Алтыншы сөз: Тойсыз қазақ – қандай қазақ?


Маған қазақты көп кемсітесің деп ұрысып жатыр. Шындығында, кемсітейін деп кемсіткенім емес, көрген-білгенімді жазғаным. Қазақтардың білімсіздігіне ішім ашиды. Көбі толыққанды өмір сүре алмайды ғой, көпке ұмтыламын деп, бір жағын жамай алмай жатады, барыма базар боламын деп, оны да, көп кезде қарық қыла алмайды.
Осының бәрі, кейде ойлаймын, білімсіздіктен шығар деп… Мақтайтын кездерде мақтаймын, ал егер кемшілігін көріп тұрсам, қалай бар, солай айтамын. Әрине, бұл бәрінде солай демеймін, бірақ көптеп кездеседі. Сосын бір байқағаным, білімді, айтары бар қазақтар көбіне орысша сөйлейді, жазады. Соған қарағанда, әлі ана тіліміздің беделін биік деңгейге көтере алмай келеміз…

Сонымен қатар, мен өз ұлтымды шексіз сүйемін. Ана тілімді сүйемін, қазақтардың өз ортасында білімді де, сыйлы болуын қалаймын. Блог бастауымның да, оны көрнекі ақпараттармен толтыруым да, осының айғағы. Кімде кім, блогыма тіреліп қалып жатса, біздің ешкімнен қалмай, қазақша жазуға біліміміз жеткілікті екенін көрсету мақсатында.

Балдырғанның эстафетасын алып, керек десеңіз мақтай да аламын. Мысалы, қазақтардың тойшылдығы… Шынымен, кейде той жасаймыз деп, асыра шашылып кететіндер де бар. Бірақ соған қарамастан, тойда шаттық-күлкі орнайды, барлығы күйбің тірліктегі проблемаларын ұмытып, барлығы тек ортадағы асабаның әніне тамсанып, той иелерінің қуанышы мен шаттығына ортақтасады, би билейді, ішеді-жейді, таныс-жақындарымен араласады. Қаншама жақсы сөздер айтылады. Ешкімде жоқ, «Той бастар» салты қандай керемет! Той осымен бітпесін, жалғаса берсін, бәріміздің үйімізде той болсын деген мақсатпен апа-әжейлер тойбастар айтады, жұғысты болсын деп, бәрі бір заттан алып қалуға тырысады. Қазақта «Шығын шықпай, кіріс кірмес» деген мақал бар ғой. Сондықтан тойға шығындалса да, оның жақсы ниетінің арқасында, тойдағы айтылатын небір жақсы сөздердің арқасында бәрі қайта қалпына келеді деп ойлаймын. Той көп болсын, ағайын!

Ал мақтай беріңіздер, Жетінші сөзді Сатыбалды мырзаға тапсырамын. Дәруішөлгендік тұрғын, қазақтар жайында не айтары бар екен…

7 пікір | Алтыншы сөз: Тойсыз қазақ – қандай қазақ?

  1. balgyrgan says:

    Зере, жыладым…

  2. naqirus says:

    Бұл сонда, “Өзіңді-өзің мақта” деген ұранды негізге алған пазитиффті эстафета ма?
    Болды, нақ, онда: Сатыбалдыдан кейін, бұл марш-брасокқа айналады. Қазақ болып, туғандарыңа өкініп қалуларың да мүмкін, әжесс!
    …болжам ғой, нақ! Едірейгені нес, епті?!

  3. Bayan says:

    “Той десе, қу бас домалайды” деген сөз бәрін айқындап тұрғандай…

  4. make says:

    той – халықтың несібесі

  5. Gastarbaiter says:

    Популизм үшін жазбайсың ғой, ұрыса берсін “неге кемсітесің” десе, Сол! деп жауап бер. Ақталуға міндетті емессің.

  6. make says:

    айтпақшы, сатыбалдытану ілімі бойынша той – малдардың ісі

  7. aselhan says:

    Сын түзелмей мін түзелмейді! Өз арамызда сынап, кемшілікті айтқан оырнды дер едім! Тек өзге ұлтқа болсын, бүкіл әлемге болсын, бар білімізбен нағыз ҚАЗАҚ қандай болу керектігін сөзбен емес, іспен көрсете білсек болды!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: