Қарашай-балқар достарымыз…


Қазақ тілінің қарашай-балқар тілімен ұқсастығына таң қаламын. Бізде жұмыста арғы тегі қарашайлық болып келетін әріптесім бар. Сол бір уақытта қарашай-балқарлар жайлы материал жазған еді. Соғыс уақытында Карачаево-Черкессияның -қарашайларын, Кабардино-Балкарияның – балқарларын Қазақстанға айдатып жіберген. Сол кездері аштықтан көбі қырылып қалған деседі. Аман қалғандарын қазақтар туыс көріп, аяққа тұрып кетулеріне көп көмектескен екен. Сонымен қатар олармен түсінісу де жеңіл болған. Өйткені тілдің ұқсастығы 70 пайыздай. Мысалы, қарашайлар да қазақтар сияқты етті басты тағам деп санайды. Басты тағам тишлик (шашлык), яғни кәуап болып саналады. Кәуаптың түр-түрі бар: сандан етильген тишлик, бютеу малдан тишлик (қойдың тушасы түгелімен), таба тишлик (табада қуырылған ет), чоюн тишлик (қазанда пісірілген ет) және т.б. Малдың арық, семіз деуі де сол қалпында қалады, қой – къюй, қозы – къозу. Жалпы кавказдар, соның ішінде қарашайлар малды жақсы баптаған, және жақсы айыра біледі. Бұрынғы кездері Ресейде үлкен қонақтарға арнайы қарашай қойын алдыртқан екен.
Содан болар жалпы кавказ кәуабы бүкіл әлемде үлкен сұранысқа ие тағамдардың бірі.

Таза мұсылман ретінде қарашайлар ар асты «Бісміллә» сөзінен бастап жейді екен. Діндеріне өте берік келеді.

Қарашай-балқарлардың түр-әлпеттері кавказдарға ұқсас. Сонымен қатар, кавказдардың да кейбір салттары жұғысып кеткен. Мысалы, лезгинка биін екі ұлт та жақсы билей алады. Бірақ тілдері үш қайнаса сорпасы қосылмайды.

Бір деректерде оқығаным бойынша Сұлтан Бейбарыс қарашай болғанын айтады. Бейбарыс қарашай тілінде Пыиперэс сөзіне ұқсас деседі. Ол жағын енді тарихшыларға қалдырайық. Қазіргі уақытта біздің еліміздегі қарашай-балқарлардың көбісі өз елдеріне, Ресейдің оңтүсітік-батысына қайтып кеткен. Бірақ қазақтарды туыс санап, оларға шексіз алғыстарын айтып отыратын көрінеді.

Елімізге танымал қарашайлықтардың бірі және мен үшін өте сыйлы адам – Ислам Байрамуков. Греко-рим күресінен Сидней олимпиядасының күміс жүлдегері, қоғам қайраткері, еліміздің бетке ұстар азаматтарының бірі. Бір бағдарламада сұхбатын көрген едім. Қазақша судырап тұр. Сонымен қатар халыққа үлгі болар сөздерін айтып, артық сөзі жоқ, қазіргі уақытта жас жеткіншектерді тәрбиелеумен айналысады екен. Өзге ұлттардың қазақ еліне үлкен құрметін айтып, тілін сыйлап қана қоймай, сөйлеп тұрса, басқа бізге не керек?

11 пікір | Қарашай-балқар достарымыз…

  1. Bayan says:

    Қарашай тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жататындықтан, тілдері өте ұқсас біздікіне.
    Ислам Байрамуков қазақ тілінде өте жақсы сұхбат береді.

  2. technosyndrom says:

    Ертеректе, Минеральные Водыға демалуға барған қазақтарды , қонақ үйлерден аңдып жүріп, балқарлар мен қарашайлар, шеркестер талап алып кететін көрінеді, үйлеріне қонақ қылуға. Сүйтсе, үйлеріндегі қариялар, “Қазаққа жақсылығын қайта алмай кеттік” деп өкінетін көрінеді. Сондықтан, таң ата балаларын қонақ үйден қазақ тауып әкеліңдер деп, қуатын көрінеді.

  3. Gastarbaiter says:

    Мә-ә-әәсаған, қазақша сөйлейд де! Мақтанарлық жай екен. Бірақ әлі есімде біз үшін оның алтын алып келгені маңыздырақ еді.

  4. Ansar says:

    Ислам Байрамуковтың ұлты басқа болар деп ойлап едім.

    Осындай жеке мемлекеттігі жоқ болса да, өздерінің ұлттық болмыстарын сақтап қалған ұлттардан үйренеріміз көп-ақ.

  5. Қосақ says:

    И.Байрамуков қазақша оқыған, қазақша сөйлемей қайда барады.
    Советтік кесір саясат кесірінен, қарашай мен черкестерді, кабардин мен балқарларды бір автономияға біріктіріп жіберген. Қарашай мен балқар тілі – ең ұқсас тілдер. Қарашайлар түрік тілдес болғандықтан, әрі саны аздығынан, черкестерден қысымшылыққа ұшырап отырады екен.

  6. Тупак says:

    Жалпы, Қазақстанда тұратын түрік, чешен, басқа да кавказ ұлттарының ішінде қазақша білмейтіндері кемде-кем.

  7. -Хасанби мен сенге қонаққа келген заманда нек кешесің менге.
    дедім.
    -айт не кешесің, коюнма, сиырынма?-деді оған қарап тұрып нағашысы.
    сиырымды кешемін- деді үш жасар Хасанби, басын жерге салбыратып. менім әлі қойымда, сиырымда жоқ, бұлар не деп тұр ойлаған шығар.

    Бейбарыс қырым жақтан шықты дейді ғой тарихшылар.

  8. сиыр емес инек. перепутал.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: