Есік өңірі жайлы сіз білмейтін бірнәрсе…


P1090549

Есік өңірі әлбетте әдемі табиғаты мен атақты Алтын адам мекендеген өңір ретінде бізге танымал. Тур фирмамен келісіп, қыздармен сенбі күні осы тамаша жерді көруге бардық. Гид тарихты жақсы білетін адам болып шықты. Бірақ орыс болғандықтан ба, әлде шынымен бұрынғы Верный қаласын тек казактар мекендеген бе деген ойда қалдым. Бірақ тарихқа үңіліп, бұрынғы Верный заманында Алматы казак әскері жасақтарының орталығы болғандығын ескерсек, әлбетте қаланың көркеюіне көбіне осы казактар, кейін қоныс аударған орыстар көп ықпал еткен. Мысалы, қаламыз бұрын ТМД елдерінің ішінде ең жасыл қала болып бірінші орында тұрған екен, қазір де сондай шамасы. Бұған бір кездері Верныйды басқарған орыс генерал-губернаторының (аты есімде жоқ) арқасында екен. Ол әр 4 тал еккен тұрғынға 1 сом беріп отырған. Ол кезде үлкен ақша саналыпты.

Жаппай дінге қарсы протестер кезінде көптеген мешіттер мен шіркеулерді қиратып тастаған екен. Тіпті шіркеудің орнына кинотеатр салған көрінеді. Бірақ қазір ол кинотеатр да жоқ.
Жалпы Верный заманынан сақталған, қалада аз ғана құрылыстар қалған. Соның ішінде алдында өртеніп кете жаздаған «Қызыл таң» мата сататын дүкені.

Сақ қорғанында алтын адам сияқты бірнеше сақтар көмілген. Бұрындары бірақ көбін тонап кеткен екен. 1969 жылы табылған алтын адамның түп нұсқасы қазіргі уақытта Астана мұражайында сақтаулы.
Сақтар жайлы тағы білгенім, олар балаларын 3 жастан бастап аттың құлағында ойнауды үйрете бастаған екен. Сондықтан олар ер жете келе әскерге шапқанда қолымен садақ атып, онда да бір атқанда 3 садақпен атқан, ал аяғымен атты басқарып отырған.
Шыңғыс хан көп жорықтарында дәл осы сақтарды пайдаланған деседі. Қарсы шапқан жау садақтың бір оғымен жүгіргенде, сақтар үш оқты бірдей жіберген.
Македонский де бірнеше рет Орта Азия жеріне шабуыл жасамақ болады, бір жорығында сақтардан жеңіліп қайтқан екен.

Жалпы Алматы өңірін көптеген саяхатшылар зерттеген. Соның ішінде Семёнов-Тянь-Шанскийдің еңбегі ерекше. Сосын бізге Шоқан Уәлиханов жайлы да көптеген деректер айтты. Ол кісі 8 тілді жетік меңгерген екен. Ол сол кездері патша үкіметінен ешкім аяқ баспаған Құлжаны аралап, деректер жинаған. Кейін қайтар жолында оған шабуыл дайындалып жатқанда, орталықтан әскер жіберіп, оның қорғанысын қамтамасыз еткен екен. Петербордың құрметті тұрғыны саналған, тіпті орден-медальдармен мараптталған.

Есік көліне келетін болсақ, көл, гидтің айтуы бойынша, 1963 жылғы селден кейін үлкен табиғи өзгерістерге ұшыраған. Селге дейін су ол жерде көп болған екен. Бұрынғы кезде үкімет адамдары келіп демалатын орын болғандықтан, пансионат, т.б. демалыс орындары салынған. Сел болған уақытта демалып жатқандардан 52 адам қайтыс болыпты.
Қазіргі платинаны салуға 10 жылдай уақыт кеткен екен.

Негізі тағы да басқа қызықтар айтып еді. Көбі детально есте қалмады. Сондықтан өздеріңіз барып, жақсылап тамашалап қайтыңыздар. Тур фирмада гидпен барамыз десеңіздер, адам басына 1800 тг. Тамақты өздеріңізбен бірге ала барасыздар. Онда 1-ақ уақыт тамақтанасыздар, сондықтан көп тағам қажет емес.

Суреттер менде аз. Ең көп сурет Балдырғанда, соны жұқалаңыздар🙂

14 пікір | Есік өңірі жайлы сіз білмейтін бірнәрсе…

  1. urimtal says:

    Гидтарың шынымен де көп нәрсе айтқан екен :)Есікте қанша болсам да суреттегі әдемі жерді тани алмай тұрмын. Бұл қай жері?

    • akzere says:

      Осыдан 4 жыл бұрын церковь 1963 жылы қайтыс болған адамдарға арнап крест орнатыпты. Сол жерде кішкентай тауға орналастырған. Сол тауға шығып, түсіргенбіз🙂

    • Абу Али ибн Хаттаб says:

      Иә, гид біраз нәрсе айтыпты. Бірақ Шыңғысханның өзінен 1000 жыл бұрын жасаған Сақтарды өз жорықтарында пайдаланған дегені ұят болыпты.😀

  2. arsenal777 says:

    рахмет, онлайн гид😉

  3. ainameken says:

    Өте-өте ғажап!!!

  4. balgyrgan says:

    Менің есімде қалған майда-шүйделер:
    – Алматыда арық жүйесі болған, тіпті дейді содан су да ішкен…
    – Көшелер түзу болған, себебі казактарға ату, аңду ыңғайлы болған…
    – Таньшань шыршасы(ель) шірімейді екен. Сондықтан Алматыда тұрған, ой Верныйда тұрған шенеуліктер. Қазір сақталған сақталмағаны есімде жоқ. Екі үй қатар тұрған ғой, бұзған да орына ТЦ салмақ болған, кризис деп құрылыс тоқтаған
    – Кургандар 300-ден аса болған екен, қазір 80-і ғана дейді

  5. make says:

    қайтыс болған адамдарға арнап крест орнатыпты

    жетісуым,алатауым – шіркеулім…

  6. make says:

    зере десе
    біз білмейтін бірнәрсе емес, көпнәрсе боп тұр ғо

  7. Есікте Алмас деген досым тұрады. Бірталай мәрте болғанмын. Мына жерде, дегенмен, көрмеген екенмін. Ғажап мекен екені даусыз! Есіктегі – кіл алтын адам-ау, әсілі.

    Қазір егілген талдар үшін ақы беріле ме екен? Сондай ынталандыру болса құлшыныс та еселене түсер еді деген ой еді менікі…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: