«Нокдаун»


Қайта тұрып хақың бар жүгіруге…

Мұқағали Мақатаев.

Рассел Кроу ойнаған «Нокдаун» фильмін алғаш осыдан біраз жыл бұрын көрген едім. Ол кездері әлі мұндай кино қарауға дайын болмадым ба, өмірлік тәжірибем жетіспеді ме, маған фильм айтарлықтай әсер қалдырмаған еді. Сөйтіп, алдында бізде өткен ережесіз жекпе-жектің әсерінен, әлде соңғы уақытта драма көруге құлшыныстан ба, «Нокдаун»-ді қайта қарадым. Негізі ағылшын көрсетілімінде фильмнің аты «Cinderella Man». “Нокдаун” деп аударылғаны да бекер емес деп ойлаймын. Фильм әлбетте өмірде болатын нокдаундармен тұспа-тұс.

Бұл фильм 1930 жылдар аралығында ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы атағын алған Джэймс Брэддоктің өміріне арналған. Сол жылдары Америкада болған «Ұлы депрессия» атанған уақыт аралығында боксышының, отбасын қалай аштықтан қорғап қаламын, қайтсем адам қатарына қосамын, – деген, намысшыл-жігерлі адамның өмірі жайлы.

Шын айтсам, жалпы маған өмірде ер (бұл жерде кез-келген еркек емес) -адамдарға қызығатыным бар. Батыл, жігерлі, намысшыл, шыншыл, мейірімді отағасы, өз сүйгендері үшін өмірлерін құрбан етуге дайын адамдар, менің фавориттерім десе де болады. Ал фильмнің кейіпкері дәл осындай адам. Рассел Кроу болса соның рөлін сондай шынайы ойнап шықты. Тіпті, жұмыссыздықтан әбден күйзеліп кеткен ол, балалары үшін барлық намысын жерге тастап, үлкен-бастық байшекештерінен қайыр тілегенінде көздері жәудіреп, шарасыздықтан сөйлеген кезінде өзім қоса егіле жыладым.

Бокс жайлы фильм болғандықтан, әрине қан-төгіс, төбелес те болады. Алайда бұдан гөрі кейіпкердің өміріндегі жан күйзелісі, тұрмысы фильмді басып тұрады.
Фильм біткенше адам сол боксшының өмірімен бірге сүріп, қуанғанына – қуанып, қайғырғанына – бірге қайғырып отырады, біраз болса да қазіргі өмірден сонау 1930 жылға ауып кетесің. Тіпті сол ашаршылықты өзің басыңнан өткізгендей болып шығасың.

Бәлкім, идеал отбасы кинода ғана болатын шығар. Бірақ, Брэддоктың әйелі де өзі сияқты, мейірімді, қолдап-қорғайтын, ең ауыр мезетте жаныңда табылатындар қатарынан болады. (Әрбір қазақ боксшысында осындай жарлары болса, біз әлдеқашан Кубалықтардан асып түсер едік…) Бұл рөлді керемет етіп Рене Зеллвегер ойнап шыққан. Осыған дейін Бриджит Джонс жайлы комедияларынан кейін оны мұндай салмақты рөлде елестету қиын, бірақ актриса бұл жолы да асқан шеберлік танытты.

Орыстың «То, что тебя не убило, сделает тебя сильнее» нақыл сөзінің шынайы көрінісі – бұл киноны орайы келгенде, бір рет қарап шығуға кеңес беремін. Тым құрымағанда нағыз адамның, нағыз отбасының, нағыз проблема дегеннің не екенін көріңіздер.

12 пікір | «Нокдаун»

  1. Тупак says:

    Мына рецензияны оқып, есеңгіреп қалдым. Көру керек екен🙂

  2. Gastarbaiter says:

    Бүгін көру керек екен. Мотивациялық киноларды жаным сүйеді.
    Жалпы осы Рассел Кроу-дың түр келбеті де темпераменті де идеал отағасының рөлін ойнауға 100 пайыз келеді.

    10 шақты жыл бұрыңғы Гладиоторды еске алыңдаршы. Онда да Максимустың бейнесі толық ашылған. Өте сәтті шыққан образ. Және есіңізде болса Рассел ойнаған, бұл кинода да аса тереңге үңілмей примитивті тұмсықбұзды-сүйек сындырды эпизодтар да, сезім-сезім сантиментшілерге керек күйзеліс те, детектившілер сүйетін күдік пен саспенс, шиеленіскен қарым қатынас та, тарихи кинофандар сүйетін ескі атмосфера да, әр кинодан педагогикалық мән іздейтін моралисттерге де түйіп алар дүниелер жетерлік.

    Ақзеренің осы рецензиясы өз қызметін 5-ке орындады деуге болады.

  3. arsenal777 says:

    маған да Рассел Кроу өте ұнайды, әсіресе Beautiful Mind-та

  4. akzere says:

    Ұнаған цитаталары:

    “Сердце – для семьи, мозги – для бизнеса, а бокс – это бизнес”.

    — Теперь я знаю, за что драться
    — За что же, Джимми?
    — Молоко.

    “Ты чемпион моего сердца!”

  5. akzere says:

    – … Ну и конечно же удача.
    – Давно тебя она так не баловала.
    – За ней должок.

  6. Gastarbaiter says:

    Мақатаевтың ана бір жоғарыдағы цитатасы да өртеп қояД екен. Анау мынау жорғалау емес, жүгіру…
    Мықты.

  7. satibaldi says:

    Американская трагедия…

  8. Gastarbaiter says:

    Фантастикаға жазшы рецензия. Егер көретін жанрың болса.

  9. Aseke says:

    Мынадай рецензияңнан кейін абезательна (обязательно деп жазылатынын білемін) караймын.
    Өз жанымнан Форрест Гамп, День Сурка,В погоне за счастьем, Пока не сыграл в ящик деген фильмдерді қарауға кеңес беремін.

  10. Gastarbaiter says:

    Асеке, талғамымыз ұқсайды екен.

  11. Арнур says:

    “Нокдаун” шынында да оте тамаша фильм. Asekeдеді, екеумыздын талгамымыз уксайды екен. Сен айткан фильмдерды маган да унаган.
    “Американская трагедия” деген Теодор Драйзердын кытабын окындар, колдарын тисе.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: