…Ғалам қаншалықты үлкен?


Олар бір-бірін мектеп кезінен танитын. Тіпті бір-бірінің алғашқы махаббаттары. Олар бірлесіп жүріп мектеп бітірді, кейін университетте де жұптары жазылмады. Елдің бәрі ендігі тойларын күтіп жүргенде, екеуі екі бөлек кететіндерін айтты.

Құрбым интернетте бұрынғы бастауыш сыныптарда бірге оқыған досын тауып алыпты. Кәдімгідей жігіт болып қалғанын айтады. Ғашық болып қалғаннан саумысың дегенше, оған тұрмысқа шығып та үлгерді.

Ауылдағы бір әпкемді жездем алып қашып кеткен. Жақсы танымаса да, тәуекел деген болар. Тәуекелі оңынан бұйырса керек, әлі күнге дейін, тілім тасқа – бақытты.

Құрбым да осы алып қашудың құрбаны болған еді. Дәл, құрбаны. Өйткені отасқанына жарты жыл болмай, ажырасып тыңды.

Жақында достарым үйленді. Олар да сонаааууу мектептен бірге, кейін универ, тіпті бірге жұмыс та істеді. Қарап тұрып, қызығатынмын. Адамдар ең алғашқы махаббаттарына үйленгендері қандай жақсы деп. Бірақ, орыстар айтпақшы, «Везде хорошо, где нас нет» дегеніне сүйенсек, бұның да бір кері әсері бар ма екен?

Бұрын адамдардың денесінде, бір-біріне қандай сезім бар екенін, және сол қарым-қатынас немен бітетінін анықтап беретін құрал болса деп ойлайтынмын. Біреуді кездестіресін, аяғы немен бітетін білесің, теріс айналып жүре бересің, басың да ауырмайды, жүрегің де… ))

Бірақ онда өмір қызық емес болып қалатын шығар, ия?

«Игры разума» фильмінде мынадай бір диалог бар:

– Филиция, біздің қарым-қатынасымыз қаншалықты ұзаққа барады? Маған қандайда бір дәлел, не анық деректер керек…

– … Кешір, бірақ саған мынаны айтайын. Әрине, әрбір қыз романтикалық қарым-қатынасты қалайды. Бірақ дәлел немесе анық деректер керек дейсің бе… Жарайды… Мынаны айтшы, мына ғалам қаншалықты үлкен?

– Ол шексіз.

– Оны қайдан білесің?

– Барлық деректер соны айтады.

– Бірақ бұл әлі дәлелденбеген ғой?

– Жоқ

– Және өзің де көрген емессің?

– Жоқ.

– Онда неге оған сенімдісің?

– Мен анық сенімді емеспін, жәй сенемін…

– Махаббатта да сондай.

Бұл диалогты былай жалғастырар едім, әркім үлкен бақытқа кенелгісі келеді. Бірақ ешкім де дәл сол адам, оның не бағы, не соры екенін білмейді. Оларды алда не күтіп тұр, бірге қартаю немесе жарты жыл ғана бірлесіп өмір сүру ме… Алайда, «қасқырдан қорқып, орманға бармау» немесе тәуекел етіп бару – әркімнің өз қолында.

3df02bb5b9b89c41bf5e8f938c8653d8_full

18 пікір | …Ғалам қаншалықты үлкен?

  1. Ansar says:

    Алғашқы жұптың ажырағаны қиын болған екен😦

    Егер алда не болатындығын біліп қойсақ, шынында да қызық болмас еді. Мүмкін, өмір осындай ғайыптарға толы болуымен де өмір болар.

    Ғайып болғаны ештеме емес-ау, егер соңы бақытқа әкеліп жатса.

  2. Gastarbaiter says:

    Екеуміздің көңіл күйіміз ұқсас екен. Күннің белсенділігінен бе екен. Кезекті блогпостымда ағымнан ажрылып, саған келсем, сенде де өзіңді қайрау, өз позицияңнан плюстар табуға тырысу…Әркімнің де бақыттан бар дәмесі.

  3. Gastarbaiter says:

    Диалогта мықты айтқан екен.

  4. Бөкен says:

    менің ойыма ештеңе келер емес

  5. naqirus says:

    “…адамдардың денесінде, бір-біріне қандай сезім бар екенін, және сол қарым-қатынас немен бітетінін анықтап беретін құрал болса”

    …бар ғой, бар!

  6. Анаржан, әрқайсымызға нәсіп еткен титімдей ғана жүрекшігімізге қанша сызат түссе де, кейде оған пысқырмай, атойлап тек алға басу арқылы жазы жататынымыз бар емес пе. Құдды сол сияқты кейде дәрменсіздік танытып, қалжырап қалар сәттер болады екен. Жүректің ойындары неткен қатыгез еді деп. Кейде өмірдегі сыздауықтарға назар аудармайын десең де еліктіріп әкетеді. Ірің шығып, жара біржола бетін қайтарғанша сол бір ыңылдаулардың ықылассыз куәгері әрі қатынасушы да болуға тура келетін сәттер туындауын туындап жататын сияқты. Менің тілейтінім, өрімдей ғана жас жүректер еш қиянат көрмесе екен. Айту мен тілей салу оңай болар, әрине… Дегенмен…

  7. satibaldi says:

    Бұл жерде, махаббатымыз тіпті ең жақсы сценариймен дамығанның өзінде, түбінде өлетінімізді атап өтпесек болмайды.

  8. akzere says:

    Жалпы, әр нәрсеге объективті қарап үйрену керек сияқты. Жазбамның ең бастапқы мақсаты сол болатын.

    • Gastarbaiter says:

      Аллам-ай, сезім мен қарым қатынас априори субьективті дүние емес пе? Оған қалай обьективті баға беруге болары басыма сияр емес.

      • Ақзере says:

        Жалпы, өмірде болатын оқиғаларға. Яғни, өмірде бәрі кездейсоқтық па деген тұжырымға келіп жүрмін. Көп нәрсе өзімізге байланысты.

  9. Aikona says:

    Кейде ұнатқан адамыңның ішінде сен жайлы не ойлайтынын білгің келетін кездерде жиі болады емес па? Бірақ ол ойлардан да қорқатын күн туса қандай жаман. Сондықтан өмірдің өз ағынымен аққанын қалайсың.
    Алып қашу бірде бақыт, бірде сор болып бітеді емес па адамға.

  10. Ардак says:

    акыры олем деп бугин олме!

  11. aelaman says:

    тіпті жанды жерге тиіп,көңілді айран топыр ететін,жүректі қоймай қозғап өтетін етіп жазасыз.нағыз махаббаты армандаумен жүргендер қаншама,айрылып мұңданып жүргендер ше?жазғаныңыз бәріне де әсер етеді.

  12. Тоты says:

    Өмір осынысымен де қызық…әйтпесе..ол өмір бола ма…? Біз саналы тіршілік иелеріміз ғой…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: