Сол баяғы тірлік…


Жұмыстан қайтар-барар жолымда сотка сататын жігіттердің жанынан өту «бақыты» бұйырған екен. Қаламызда ұрланған соткалардың барлығы осы жерде айналымға түседі. Күн өткен сайын, бұлардың саны да арта түсетін сияқты. Соқталдай жігіттер арзанқол пайдаға құмар. Тіптен ұялмай, сотка сатамыз, аламыз деп бежірейе қарап тұрады. Осылардың бәрі оқып, үлкен жұмыскер болуларына әбден болады ғой. Ал сосын келіп, «Орыстар бізді үйретеді, олар біздің басымызға шығып алды, билікте өңкей шалақазақтар» – дейді. Әрине, қара қазақтар, осылай салпақтап жүргенде басқалары құр қол отырмасы анық.

Бостан бос көңілімді түсіре бермей, басқа жақтан айналып өткім келеді. Бірақ, мұнда күн түсіп тұрады. Таңертең үйлердің арасы салқын, сондықтан батыл қадамдармен, алға қарап, жүре берем, осыларға да басымды ауыртып…

* * *
Қауынға қарағанда қарбыздың пайдасы көп сияқты. Кішкентайымыздан бізге, қарбызды көп жесең, ішкі ағзаларың біраз тазарады дегенді үйреткен. Осы жазда әлі қарбыздың ең дәмдісін жемедім. Қазір осы ешқандай агрегатсыз, таза пісетін қарбыздар бар ма екен? Тамсанып бір қарбыз жегім кеп жүр. Бірақ сонда да қауынды жақсы көремін. Жеміс болған соң мұнда да пайдалы дәрумендер бар болу керек.
Шын айтсам, қауын-қарбыз пісе салысымен, оларды тойып бір жеп алғым келіп тұрады. Бәлкім, тағы бір жыл жемейтінімді сезетіндіктен. Қызық, осындай құмарлық тек менде ғана ма екен?

* * *
«Секрет» фильмімен, американдықтар тартылыс күшін енді анықтап жатыр. Қазақтар бұған тәңіршілдікпен баяғыда-ақ көздері жеткен сияқты.

* * *
Бүгін оразаның бірінші күні. Анам жыл сайын ораза ұстайды. Ауыз ашар кешкі сағат 20.00-де екенін білгенде, көзім бақырайып кетті. Бір жағынан кешке дейін қалай жүрер екен деп жаным ашыды. Ал әкем, әркез «Ораза ұстайсың ба?» – дегенге, «Біз өмір бойы оразадамыз» – деген жауап айтады. Бұл жауабының да бір философиялық мәні бар болса керек…

Мешітке барып, құран бағыштап, садақа беру керек еді. Қайыр сұраушылар да, қайыршылықты бизнеске айналдырып жібергені жайлы деректі фильмді көргеннен кейін, садақаны тек мешітте немесе қарт адамдарға ғана беру керек пе деп ойланып қалдым.

Оразаларыңыз қабыл болсын!

24 пікір | Сол баяғы тірлік…

  1. naqirus says:

    …мына панорамаң күЧт екен?! Шыным:)
    Бір түрлі, шаблондарды айыра-жырту бар сияқты. Ойларың ұнады…
    …аула сыпырып, адал ақша табуды ар санап, адамды алдап амал ететін қазаққа, қарбыздың да “қасқасы қайнағаны” келсе/қалса керек.Олай болса, “өмір бойы” ораза ұстауды да “тұрмыстық пәлсападан” таратуға болатын сияқты.
    Иә, бұ қазақтың Тәңірінің қанша келбетіне көзі жетсе де, одан қорықпайтынын байқайсың… деп “езіп” кетсем.

  2. balzaminka says:

    Адам тузелмей когам тузелмес, когам тузелмей адам тузелмес деген, окинишке орай шоковая терапия керек болып турган секилди биздерге, айтпесе осы калпымызбен кете беремиз, кулдыраган устине кулдырап :((
    Жоооок, биз секилди жастары бар елдин болашагы жаркын болмак, ауру когамды емдеймиз, – деп атойлаган жастарымыз да бар екени осы кезде еске тусип, конилде умит саулеси ушкынданып лаулай туспек

    Карбыз демекши, биз улкеееен кара карбыз егетинбиз, дами бал уйирер, мектептен шыкканда кыздар болып 1 карбызда ортага алып ой 1 тойып жейтинбиз, эхх, сол карбызга ансарым ауып жур. Ал, кауынга келер болсак, кара кауын кауындардын патшасы гой, окинишке орай Астанада кауыннын бул сорты сатылмайды, ауылдан алдыртып жеуге тура келеди.

    Ораза баршанызга кабыл болсын!!!

  3. urimtal says:

    Анаңа ауызашар жасап, сауапқа кенеледі екенсің ғой!🙂 Оразаларың қабыл болсын!

  4. Баян says:

    Баршаңызға мүбәрак болсын қасиетті ай!
    Мамаңа жаның ашығаныңды түсінем, бірақ, хадисте айтылған дейді: “Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарды. Ораза — Мені мен құлым арасындағы ғибадат. Мен ғана өлшеп, Мен беремін” делінген.
    Ауыз бектікен анаңның ниеті қабыл болсын, Ақзере!

  5. akzere says:

    Рахмет!🙂

  6. Omarbek says:

    сол телефон сататындарға менің де жыным келеді, бірақ олардікі де тірлік қой.
    мен қарбызды жақсы көрем, қауынға қарағанда.

  7. Gastarbaiter says:

    «Секрет» фильмімен, американдықтар тартылыс күшін енді анықтап жатыр. Қазақтар бұған тәңіршілдікпен баяғыда-ақ көздері жеткен сияқты.”

    Ия, келісем. Тәңіршілдігіңді қайдам сол әншейін қыртыңбай теория сияқты меніңше, бірақ қазақтың әлгі “секрет” -баяғыда ашып қойғанына:
    Жақсы сөз жарым ырыс, көп деген құтайды, жоқ деген жұтайды…деген мақалдарымыз дәлел.
    Тек неге екені белгісіз, біздің қазақтар оған бірден сене қоймайды да, әлгі “секрет” сияқты көрнекі фильм көрген соң барып, е-е-е қазекем бекер айтпаған екен десіп қалады.
    Айналып келгенде сол қазекемнен көрі АҚШ-тың көрнекі материалдары нәтижелірек болып тұрса қайтерсің..

  8. Madlen says:

    Salem, Zere!
    oraza ustap, niet etken anannyn barlyk tilekteri kabyl bolyp, Allam ogan shydamdylyk bere gorsin:) al sen karap jurmei, sauabyn jinap jur:)jalpy, oraza ustamasam da, osy kezde ozimdi baskasha sezinip jurem. kim bilsin, mumkin bul samovnushenie shygar:)))

    men de kauindy kobirek jaksy korem…:)

    meshittegi kairshylarga sadaka bergendi unatpaim. solardyki nastoyashii biznes siyakty. Allanyn uin koldanyp jurgendei korinedi. ozderi jalmandap, tipti de sadakany kerek etetin adamdar siyakty emes. odan da nikol’skii bazardyn aldynda jurgen beishara kempirlerge tiyin tastap ketem. bilmeimin, mumkin bireuler kelispeitin shygar munymen. hotya, magan bireu aitkan edi, sadakany bergende, onyn kaida, ne ushin ketetinin oilamau kerek dep.

  9. satibaldi says:

    Просто приятный әңгіме. Пафоссыз. Рахмет. Білім базыма қосып алдым.

  10. sexen says:

    Сенің көтерген проблемаларыңа қарап отырып, эйййй жұмақта тірлік қылып жатыр екенсің ғой деп ойлап отырмын.

    Балдардың мектеп киімі мен құралдары, жұмысқа орналасу, өзге елдің азаматтығын алу, Аңсардың лаңы, – бұлар менің қазіргі тірлігім ғой

  11. 123 says:

    “Секрет” демекші, қазір сондай деректі фильмдер көбейіп кетті ғой. Соны көріп алған кейбір шала қазақтардың аяқ астынан “сауатты”, “білімді” болып кетіп, өзіңе ақыл айтатындарына жыным келеді.

    • Gastarbaiter says:

      Ияяяя, конвеерлік заманда, инкубатордан шыққан ғұламасымақтар да ешкімді таңқалдырмайды… Бірақ көбіне сіз айтқан сезім жәй ғана көре алмаушылықтың әсері, … Қап, мен “секретті” көріп сұмдық ғұлама боп кеттім деп жүрсем, мыналардың барлығы көріп қойыпты ғой”..деген сияқты бір жерің ашып кеткен сезімде боласың ия???

  12. Aseke says:

    Айлардың хайырлысы Рамазан айы баршаңызға мүбарак болсын!
    Салем Zere!
    Анаңыздың оразасы мне тілектері кабыл болсын!

    Блогың оқыған адамды алғашқы секундтардан ак баурап алады екен. Бәрін талғаммен жазуға тырысады екенсің, жарайсың! Мына ой жинағыңның өзінен бойыңа біркелкілік жат екені анық көрініп тур. Өзіңмен танысқым кеп турғаны
    Ал қарбыздың тәттісін Ақтөбе облысында, Матайқұм шөлдерінде өсіреді. Оларды күзге жакын әкеледі. Саған данасын жіберейін тек адресіңді білмей турмын )

  13. Madlen says:

    da uj, “Sekret” shykkan kezde barlygy janyn berip korip, jaksy eken, durys eken dep edi….

  14. Аршат says:

    қауын жақсы ғо қарбыздан. қауындас екенбіз Ақзере🙂

  15. urimtal says:

    Аллаһ шипасын берсін, Ақзере!

  16. musicola says:

    білмим, мен садақаны мешітте бергім келмит. ондағы қызметкерлерге сенбитн сияқтымын ба сондай… негізі бір баладан естіп едім садақаны кез келген мұқтаж адамға берет деп….мүгедектерге берген ең дұрысы мен үшін…
    маған да, семейше айтқанда, дін ұнайды ))). білмейтіндерге: дін дегеніміз қауыыыыыыыын)))

  17. mаkе says:

    білмейтіндерге: дін дегеніміз қауыыыыыыыын)))

    қауын – пейіштің дәмі дитін бұрынғылар

  18. Konil Ashar says:

    аха Діңке:))) ана әмірен дегені ұнайд
    бірақ соны дені дұрысын табу қиын
    хехе бұл жерде де талғамымыз сәйкес кеп жатыр:)))

    ал қарбыз аса жемейм

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: