аққа Алла жақ деген бекер ме екен.
Бар байлығы дүниенің менің үшін –
Сенің мұңсыз күлкіңе жетер ме екен?!
Қайтсем сені бақытты етеді екем?!
Сен нәзік ең, аққудай, шағаладай,
Адастың тек қона алмай жағаға жай.
Өңкей жамананталап жан-жағыңнан
Аяламай қор қалды-ау, бағаламай.
Сен бір ғажап, сұлусың сұрақ мүсін,
Сұлулығы жаныңның қуат күшің.
Сен бақытты боласың
қара да тұр.
Себебі сен арлысың, саналысың,
адалдардың ішінде адалысың.
және де тұрақтасың.
Сен бақытты боласың,
сәл күте тұр…

Авторы: Г. Рүстемова



«103»

Қыркүйек 8, 2009

Балдырғанның мына постына байланысты менде де өзімнің айтарым пайда болды. Өйткені күнде қоғамдық көлікте жүретіндіктен және қазақтардың ең көп шоғырланған жерінде тұратындықтан (көбі бірақ қарақалпақтар) автобуста шытырман оқиғалар, яки «базар ұрсыстар» өте-мөте көп болады. Содан бірнеше көрініс.

Сонымен, кешкі мезгіл, лық толы автобус.

Бір кезде шіңкілдеген дауыс артқы жақтан шығады:

– Әй, көргенсіз, ағаш тасып барасың ба, атаңа нәлеттің?! Өлтіресің ғой мындағыларды.

– Артына кіріп кете жаздадық, әрең үлгердік тоқтап.

– Енді қайтем? Өйстейді бұлар, бірдемеден құр қалғандай неменеге ұшып жүресіңдер?

– Ой, апай, қойыңызшы, таңғы 5-тен бері жүрміз. Сіз сияқтылар мың отырады.

– Таңғы 5-те тұрғыларың келмесе жат онда! Сені біреу зорлап шығарды ма жұмысқа? Жасасаң дұрыстап жаса жұмысыңды, атаңа нәлет! Бәріміз жұмыстан шаршап келе жатырмыз….

– ….

– …

Сол апай аялдамасында шығып кеткенше бақырады.

Read the rest of this entry »


Түрікше махаббат…

Қыркүйек 4, 2009

Бір құрбым мынадай спам-жазба жіберіпті. Қазіргі уақытта «Мың бір түн» түрік телехикаясының науқанынан шықса керек. Дегенмен автор әрбірінің мінез-құлқын жақсы суреттепті… 🙂

Онурдың махаббатын, Шехрезаттың шапағатын, Канның еркелiгiн, Мехрибанның сабырлыгын, Банудың сұлулығын, Керемнiң кемесiн, Бурхан мырзаның үйiн, Надиде ханымның миын берсiн. Осыны 7 адамга жiбер, махаббатың Онур мен Шехрезаттiкiндей болсын, жiбермесең Фусун мен Али Кемальдiкiндей болады.

🙂



Іш пыстырған өлеңдер…

Қыркүйек 4, 2009

Қазақ өлеңдерінде ең көп кездесетін сөзер хит-парады:

1. Жаным

2. Аяулым

3. Ғашығым

4. Кеш немесе кешір

5. Жүрегім

6. Алтыным

7. Қарағым

8. Сүйдім, сүйген едім, сүйемін, кейбір кезде ғашық болдым, ұнаттым

9. Айым («күнім» емес)

10. Сезім.

😦


Жәй… Эстафета…

Қыркүйек 1, 2009

Өмір туралы

Бірде ыстық, бірде суық. Бірде шаттықтан басың айналып жатса, бірде қайғыдан жаныңды қоярға жер таппайсың. Қайсысы қай уақытта келері белгісіз, сонымен өмір қызықты да шығар? Алайда белгілісі – «Бәрі өткінші».

Уақыт туралы

Зымырап өтіп жатыр. Уақытым бос өтпесінші деп бірдемелерді шама-шарқыма сай жасағандай боламын. Бірақ сонда да, қазақтың «Ас – ішерде…» мақалы маған қатысты ма деген де ойлар келеді.

Read the rest of this entry »