Күлдіргі афоризмдер :)


Ақылды адаммен әңгімелесу оңай, бірге жұмыс істеу қиын.

Қысқа сөйле, аз сұра, тез кет.

Егер ит сөйлесе, ер адам ең соңғы досынан айрылады.

Әйелдерді бағындырудың екі әдісі бар. Бірақ оны ешкім білмейді.

Бір әйелді ғана сүйетін адам, бір әйелді ғана бақытсыз етеді.

Батыр біреу болуы керек. Егер олар көп болса, онда оларды сотқарлар деп атайды.

Маған не істеу керегін айтпасаңыздер, мен сіздерге қайда баратындарыңызды айтпаймын.

Тәжірибе – алу керегіңді ала алмағанда алатының.

Балалар қайдан пайда болатыны жайлы ойланса, ал үлкендер қайда кететіні жайлы ойланады.

Мен джиу-джитсу, самбо, дзюдо, айкидо сияқты көптеген мықты сөздерді білемін.

Қызық жұмыста көретін түстерің де қызық болады.

Неге ғашық болсаң, соны сүй.

Даналық қарттықпен бірге келе бермейді. Кейде қарттық бір өзі келеді.

Сенің армандарыңның өзгелерде жүзеге асатыны қиындау.

Оқу – ережелерді оқып-үйрену, тәжірибе – ережелерден тыс нәрселерді оқып-үйрену.

Шектен тыс қабаған иттер шектен тыс қайырымды адамдарды қуу үшін керек.

Бір рет қырау қатқаннан, жеті рет терлеген жақсы.

Кез келген адамның ішінде дарындылық ұйықтап жатыр. Не деген маубас еді?!

Тез таусылған стакан құйылмаған болып есептеледі.

Сізге ертең келіңіз деп айтты ғой, ал сіз ылғи бүгін келесіз!

Әйелдерді ұсақ-түйекпен алдамаңыз!

Ұлы адамдар аз өмір сүрген. Менің де мазамның болмай отырғаны.

Жақсы өмір сүруге ешкім тыйым салмайды, бірақ көбі кедергі келтіреді.

Адам өмірінің төрт кезеңі: әлі болмайды, енді болады, әлі болады, енді болмайды.

Сараң болсам, болармын, бірақ шын жүректен ғой.

Қасқыр да тоқ, қой да аман, шопанның жаны жаннатта болсын!

Тоқ болсаң, айналаңның бәрі тамаша!

Арманның жүзеге аспағаны қанша, ал жүзеге аспайтыны одан да көп.

Ол қыз менің арманым болатын, ол қыздың арманын білгенше.

Көп білгеннен ешкім өлген емес, бірақ тәуекелге барудың керегі жоқ.

Жерлеу бюросындағы жазу: ең жақсы клиент – өлген клиент.

Милициядағы хабарландыру: өңдеудің барлық түрлері бар.

Ұзаққа жасалған жоспарлар асықпай орындалады.

Күнімен ұйықтап, түнімен ішіп-жесең, қатты шаршайсың.

Жетінші стаканнан кейін ғана, ол өзін, өз үйіндегідей сезіне бастады.

Алдымен махаббат уақытты өлтіреді, ал сосын уақыт махаббатты өлтіреді.

Айнаға ұзақтау қарасаң, Дарвинге сене түсесің.

Жұмысқа келгесін, компьютерді іске қосқанмен, интернетке кіре алмадым. Амал жоқ, жұмыс істеуге тура келді.

Үйленгің келсе – үйлен, үйленгің келмесе – үйленбе. Ал ұзақ уақыт үйленгің келмесе – емдел.

Үш рет жұмысты тастады, екі рет сәтті шықты.

Өлетін кезге дейін өмір сүру керек.

Әдемі әйелді көргенде еркектер, ал көріксіз әйелді көргенде әйелдер мәз болады.

Шығатын жол жоқ болатын жағдайлар болмайды, тек ол жол сізге қолайсыз болуы мүмкін.

Сөз бен іс алшақ болмау үшін, ештеңе істемеу керек.

Интернет те ажал сияқты, тек жақсыларды алады.

Аударған Зухра ханымға үлкен рахмет! Бұрын форумда жарияланған еді. Еңбегі зая кетпесін деп, мен де блогыма шығарып қойдым.

26 пікір | Күлдіргі афоризмдер :)

  1. naqirus says:

    “Үйленгің келсе – үйлен, үйленгің келмесе – үйленбе. Ал ұзақ уақыт үйленгің келмесе – емдел.”
    :))))))))))

  2. Rauan says:

    >Неге ғашық болсаң, соны сүй.
    Антиденесі:
    Өзіңді өзің алдама, алданып қаласың.😀

  3. balgyrgan says:

    уахахаха…

    статусқа осыларды біртіндеп қоятын болдым ғой :))
    Рахмет, Зухра, сосын пысық Зере😉

  4. urimtal says:

    “Айнаға ұзақтау қарасаң, Дарвинге сене түсесің”.
    Санамда қанша танысыма осы сөзді айту керектігімді есептеп жатырмын🙂

  5. Aina meken says:

    🙂 күлдіре отырып мойындататын сөздер екен

  6. “Әйелдерді ұсақ-түйекпен алдамаңыз!”

    Әйелдерді үлкен-добалдаймен алдау керек пе?

  7. aselhan says:

    Әдемі әйелді көргенде еркектер, ал көріксіз әйелді көргенде әйелдер мәз болады

    Кезінде орысшасын оқып күлгенмін, қазақшасы шығып жақсы болды ғой!

  8. Gastarbaiter says:

    Нұрғиса өлтірдің!!!!!!!!!!!!!!! Бір айтсаң, ойып алады екенсің…

  9. Gastarbaiter says:

    Зере, мынауыңды ұрлап әнектердің “бір сөйлеммен” айдарына қоссам ба екен?хотя жартысын уже сонда:)))

  10. Зухра says:

    🙂 рахмет..

  11. Айжик says:

    ne degen pikirler!!!

  12. айелдер алданбайды, алдангансиды

  13. Қайнар says:

    Адам өмірінің төрт кезеңі: әлі болмайды, енді болады, әлі болады, енді болмайды.
    Менің өмірім тәрізді…

  14. fanfan says:

    Дарвин нақұрыс

  15. Қуат says:

    Барін кішкені ғана ойланып жазған.
    Менде азғана ойланбадым…

  16. Асыл says:

    Дым да кызык емес! Болмайтын оте арзан создер!

  17. Асыл says:

    Үйленгің келсе – үйлен, үйленгің келмесе – үйленбе. Ал ұзақ уақыт үйленгің келмесе – емдел. Кызык біреудін уйленгенінде не жумыстары бар екен! Далбаса

  18. Айгулек says:

    Кулкили еш нарсе корип турган жокпын….арзан кулкиге алданган казагым -ай…..

  19. Жансая says:

    Интернет те ажал сияқты, тек жақсыларды алады.Бул рас хехе

  20. сауле says:

    неге орыс халқының афоризмдерін аударып соган мәз болуымыз керек? жүрегімізден? көңілімізде ойлар жок болмағаны ма?

  21. Медет says:

    Saule degen kizdin aitkani duris emes dep oilaimin,akilmen aitilgan soz,ulttin keregi ne.Ultwil bolmau kerek.Birak ultindi umitpau kerek

  22. Медет says:

    riza boldim,keremet eken

  23. Inkar says:

    Шынымен кыздарды алдау мумкін емес!!!! СОлай емес пе, кыздар?!!!))) “Бір айелдін кулыгы, кырык есекке жук болган”!!!!

  24. ИБиз Македонија, Форум наменет за интернет бизнис и интернет маркетинг, black/white hat seo трикови. Дознајте како да успеете и да заработите, SEO совети и трикови….

    […]Күлдіргі афоризмдер🙂 « Махаббат поэзиясы[…]…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: