Nice to meet you…


letters2

Жалпы менің блогымды оқитындардың біразын танитын сияқтымын. Соны есепке ала отырып, осындай бір мини-флэшмоб жасайын дедім. Бірақ танымайтындарым да бар. Сондықтан, менен көп нәрсе күтіп қалмаңыздар. Сонымен, осы жерде пікір қалдырған әрбір адамға:

1. Сіз жайлы бір фактіні айтамын.

2. Қандай ән, кітап, фильм сізді есіме түсіретіні жайлы айтамын.

3. Тек екеуміз ғана білетін құпияны айтамын.

4. Қандай жәйт сізді еске түсіретіні жайлы…

5. Сізді қандай жәндікке ұқсататынымды…

6. Сізден сұрағым келіп жүрген, бірақ батылым бармай жүрген сұрақты қоямын.

7. Мен жайлы білгіңіз келсе, ары қарай жалғастырыңыз😉

105 пікір | Nice to meet you…

  1. naqirus says:

    Сіз жайлы нені білгіміз келсе, нені жалғастырайық, Зере? Осыны анықтап айтып кетсеңіз екен…

    • akzere says:

      Осы сұрақтарды маған да қоя аласыз дегенім ғой, Нәке. Сөйтіп пікір қалдырыпсыз екен, енді мен сіз жайлы жазуым керек.

      1. Сіздің жас кезіңізде әскери адам болғыңыз келгенін білемін🙂
      2. Үйдегі бір сықақшы ағамыздың кітабын көрсем сіз есіме түсесіз. Өйткені ішінде Әзиз Несиннің шығармалары бар еді.
      3. Әйеліңіз өзіңізден бір жас үлкен екенін білемін🙂
      4. Біреудің бетінде “ямочка” көрсем, автоматты түрде сіз еске түсесіз ))
      5. Бобр… )) қазақшасы қателеспесем, құндыз…
      6. Анадай тіл байлық болу үшін не істедіңіз, кітап көп оқыдыңыз ба?

      • naqirus says:

        Бобёр??? Іштен кетті, нақ!:-))
        Бобрдың қазақшасы “атшалман” болар. Құндыз деген норка сияқты…

        Тіл байлық дейтіндей, лексикон ондай кең емес қой менде. Просты, кейбір түсінбей қалған сөздерімді есіме сақтап жүретін әдетім бар, сосын, мағынасын білген соң, қолданысыма енгіземін. Осы бар болғаны…

        Менің Сіз туралы білетін фактілерімді бәрі де білетін шығар, бірақ, айта кетейін енді, орайы келгенде:
        1. Сіз бір кездері өлең жаздыңыз:)
        2. Кэйт Беккинсале ойнайтын барлық фильмдер:))
        3. Тек екеуміз білетін құпия?! Болашақ жарыңыздың Сіз тамаққа не дайындап берсеңіз де, оның көңілі толғанын қалайсыз? Ипааать… бұл енді, құрпияға жатпайды, бірақ.
        4. Еркіннің “Кеш мені” әнінің “…Бәріміз пендеміз ғой, Періште көкте ғана” деген жолдарын естігенде, Сіз есіме түсіп, “жейсің-ау бұтақты, Еркін” дегім келеді.
        5. Жәндік дегеннен көрі, жануар десем, жөн болар:
        АҚҚУДЫҢ КӨГІЛДІРІ
        6. Анда-санда болсын, ешкімге оқытпай, өзіңіз үшін, күнделігіңіздің ішіне болса да өлең жазасыз ба?

        • akzere says:

          Нәке, өкінішке орай, жоқ…🙂
          Соңғы рет, форумда біреуге жауап қайтару үшін ғана жаздым. Ал былай тіптен өлең жазғым келмейді. Қолымнан келмейтін сияқты…

        • Essalan says:

          бобер – құндыз, ұрғашысы “камшат”
          атжалман – крыса, солайнақ :-))

          “Соңғы рет, форумда біреуге жауап қайтару үшін ғана жаздым”
          қателеспесем тотак уішівөлген сол кезде…

          • naqirus says:

            Шешесс, сонда біздікілер, “үкілі камшат”, “құндыз жағалы шапан” деп жүргендерінің бәрі бобердікі ме, нақ! Өй, әнасс…

            Зере кеЧріп қоярсың, сенікі дұрыс кен. Норка “қара күзен” екен, нақ. Білә, бірақ, бобрға қай жерім ұқсайтынын сен білесің ғой…
            Шешесс, неге хотя бы қоян емес?

          • akzere says:

            Есеке, кешірерсіз, сіз жайлы көп нәрсе білмейді екем…

            • Essalan says:

              Оқасы жоқ
              тек бір сұрақ, пирамида салуға қаражат бөлінсе, инеттегі діндері бөлек типі барлық атжалмандардың(тойыс майталмандардың) басын қосып(оларды үгіттеп) супермегапетапортал ашуға қалай қарайсыз?
              …а ия тарақаны құрысын, шұшқа болғым келеді япты

  2. balgyrgan says:

    3-пункт жоқ сияқты екеуміздің арамызда🙂

    • akzere says:

      Ондай*ондай болып тұрады енді, Сәке…🙂

      1. Өте-өте практичный адам. Не керек, қанша керек, қалай барамыз, қайтамыз, тұрамыз, отырамыз соның бәрін алдын-ала ойластырып, реттеп, жоспарлап қояды.
      2. Жалпы, телепатия, сезу, интуиция деген бәлелерді естісем, сен есіме түсесің🙂
      3. Сенің пунктуалдылығың қайдан екені анықталды :))
      4. Суға барғанда сен сияқты парэоны желге ұшырып суретке түскім келді. Жалпы желге ұшқан кезде сен еске түсесің..🙂
      5. РенжімеЧ, бірақ сусликке ұқсатамын, ол да сен сияқты сондай тез, және сары… ))
      6. Қазір осы біреуге ғашықсың ба? :))

      • balgyrgan says:

        ох блииин…

        6. Күлкілі сұрақ па?! күлмесейщ… Ойда жоқта(аяқ-асты) ғашық боп қалсам, жүрегім жарылып о дүниеге аттанып кететін шығармын …

        ну держись деген ба🙂
        1) қоңыр түсті ұнатасың
        2) “Если только” фильмі
        3) очм құпия ол құпия, бар болса да жоқ болса да🙂
        4) Әдемі, ухоженный тырнақ көрсем сенің және Әлияның қолдары есіме түседі…
        5) Жираф🙂
        6) Қашан өзің үшін өмір сұре бастайтын ойық бар?

  3. ruslannnn says:

    “Сколько я зарезаллл, сколько я перерезал…” (с) Доцент

    • akzere says:

      Ох.. Русланнн, Русланннн, талайларға арман болған… Әттең Алматыға келмей қашып жүрсің, біреу-міреу алып қала ма деп қорқатын шығарсың.. :))

      1. Лезгинканы өлтіріп билейтініңді білемін..😉
      2. Матрицаның рекламасы, афишасы, фильмі, Shivaree-дің әндері, әсіресе “Goodnight Moon”.
      3. Әттең, сенің керемет жақсылықтарың жайлы айтар едім, бірақ айтпаймын деп уәде бергенмін. Жалпы оқып отырғандарға айтарым, Руслан өте мейірімді адам. Қиыншылықта әркез жаныңда табыла алатын.
      4. Кейбір діни дискуссияларға түссем, Русланннның жетіспей тұрғаны-ай деймін… ))
      5. Сені ана Ледниковый периодтағы опоссумдарға ұқсатамын.. ))
      6. Сен приниципиальный адамсың ба? Осыныңды түсіне алмай-ақ қойдым…

  4. Bayan says:

    1. Сезімтал
    2. Ақботаның “Сағыныш” әнін тыңдағанда есіме түсесің…
    3. —
    4. Анадай әдемі маникюрлі тырнақты қалай ғана “Фэйримен” ыдыс жууға қияды екен деп ойлаймын🙂
    5. Адамдарды аңға ұқсата алмаймын🙂
    6. Сұрағым жоқ. Өйткені, бәрін батылым жетіп сұраған секілдімін:)

    • akzere says:

      Баян… сені еске түсірсем сенің ақкөңіл, ашық-жарқын бейнең келеді.

      1. Бәрі білетін шығар, бірақ сенің диктор болғаныңды білемін. Сондықтан диктормен дос болғаныма біраз марқайып қаламын.
      2. Қарақаттың “Мен әйелмін, әлемнің анасымын” деген әні еске түсіреді.
      3. –
      4. Кішкентай сөмке, яғни клатч көрсем әркез сен есіме түсесің🙂
      5. Кербез бір аңға ұқсатамын. Тигрица ма… бірақ аласы емес, андай бір түсті болатын.
      6. Сөйтіп, қашан той? :))

  5. Bayan says:

    Жақындап қалды🙂

  6. satibaldi says:

    Па*па, мен де келіп тұрмын… Дачым жоқ екенін барлығы біледі, оны айтпай-ақ қойыңыз…

    • akzere says:

      Сатыбалды менің кумирім. Оны бәрі біледі…🙂

      1. Туалет – үйіңіздегі ең құрметтейтін орыныңыз.
      2. Сол баяғы Эдит Пиаф, Патрисия Каас, жалпы француз әндерін тыңдасам, сосын ана “Фонтан” фильмі автоматты түрде сізді еске түсіреді…
      3. Уәде – есть уәде…
      4. Туалет-ваннада шашым түсіп кетпесін деп қапаланатын болыппын.. :)) Біраз экперимент сияқты ма, шашты жинап жүруге қаншалықты төзімім жетер екен деген…
      Сосын етпен макарон жасасам тағы да сіз еске түсесіз. Макарон зауытында жарылыс болып, бірнеше адам қаза тауыпты деп, күліп аламын ))
      5. Арыстанға ұқсатамын.. ))
      6. Егер болашақ әйеліңізді қатты жақсы көрсеңіз, ваннадағы шаштарды кешіре аласыз ба? ))

      • naqirus says:

        Арыстан! Аха-ха-ха…
        Қалай дәл тапқансың, екеумізді?!
        Менің тісім де бобердікіндей, Саттың да азуы арыстандікіндей…

  7. Аршат says:

    сені конкретно танимын деп айта алмаймын, но сен менің профилімді шығарып көр сонда да🙂

    • Абу Али ибн Хаттаб says:

      Сен туралы мен айта салайын.
      Түркияда оқығансың. Екі түрік қызбен бір уақытта жүргенсің. Айтуың бойынша біреуі “сука” болған.:D

    • akzere says:

      1. “Миллион кімге бұйырады”-ға қатысып, қателеспесем, 80 000 тг. ұтып алғансың🙂
      2. Түріктің әндерін естісем, кейбір кезде түріктің сериалдарының арасында еске түсесің. Сосын біреулерден “Өмірде бәрі де болады” фразасын естігенде…
      3. Бір ретте әйеліңмен бірінші мешітте некеге отырып, қателеспесем, 1 жылдан кейін ЗАГС-ке отырғаныңды айтқан едің.
      4. Ақтөбе футбол командасының кез-келген ойыны.
      5. Аюға…🙂
      6. Қашан сайт ашасың, ішің пысқан жоқ па?

      • Аршат says:

        пока ішім пысқан жоқ🙂 уақыт та жоқ, блогтарды аралауға әзер тауып жүрмін уақыт. мына темаң күшті екен, құттықтаймын осындай сәтті тема бастағаныңмен.

  8. маке says:

    осында кейбір кісілер өзіне көп нәрсе алады

    өткен шақтан зеренің осы пікірі есімде қалыпты
    қонаққа барған жайда кітап сөрелерін төңіректеу жайлы дөп баса алмай отырым…

    • akzere says:

      Мәке, сізді көп танымаймын, бірақ Солай.де сайтында жүргенде мынау Мәке ғой деймін деп, Мой мирде сіздің суретіңізді бір бала көрсеткен еді. Ол жерде 50-лерден асқан үлкен кісінің суреті болатын.
      Бірақ сонда да сіз бе, сіз емес пе оны ары қарай анықтамадым.🙂
      Сондықтан сұрақ, сіз шынымен 50-лерден асқансыз ба? )

  9. Сізді былай… танимын ғой.
    Бірақ Хаттаб сияқты біреу жауап бермесе болғаны.
    Сөйтіп Баян тұрмыс құратын болды ау деймін я.
    Кім де болса неде болса сол Сатыбалдыға жоламайақ қойсаңыз анадай сөздерімен ақыреттің ауылыда алыс емес сиқты ол кісіге. Немесе Анасын силамайтын адамға ұқсайды. Қатты айтсам кешірерсіз Сәке бірақ ақиқатын айтса кез келген адам………..

    • ruslannnn says:

      Небір қитұрқылар осы “кешірерсіз”-бен басталатын еді, сенің мына қарғысың да қызық екен.

    • akzere says:

      Жасұлан, сіз жайлы да әлі мәліметім аздау. Бірақ 1 балаңыз бар екенін білемін.
      Сәтекеге тиіспей-ақ қойыңыз. Ол жайлы айту үшін, ол адамды жақсы біліп алу керек болар…😉

      Жасұлан, сізге сұрақ, өмірде шынымен 100 пайыз өте дұрыс өмір сүру мүмкін деп ойлайсыз ба?

  10. Gastarbaiter says:

    Жоқ, Руслан ол сауап жинап жүр ну и йух сним, тойыс Аллах с ним… Маған да бір рентгенснимок жасап жіберш нәзік қыз…Диагнозымды біліп өлейін ең болмаса.

    • akzere says:

      Сөйтіп, Гаста… Қазақ интернетінің терапевті.. ))

      1. Біраз жастау кезіңде арықтау бала болғаныңды айтқансың.
      2. Қандай да бір, “Как избавиться от парня за 10 дней”, “15 способов познакомиться с девушкой на улице” немесе тез арада дене шығаруға арналған кітаптарды көрсем;
      3. Білмеймін, құпия жоқ сияқты.
      4. Дворлардағы жиындарды көрсем… :)) Сосын индустарды көрсем, сен және ана татар досың еске түседі…
      5. Түлкіге ұқсатамын… ))
      6. Бірнеше образдан басың айналмай ма? Сосын сенің образдарың өзіңе қаншалықты жақын деп ойлайсың?

  11. akzere says:

    Ессалаң және Абу Али Ибн Хаттаб, ренжімеңіздер, сіздер жайлы мәліметім аздау… ))

  12. Gastarbaiter says:

    Так, Мадемуазель-де -Зере (с) Багратион-ибн-Кербаба

    1) Аха.

    2) Осындайда, басқа нұсқөаулықтарымды оқымағаныңа Аллаға шүкір…деймін…Мысалы, Солай.Дедегі ең алғашқы тақырыбымды есіңе түсірші. :))))))))))

    3) жОқ. Ондай қатты таныс песпіз:))

    4) Индустар??? Қайдағы индустар? Оның маған қатысы.. Уаххахахахаха….кетті кеттіі бір жерден… Ее-е-еемаааааа….дещиш…байғұс бала-ай..

    5)Обычно, итке теңейтін. Мынауың да соның туысы ғой деймін:)

    6)Бірнеше образдан басың айналмай ма? Сосын сенің образдарың өзіңе қаншалықты жақын деп ойлайсың?

    Айналмайды. Бір образдан тез жалығамын, өзімді бір маңдайшасы бар, сол маңдайшаға әркім білгенін жазып кететін жәшікке тығып қойғандай сезінемін. Жеке өмірде де, жұмыста да тұрақсыз екенімді ескерсек,
    менің образдарым көңіл күйімді білдіреді.

  13. Gastarbaiter says:

    Ал Зере, дайндал (абайла, төмендегі жазу очередной приступ ФГМ тудыруы мүмкін):

    1. Бір кездері Солай.Денің статусный ханшайымы болып саналатын сені жаңадан келген жалаңбұт Гастарбайтер мен жаяу эротикалық саяхатқа (тойыс наққа) жібергенім үшін кәдімгідей ренжігенсің…Сонда сен маған әлі талай ренжіп, талай қайтатыныңды білген жоқсын.

    2. “Давай поженимся!” деген бағдарламаны көрсем.

    3. Жоқ.

    4. Шляпаларды көрсем, әжемнің жас кезіндегі суретін көрсем.

    5. Ламаның ботасы

    6. Бір кездері жүрекпен сүйетін жастан кеттім деп едің…Сол қаншалықты шын? Жүрекпен сүюді әлжуаздықтың, өмір тәжірибесі-аздықтың белгісі деп ойлайтыныңз рас па?

    • akzere says:

      Шынымен, жүрекпен емес, ақылмен сүю керек деп ойлаймын. Тұрмыстық өмірде адамдардың көзқарасы, жаны ұқсас болу керек сияқты. Сондықтан жүректен гөрі ақылдың рөлі бірінші тұру керек.

      Жүрекпен сүюді әлжуаздықтың, өмір тәжірибесі-аздықтың белгісі деп ойлайтыныңз рас па?
      Олай дей алмаймын. Өйткені әр адамның тағдыры әртүрлі. Біреулер дәл осы есті кетірген махаббатпен үйленіп, бақытты болып жатады, ал кейбіреулері қателесіп жатады. Сондықтан әркім өзі үшін ненің дұрыс-бұрыстығын анықтап алу керек деп ойлаймын.

  14. маке says:

    Сондықтан сұрақ, сіз шынымен 50-лерден асқансыз ба? )

    елуіңіз не зережан, мен сексеннен асып кеткем🙂

  15. Madlen says:

    Salem, Zere! Siz katelesiz! Blogynyzdy okityn barlyk adamdy bilmeisiz:) Mysaly meni:) Kunine bir ret osynda kirip, jazbalarynyzdy okyp otyruga tyrysam, birak siz uj to4no men turaly bilmeisiz:)no, vse ravno, osy jerde jurgen sizdin dobrojelatel’deriniz turaly okygan kyzyk eken:)

    • akzere says:

      Рахмет, Мадлен! Шынымен сіз мен үшін бір жұмбақ болып жүрсіз. Сіздің бірақ сезімтал, парасатты адам екеніңізді сеземін.🙂

      Сізге де сұрақ, менің блогымда сізді не қызықтырады? Және қай қаладан боласыз?

      • Madlen says:

        Zereeee, blogynyz populyarnyi bolyp ketipti goi:) congratulations!:)
        менің блогымда сізді не қызықтырады? Және қай қаладан боласыз?

        taaak, myna narse kyzyktyrady dep konkretno aita almaidy ekem, mumkin blogynyzdyn stili, munda kirgendegi birden seziletin jagymdy atmosferasy wygar! barlygy bonal’no:) kop estigen wygarsyz mundai sozderdi! birak, aitkym kelip jurgen narse, blogynyzdyn kyzykty boluina 50%ke oziniz sebep bolsanyz, 50%ke munda komment jazyp, sizdi koldap jurgen adamdar sebep!

        қай қаладан боласыз?
        Shyraily Shymkent!:)

  16. Тупак says:

    Ма*ма, па*па, а*та, ә*же, а*па! Мұндай көп кәментті бірінші рет көруім🙂

    • akzere says:

      Тупак… яғни Carnivore…🙂 Сіз жайлы да білетінім аздау, бірақ…

      1. Жас кезіңізде граффити сурет салатынсыз.
      2. Көбіне Тупак Шакур сияқты бірдемелер естісем еске түсетін кезіңіз болады. Өйткені Солай.де-ге жазған едіңіз, рэп тыңдағанды жақсы көрем деп.
      3. –
      4. Сол аватардағы аю ма, қасқыр ма еді, сондай мультиктің суретін көрсем еске түсесіз.
      5. Сол аватарыңыздағы қасқырды елестетемін.
      6. Балаларыңыз бар ма?🙂

      • Тупак says:

        Балам бар. Бұйырса, біраз күнде балаларым болады.🙂

        1. Испан тілін ұнатасыз, сондай-ақ испан және ағылшын тілдерінен хабарыңыз бар.
        2. Ақын қыздардың шығармаларды көрсем, осыны Зере жазған жоқ па екен деп тұрамын.
        3. –
        4. Сұлулық туралы, қазақтарды бұрмасыз сипаттаған нәрселерді естісем
        5. Аққу.
        6. Сұрақтарым болса, кейін қоя жатармын🙂

  17. Rauan says:

    Қандай жәндікке ұқсайтынымды айтатының ыстрашно заинтриговать етті мені. :)))

    • akzere says:

      Рауан… Сондай білімді жігіт.. Кез-келген тақырыпқа, кез-келген уақытта сөйлесуге дайын. Сонымен қатар, әңгімелесу өте қызық.

      1. Қазақстандағы ең танымал, ең керек, бәрі тегін деген сайттың авторы. Осы үшін үлкен Рыспекті ала кет..🙂
      2. Итальян кинолары, жалпы “Для любителей” жанрындағы кинолар сені еске түсіреді.
      3. Мені тура 00:00 уақытында туған күніммен құттықтаған, бірақ келесі күні..🙂
      4. Твиттер, ювижн, казахстанский интернет деген бірдемелерді естісем.. ))
      5. Түйенің баласы, яғни ботаға ұқсатамын.
      6. Дәл осындай қалыпта болуыңның сыры неде? Көп оқу ма, әлде өмірлік тәжірибе?

      • Rauan says:

        Менде қайдағы өмірлік тәжірибе дейсің)) әрине, аздап көрвалдым өмірді… Думаю, потому что жеке өмірге каким-то образом нәән забитетіліп қалғандықтан, ойланарлықтау, көп оқитындай уақыт жетватр.😀

    • Bauyrzhan says:

      жұрттан қалам ба?😀

      • akzere says:

        Ох.. Баур… саған жаз да, жаз деп коммент сұрап алғанымды ешкімге айтпаймыз, ия? :))
        Бауржан менің блогымның періштесі, қорғап, қолдап жүретін. Маған ана суретті анда, мынаны былай жаса деп әу бастан көмектесіп жүрді. Үлкен рахмет саған!

        1. Сен де мен сияқты Физ-мат факультетін бітіргеніңді білемін.
        2. Жезқазғанмен байланысты қандай да бір ақпараттар. ))
        3. Бауыржанның Алматыда екенін осы жақында ғана білдім. Осыған дейін Жезқазғанда ма деп ойлайтынмын.
        4. Діни дискуссияларға қатты араласпайтын болыппын. Өйткені сен оқып, кейін ренжітіп аламын ба деп ойлап тұрамын..🙂
        5. Тюлень, яғни итбалыққа ұқсатамын… )) Ол да сондай сабырлы және кеңпейіл көрінеді, сосын ол әлемде көп кездеспейтін жануарлар қатарына жатады.🙂
        6. Әркез осындай скромный, көп сөйлемейтін, сабырлысың ба? ))

        • Bauyrzhan says:

          ешкімге айтпаймыз, ия?

          ешкімге де тіс жарма😀

          Үлкен рахмет

          оқасы жоқ!!!🙂

          Діни дискуссияларға қатты араласпайтын болыппын

          дұрыс жасадың, мен де көбіне-көп араласпаймын, дінде таласқа орын жоқ.

          итбалыққа ұқсатамын…

          😀

          Әркез осындай …?

          Құдай берген мінез, мені жақсы білетін біреуден сұрамасаң, өзім пәлен деп айта алмаймын. Уақыти өте біле жатарсың!!!

  18. Альмира says:

    ммм…

    • akzere says:

      Альмира, форумдарда жүргенде жалпы сенің ішкі жан-дүниең ондай агрессияға толы емес екенін сезетінмін.🙂

      1. Айгүл Иманбаеваға ұқсайтыныңды айтқансың.
      2. Марион Котийяр деген француз актрисасы сені еске салады.
      3. Екеуміздің ортақ таныстарымыз бар болып шықты, білген кезде шынымен өте қызық болды… ))
      4. “Ұяламын” деген сөзі естігенде есіме түсесің, өйткені сенің “ялам” деген сөзіңе күлкім келетін… :))
      5. Неге екені, көз алдыма мысықтың образы ғана келеді… ))
      6. Жоғарғы білім алып шыққан мамандығың қандай?

  19. Альмира says:

    – фуууу, Айгүлге ұқсамаймын ұқсағым да келмейді
    – Марийон дегенді танымайды екем Яндекс браттан сұрасам “Такси” фильмінде ойнаған дейді, есімде жоқ😦
    – Ортақ таныс болғанда да қандай? Шынымен қызық болды:)). Олар білсе тіпті қызық болар еді, бірақ біз айтпаймыз, аха? /көзін қысып тұрған смайлик/
    – Тағы да фуууу, мысықты ұнатпаймын, хотя бы үйрек дей салсаң болар еді, кхи-кхи
    – Тас лақтырсаң кімдерге тиеді?

  20. Альмира says:

    1. Кейде шымшып сөйлейсің.
    2. Сенің нигіңді көре қалсам кейде мен оқымаған “Абай жолы” есіме түсіп, соны оқу керек еді деп ойлап қаламын :)))
    3. Сол баяғы құпия ғой, өзің білетін.
    4. Қазір сол шляпаларға, әсіресе күні бар шляпалар көрсем, одан кейін ұзын көйлек киіп артқа қарап тұрған қыздардың суретін көрсем есіме түсесің
    5. Ара
    6. Өзің танитын қыз екеуің, мүмкін жақын досың да болып қаар бір жігітке ғашық болып тұрсаңдар не істейсің?

    • akzere says:

      Өзің танитын қыз екеуің, мүмкін жақын досың да болып қаар бір жігітке ғашық болып тұрсаңдар не істейсің?

      Мәселені қалай бар, солай қалдырар едім. Жігіт өзі шешсін. Мен жаққа шешілмесе де бәрібір, ешкімді зорлап, мені жақсы көр дей алмайсың ғой… ))

  21. Зухра says:

    1.махаббатты мунлы жазатынына караганда оте сезимталсын..)изденис
    2.Б.Нуржекеевтин “Кутумен кешкен гумыр”..Махаббат такырыбына арналған романдар.
    3.–
    4.Махаббат туралы андер…омирде танымасам да образынды елестетип кетем..)
    5.Ак когершин.
    6.Бата алмай журген сурагым емес..сактап журетин амулетин бар ма?..)

    • akzere says:

      Зухра.. сізді еске алсам, сразу екі езуі құлағына жететін қыздың образы келеді…

      1. Келіндердің сәлем салуын өте қатты қолдайсыз. Бәлкім өзіңіз оңтүстіктен болғаннан болар. ))
      2. Афоризм кітаптары сізді еске салады… Сіз сияқты аударсам ба деп ойлап қоямын ))
      3. Мені мэйлдағы блогыма қарап, Ақзересің ба деп жорамалдап сұраған едіңіз🙂
      4. Шымкент қаласының сұлулығы суреттелген суреттер… ))
      5. Сауысқанға ұқсатамын..
      6. Аударамаларды жақсы жазасыз, шешендік сөздер жинайсыз, осының бәрін шығарып, неге блог жазбасқа?🙂

  22. akzere says:

    Менің блогымда айтуы бойынша 2,5 жыл түнеген (хотя блогым әлі 2 жасқа толған жоқ :)) қыз жайлы жазғым келіп тұр, біраз ережеден ауытқып.
    Бұрындары комменттерім сол қыздың арқасында жайнап кететін еді, тіпті кейде комменті менің постымнан да асып кететін..🙂

    1. Көк базардан 1 Ақсайға дейін жаяу барған қыз… (примерно 15 км.)🙂
    2. Ана “Арнау” тобындағы Жанарды көрсем, еске түсесің… Осының несі ұнайды екен деп ойлаймын… ))
    3. Ағасы менің почти көршім… )) Бір кездері екеуміз біздің районда кездесіп, ол маған кітап сыйлаған етін. Рахмет, жан!🙂
    4. Ролик теуіп жүргендерді көрсем, дачаларды көрсем, сосын интернеттегі сенің слэнгтерің бәрі сені еске салады…
    5. Пингвинге ұқсатамын…🙂
    6. Сұрақ емес, саған өтініш, блогыңды қойшы, қашан коммент жаза бастайсың?🙂

  23. Konil Ashar says:

    кешкісін кішкене ойланып жазайыншы:)

    • akzere says:

      Көңілашар, чатта жазуын оқып үлгермейтін, және өзім жауап жазуға үлгермей қалатын құрбым..🙂

      1. Жапонияда оқып келген. Сондықтан Сәтеке осынысын айтып, көп прикол ұстайды. ))
      2. Жапондардың өлеңдері, фильмдері, сериалдары еске түсіреді.
      3. Көңілашар менің аталас туысым болып шықты. Яғни өте жақын рулас болып шықтық, и то оны форумнан анықтаған едік… Қызық сондай.. ))
      4. Жапония жайлы ақпараттарды естісем, Сәтекенің “Алыс-жақын ниппондар” деген тақырыбы есіме түседі, содан сразу сен есіме түсесің. Сосын бір ғимараттардан таза дәретхана көрсем… ))
      5. Мысыққа ұқсатамын… ана аватарыңдағы сияқты…))
      6. Әлі де шет елге кету ойың бар ма?

  24. Қосақ says:

    Сенің фантазияңның шегі жоқ екен, Ақзере қарындас!
    Тұтас бір форум болыпты ғой.
    Өзімше бірдеңе қосайын:
    1. Ақ розаны ұнатасың, сосын, қоңыр түсті.
    2. “Адмирал” филімін көрсем, есіме түсесің.
    3. Қалай “мирдан” кездестіргенің құпия болып тұр?
    4. Дінге байланысты жазғандарың ұнайды, өз ойың бар.
    5. Сөзсіз Аққу құсқа ұқсатамын.
    6-7. Өз көңіліңдегі жігітті кездестірдің бе (Сатыбалдыдан басқа)?

    • akzere says:

      Өз көңіліңдегі жігітті кездестірдің бе (Сатыбалдыдан басқа)?😀
      Ой сіз де айтады екенсіз… ))
      Көңілімдегі жігіт бұл әлемде барын білем, бірақ әлі кездеспедік..🙂

      1. Үш баланың әкесісіз
      2. Құлсарымен байланысты қандай да бір ақпараттар
      3. Сізді Мой мирдан аватарыңыз арқылы танып қойғам😉
      4. Кішкентай балалардың пианино ойнауы. Қызыңыздың пианинода ойнап отырған суреті бар еді. ))
      5. Сізді итке ұқсатамын. Онда да ана салмақты иттер болады ғой. Өте сирек жағдайда үретін… ))
      6. Сізге сұрағым жоқ. Осылай арамызда жүре беріңіз. Балаларыңыздың қызығын көріңіз.🙂

  25. Konil Ashar says:

    ой әйтеуір жалықпайды сол сатекең де, “сәлем тамагочилер” деп бастаған тақырыбы енді керемет:)))
    таза дәретханалар демекші егер блог бастасам баяғыда бір түсірген суреттерді жариялағанда болар еді:)))

    6. жауап
    өте мөте қарсы емеспін, неге болмасын:)

    1. сериалдардан ана латынамерикандық Во имя любви сериалын ұнататының..
    2. ішінде өлеңі бар қазақша кітаптар
    3. тек екеуміз деген құпия жоқ сияқты, қыздар арасында бөліскеніміз болмаса..
    4. Per Amore әнін естісем:)
    5. Менің ойымдағы Ақзеренің образы-Аққу:)

    оны түсіндіріп кетпесем болмас, әйтпесе көбісі ана жоғарыдағы жігіттер жазғандай бейне деп ойлап қалуы мүмкін.екі түрлі аққудың образы.
    Алғашқысы біздің халықтың ойындағы аққу, аққу сөзсіз әдемі құс, нәзік деген имиджі бар, сертіне берік деген сияқты бұл бір жағы..
    ал екіншісі индонезиялық құрбымның ойлаған аққуы. Бірде көлде әдемі боп жүзіп жүрген аққуларды суретке түсіріп жатсам “Туу қанша түсіре бересің сол аққуларды?” деп маған, “неге?? әдемі ғой” десем, “Түк те қызық емес, біздің елде ол аққуларды кейбірлер ит орнына асырайды, үйге артық адамды кіргізбейді, қорғау үшін” -деп түсіріп тастаған еді мені:))))))))
    Сол сияқты біздің Зереде де өз көзқарасын нық ұстанған, қарсы келген адамдардан әрдайым қорғауға дайын тұратын мінезі, қырсықтығы қоса бар, бірақ сонымен қатар жаны нәзік, сезімталдығы ол бар болғандықтан екі түрлі халықтың аққуға қатысты образына ұқсатамын:)

  26. mergen says:

    Ең көп пікір жиналған екен…🙂

    • akzere says:

      Ия, рекорд жасадым ғой дейм… ))
      Мерген деген жігіт, Gtalk-қа қашанда қосылғаннан бері әлі маған жазбаған…🙂

      • Madlen says:

        arine rekord bolady….
        arbir adam ozi turaly ne oilaitynyn bilgisi keledi goi, bilip kana koimai ony “nege olai” dep obsujdat’ etkendi jaksy koredi…adamdar ozi sondai:)

  27. balzaminka says:

    Коптен сагынып журген СолайДеликтерди осында корип куанып калдым, сол ушин де Акзере саган рахмет!

    • akzere says:

      Рахмет, Бальз!🙂 Біз әлі де жақын танысып үлгермей жатырмыз. Бірақ бәрі алда деп ойлаймын.

      1. Гүл өсіргенді ұнатасыз.. ))
      2. Әрине, сіздің никіңізді естіп қалсам, сіз еске түсесіз.
      3. –
      4. Бір кездері аватарыңызда көк роза болған еді. Сол суретті көрсем.
      5. Пантераға ұқсатамын, өзіңіз де соған ұқсататын сияқтысыз ))
      6. Блогыма келіп тұрыңыз😉

  28. Оқырман says:

    1. Ең сүйікті блогымның авторы.
    2. Махаббат ,сезім жәйлі өлеңдер оқығанымда , Мадридтың Реалы ойнағанда есіме түсесің.
    3. –
    4.Автобуста наушнигін тыңдап , терезеге қарап ойланып отыратын қыздар.
    5. елік
    6.-

    • akzere says:

      Жазып отырған оқырман, мен өте қатты сыйлайтын адамдарымның бірі…🙂

      1. Шаңғы жақсы тебесің. Коньки тебе алмайсың🙂
      2. Өскемен қаласы жайлы қандай да бір ақпарат.
      3. –
      4. Анасына қамқор адамдарды көрсем… Патриоттар жайлы қандай да бір әңгіме.
      5. Қыран құсқа ұқсатамын.
      6. Менде де сұрақ жоқ. Сірә, барлық сұрақтарымды қойып тастаған сияқтымын… ))

  29. Aikona says:

    Қызықтырып жібердің…

    • akzere says:

      Айкона, сондай мейірімді жан… Оның жанында жалпы әлемде зұлымдық барын ұмытып та кетесің…

      1. Папсының қызы… ))
      2. Біреулер бір жестпен, яғни қолымен сөйлеп жатқанда, сенің майысқан саусақтарың еске түседі. Сосын Мұқағали ағамыздың “Мен таулықпын” өлеңі.
      3. Жоқ сияқты… ))
      4. Геологтар, сызу, ландшафт сияқты бірдемелер…
      5. Пандаға ұқсатамын… :))
      6. Осындай қалпыңнан таймай, ақкөңіл, ақжарқын болып.😉

  30. Aikona says:

    1. Блогынан тыс уақытта жай ғана А… болғыңыз келеді
    2. Танакөздің өлеңін оқысам есіме түсесің, ең алғаш сол өлеңмен келіп едім блогыңа

    3. Жоқ шығар деп ойлаймын

    5. Киікке

    6. Суреттерді қайдан аласың?

    • akzere says:

      Суреттерді гуглден аламын. Немесе ellf.ru сияқты сайттарды қарап отырып, ұнаған суреттерді сақтап қоямын. Кейін жазба жазғанда сақталған файлдардың арасынан іздеп қоямын.

  31. Бөкен says:

    Мен бұрын соңды 86 пікір қалдырған блог көрмеппін әрине Қазақ блогтарының ішінен,сіздің блогыңызды топ блогтар қатарына қосуға болады;-)

  32. Сымбат says:

    1. Түбінде “Мөлдір махаббат” жеңетініне сенесің😀

    2. Сесилия Ахерн есіме түседі😉

    3. Құпия жоқ сиақты😉

    4. Есіме дәруішөлген форумы түседі. Ондағы аватар, сөйлеу мәнерің түбегейлі өзгергені таңқалтады..😳

    5. Қандай аң болса да,белая и пушистая🙂

    6. Не сұрайтынымды білмей тұрм😛

    • akzere says:

      Төртінші пункте сізбен біраз келіспеймін… Жалпы Дәруіште жүргенде де мен өз қалпымнан асып, түбегейлі өзгеріп кеттім деп ойламаймын. Сайттың мазмұнына сай күлкілі аватар қойғаным рас. Бәлкім, сіз 1-2 рет кіріп, жәй оқып шыққаннан болар солай дегеніңіз. )) Жалпы біз онда да маңызды проблемаларды талқылап, пікір алмасқан болатынбыз. Мәселе кімнің, қалай қабылдауында болса керек…

      Сіз жайлы білетінім:
      1. Ақылы кеміс балалармен жұмыс жасағансыз
      2. James Blunt-тың Simona әнін естісем. )) Сосын Бремен қаланың атын естісем.
      3. –
      4. Кітапты көп оқитын қыздар.
      5. Львица…🙂
      6. Сіздің жалпы мен жайлы не ойлайтыныңыз қызықтырады…

  33. Сымбат says:

    4. пункт. ол негатив мағынада емес Ақзере :))) Маған аватарың қатты ұнады, келісімді таңдағансың, жарасып та тұрған! Сен туралы ойлайтыным: біздің қыздардың барлығы сен сиақты бойында талпыныс, іздемпаздық бола тұра, қыздық нәзіктігін де бірге алып жүре алса ғой🙂 Бір сөзбен қыздың барлығы сендей болса ғой🙂

    • akzere says:

      Туф, Сымбат… )) Мені әбден қорқытып жібердіңіз ғой.. Түбегейлі өзгердің дегенге, жылап жіберердей болып едім… Олай емес еді ғой деп.. ))
      Рахмет! Жалпы сіз де осал емессіз ғой…😉

  34. kendebay says:

    1. Махаббат туралы өлеңдерді ұнатасың.
    2. —
    3. Ондай құпия жоқ сияқты.
    4. Айнаға қарап, мұрныма қарасам… ))
    5. Бота…
    6. Әзірге сұрақ жоқ.

    Блогтарға басқа никпен шығып жүргенмін. Енді өзіңе таныс никпен келіп отырмын.
    “Ал енді боқтай бер” (с)😀

    • akzere says:

      🙂 Бота.. )) оған көздерім кішкентай сияқты ғой ))

      1. Бір кездері мұғалім болғаныңды айтқансың.
      2. Керқұла атты Кендебай деген бір әңгімелерді естісем.
      3. Анаңызбен аттас болғандықтан, менің шын есімім де әдемі ғой дегенсіз ))
      4. Балаларын қазақ мектептеріне бергілері келмейтіндерді естігенде..
      5. Тауешкіге..🙂
      6. Әлі де балаларыңды орыс мектепке беру керек дегенді қолдайсың ба? ))

      • кендебай says:

        Жаппай барлығы балаларын орыс мектебіне берсін демеймін. Керісінше, қазақша оқытқанын қолдаймын.
        Ал өзіме келетін болсам, иә, орыс мектебіне беремін.

  35. Makhabbat says:

    1. Сіз жайлы бір фактіні айтамын.

    кызыктырып койдыңыз гой:)

    • akzere says:

      Махаббат, өкінішке орай, сіздің Таңшолпан құрбыңызбен бірігіп Іргестастың чатынан шықпайтынынызды ғана біледі екенмін. А, сосын корей және түрік сериалдарын жақсы көресіз…🙂

  36. Madlen says:

    Rovno 100 pikir! meniki 101-wi! :)))

  37. Тоты says:

    Демалыстан келіп, болгыңа қонақ болу бақытына қайта ие болып жатырмын. Мынау жазбаларың керемет екен. Қосақ аға айтқандай,сенің фантазияңа бас иемін!

  38. Нұраға says:

    Зере сәлем. Мен бұл жерге кездейсоқ келіп қалдым. М.Беспаевтың Үкілі камшат әнін іздеп отырып, осы жерде үкілі камшат сөзі болғандықтан болар. Бірақ сенін осы блогын ұнап калды. Мен туралы не айтар екенсін?

    • Жанадил says:

      Белгисиз жан туралы не айта алар екенсиз!!! Бирак бул жерге бас сукпаганынызга бираз болып калган сиякты. Алдын-ала рахмет!

  39. […] Біраз блогшылармен танысып-білісіп қалдым. Енді Зере сияқты бәрің жайлы 5 пікір жаза алам деп қояйыншы […]

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: