…Ғалам қаншалықты үлкен?

Тамыз 28, 2009

Олар бір-бірін мектеп кезінен танитын. Тіпті бір-бірінің алғашқы махаббаттары. Олар бірлесіп жүріп мектеп бітірді, кейін университетте де жұптары жазылмады. Елдің бәрі ендігі тойларын күтіп жүргенде, екеуі екі бөлек кететіндерін айтты.

Құрбым интернетте бұрынғы бастауыш сыныптарда бірге оқыған досын тауып алыпты. Кәдімгідей жігіт болып қалғанын айтады. Ғашық болып қалғаннан саумысың дегенше, оған тұрмысқа шығып та үлгерді.

Ауылдағы бір әпкемді жездем алып қашып кеткен. Жақсы танымаса да, тәуекел деген болар. Тәуекелі оңынан бұйырса керек, әлі күнге дейін, тілім тасқа – бақытты.

Құрбым да осы алып қашудың құрбаны болған еді. Дәл, құрбаны. Өйткені отасқанына жарты жыл болмай, ажырасып тыңды.

Жақында достарым үйленді. Олар да сонаааууу мектептен бірге, кейін универ, тіпті бірге жұмыс та істеді. Қарап тұрып, қызығатынмын. Адамдар ең алғашқы махаббаттарына үйленгендері қандай жақсы деп. Бірақ, орыстар айтпақшы, «Везде хорошо, где нас нет» дегеніне сүйенсек, бұның да бір кері әсері бар ма екен?

Read the rest of this entry »


Сол баяғы тірлік…

Тамыз 21, 2009

Жұмыстан қайтар-барар жолымда сотка сататын жігіттердің жанынан өту «бақыты» бұйырған екен. Қаламызда ұрланған соткалардың барлығы осы жерде айналымға түседі. Күн өткен сайын, бұлардың саны да арта түсетін сияқты. Соқталдай жігіттер арзанқол пайдаға құмар. Тіптен ұялмай, сотка сатамыз, аламыз деп бежірейе қарап тұрады. Осылардың бәрі оқып, үлкен жұмыскер болуларына әбден болады ғой. Ал сосын келіп, «Орыстар бізді үйретеді, олар біздің басымызға шығып алды, билікте өңкей шалақазақтар» – дейді. Әрине, қара қазақтар, осылай салпақтап жүргенде басқалары құр қол отырмасы анық.

Бостан бос көңілімді түсіре бермей, басқа жақтан айналып өткім келеді. Бірақ, мұнда күн түсіп тұрады. Таңертең үйлердің арасы салқын, сондықтан батыл қадамдармен, алға қарап, жүре берем, осыларға да басымды ауыртып…
Read the rest of this entry »


«Нокдаун»

Тамыз 17, 2009

Қайта тұрып хақың бар жүгіруге…

Мұқағали Мақатаев.

Рассел Кроу ойнаған «Нокдаун» фильмін алғаш осыдан біраз жыл бұрын көрген едім. Ол кездері әлі мұндай кино қарауға дайын болмадым ба, өмірлік тәжірибем жетіспеді ме, маған фильм айтарлықтай әсер қалдырмаған еді. Сөйтіп, алдында бізде өткен ережесіз жекпе-жектің әсерінен, әлде соңғы уақытта драма көруге құлшыныстан ба, «Нокдаун»-ді қайта қарадым. Негізі ағылшын көрсетілімінде фильмнің аты «Cinderella Man». «Нокдаун» деп аударылғаны да бекер емес деп ойлаймын. Фильм әлбетте өмірде болатын нокдаундармен тұспа-тұс.

Read the rest of this entry »


Күлдіргі афоризмдер :)

Тамыз 14, 2009

Ақылды адаммен әңгімелесу оңай, бірге жұмыс істеу қиын.

Қысқа сөйле, аз сұра, тез кет.

Егер ит сөйлесе, ер адам ең соңғы досынан айрылады.

Әйелдерді бағындырудың екі әдісі бар. Бірақ оны ешкім білмейді.

Бір әйелді ғана сүйетін адам, бір әйелді ғана бақытсыз етеді.

Батыр біреу болуы керек. Егер олар көп болса, онда оларды сотқарлар деп атайды.

Маған не істеу керегін айтпасаңыздер, мен сіздерге қайда баратындарыңызды айтпаймын.

Тәжірибе – алу керегіңді ала алмағанда алатының.

Балалар қайдан пайда болатыны жайлы ойланса, ал үлкендер қайда кететіні жайлы ойланады.

Мен джиу-джитсу, самбо, дзюдо, айкидо сияқты көптеген мықты сөздерді білемін.

Read the rest of this entry »


Жәй…

Тамыз 12, 2009

Балдырғанның «Жәй» серияларынан… ))

Auezhai

Rakhat_Abd

Mukagali


Nice to meet you…

Тамыз 10, 2009

letters2

Жалпы менің блогымды оқитындардың біразын танитын сияқтымын. Соны есепке ала отырып, осындай бір мини-флэшмоб жасайын дедім. Бірақ танымайтындарым да бар. Сондықтан, менен көп нәрсе күтіп қалмаңыздар. Сонымен, осы жерде пікір қалдырған әрбір адамға:

1. Сіз жайлы бір фактіні айтамын.

2. Қандай ән, кітап, фильм сізді есіме түсіретіні жайлы айтамын.

3. Тек екеуміз ғана білетін құпияны айтамын.

4. Қандай жәйт сізді еске түсіретіні жайлы…

5. Сізді қандай жәндікке ұқсататынымды…

6. Сізден сұрағым келіп жүрген, бірақ батылым бармай жүрген сұрақты қоямын.

7. Мен жайлы білгіңіз келсе, ары қарай жалғастырыңыз 😉


Сен қайда жүрсің?

Тамыз 7, 2009

Сен қайда жүрсің?
Мені осынша сағындырып,
Жүрегімді лаулатып, жалын қылып.
Мен сені іздеп жүрмін
Шығар-ау деп жарқ етіп, түзден бір күн,
Мазасыздық жайлаған жанымды ұғып.
Жинап жүрмін жүрекке ашу, ыза.
Кеудемде қамалған үн,
шаттығым мен пәк күлкім, ән – арманым.
Басқаларға айта алмас сырымды мен
Ішімдегі бүгіп жүрем –
ақтаруға тек қана саған бәрін.
Жанымды жайып салам,
Көмілмей жасқа, мұңға,
Орап сені сағыныш – ақ сағымға.
Қымсынбаймын, бар әлем қарап қалса
Сені ұйықтатып алдымда таң атқанша
Отырамын көз ілмей бас жағыңда.
Арпалысқан сәтте сол
сағыныш, наз, қимастық, арман, үміт
Әттең атып қалады-ау таң да күліп…
Әлде әйнектен қызғанып Ай қарай ма,
Ол да сені нұрымен аймалай ма?

Авторы: Фариза Оңғарсынова