Ғашық оты жанады – жана берсін, жұбайлардың жолдары бола берсін…


Сенбі күні Балдырған екеуміз ат шаптырып, қазақша блог жүргізу үрдісінің тұңғышытарының бірі саналатын, қазіргі таңда Birge.kz сайтының админі болып жүрген Қуаныштың шақыруымен үйлену тойына барып келдік. Жалпы интернеттегі таныстарымның бұл бірінші тойға шақыруы және бірлесіп бірінші рет баруым.

Қуаныш үшін өте ризамын. Әсел келініміз өте сүйкімді де, әдемі екен. Екеуіне ұзақ ғұмыр, үбірлі-шүбірлі болып, бақытты отбасы болуларына тілектеспін. Өкінішке орай, біздің тостқа жеткенше кеш болып, аяғын күтпей кетіп қалдық. Сондықтан блогты пайдаланып, бір құттықтап қояйын.

Тойдан әсер қалдыртқан:
– Қуаныштың анасының үлкен көздері, өте әдемі, салмақты, ақылды жан екені көрініп тұр. Қуаныш, ата-анаңа да ұзақ ғұмыр тілеймін;
– Достарының зор дауыспен «Ай да тост!!!» деп алып отыруы;
– Каспий тобының залды алып кеткен қымбат парфюмі;
– Қуаныштың бір досының биі мен тәнтті етті. БАЖ билеп қояды екен.

Той-тойға ұласа берсін. Блогшылар өмірінде той көп болсын!

15 пікір | Ғашық оты жанады – жана берсін, жұбайлардың жолдары бола берсін…

  1. Bayan says:

    Қалыңдықтың гүлін кім қағып алды?🙂

  2. […] Зере өз тостын айтты, мен тойда айтсам “Айтылған тілектерге толығымен қосыламын” деп “құтылып” кетер едім, Зеренің айлық үлкендігін қолданып қалып Сосын 8-үстел “три-четыре АЙ ДА ТОООСТ” деп шатыр-шұтыр стакан соғыстырар еді […]

  3. urimtal says:

    Ақзере, келін бала да блогшы емес пе екен? Сұрап көрмедіңдер ме🙂

    • akzere says:

      Жоқ, Асхат, бірақ Бірге.кз сайтымен байланысы бар сияқты. Әйтеуір, Бірге.кз сайтым менің деп еркелетсенші деп достары прикол ұстап жатқан ))

  4. aselhan says:

    Той тойға ұласа берсін!!!!!!!!!

  5. huanysh says:

    Көп рахмет тілектеріңе!
    Гүлді қыз жолдас қағып алды

  6. Анар мен Салтанаттың күтпей кетіп қалғанын қарашы… Тағдырдан қашуға бола ма екен… Баса көктеп, басып-жаншылап гүлді алар еді… Не болды ал қазір, гүл де жоқ, басқасы да… Күту деген жақсы нәрсе ғой… Бірақ үйге ерте бару да жақсы нәрсе… Жақсы нәрсе жақсы нәрсеге “рөзін” :)))

  7. Aina meken says:

    Тақырыпқа + Зеренің әдемі әсермен астасқан әдемі тілектеріне қосыламын! АЛЛА баянды ғұмыр берсін!

  8. 12aikon1986 says:

    ООО құттықтаймын Қуанышты. Қуаныш+Әсел көтерген шаңырақтарың биік болсын! Іші сәбиге толсын!

  9. Сымбат says:

    Тойға барғым келеді…

  10. тойдын болганынан боладысы кызык. карбалас дайындык, лупилдеген журек, алып-ушкан конил… сонын бари 4-5 сагаттык “жиналыспен” битеди. жастарга болек, туган-туыс, куда-жекжатка болек сценариймен, болек орында той жасау керек сиякты. жастардын бии мен кииминен улкендер шошып, улкендердин копсоздилигинен жастар шаршап, тойдын той сыйкы кашады. ай, бирак, етимиз олип кетти-ау, ештене озгертуге тырыспаймыз да. ширкин, арак ишилетин жерде тилек айтылмайтын, немесе тлек айтылатын жерде арак ишилмейтин той болар ма еди меники!…

    • Aigerim says:

      Ол сенин оз колында гой! жастар болып жеке басымызга катысты той сценарийн озгертпесек бир килы тойлар бола беретини хак.
      Шынын айтсам, мен казирги тойлардан абден зарыктым!

  11. AygerimAstanaZharkent says:

    Алла Сіздердің сезімдеріңізді мәңгілік жас, жүректеріңізді егіз, тілектеріңізді бір ете көрсін! Жұптарыңыз жазылмасын. Ата-ана, туыс-туған, дос-жарандарға сыйлы, үлгілі жанұя атаныңдар. Махаббат айдынындағы сапарларың сәтті, бақыттарың баянды болсын!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: