Ойпырмай… немесе «Қымбатты» менің балаларым…


Осы фильм шыққан бойда қарауға мүмкіндік тумады. Негізі қазақша фильмдерді көруге асықпаймын неге екені… Бәлкім, менің тізімдерімде авторитет жинап үлгермеген болар. Сөйтіп, демалыста режиссер Жанна Исабаеваның түсірген фильмін көріп, жазғым келіп кетті. Сосын бүгін Балдырғанның мына жазбасы да түрткі болды.

Соңғы уақыттарда шыққан қазақ фильмдерінің ішіндегі ең сәтті шыққан фильм дер едім. Өмірдің, қаланың шынайы көрінісі. Қазіргі қазақтардың жағдайы: бәрі өте дұрыс суреттелген. Кең байтақ жерде тұрғызылған зәулім үйлерге қолдары жетпей жүрген қазақтар.
Фильмде көп мәселелер қозғалған: жұмыссыздық, ауыл адамдарының ессіздігі, қаладағы пәтер жалдау, жатақхананың бір бөлмесін жеке меншікке әрең айналдырып, жүйкесі тозған әйел, кейде сорға айналатын біздің менталитет, тойға шашылу және т.б.

Қарап отырып, әркім өзіне жақын, туған-туыстарының жағдайын еске алып, немесе біреулерді танып отырады. Яғни, бұл біздің қоғамымыздың суреті, бәрінде асып-түспесе, кем түспейтін жағдай.
Фильм шыққан бойда қазақ интеллигенттерінің арасында біраз даудамайға ұшырап еді. Сонда тағы бір түкке тұрғысыз кино шығар деп ем. Фильмді көрген соң, қайран қалдым. Критиктерге айтарым, бұның бәрі рас қой? Қашанғы «Қазақтар мықты, керемет, бай» деп бос кеудені ұрғаштаймыз?
Ал апалардың биі, сосын шашуға күріш шашу ол комедия жанрының бір бөлшегі ғой. Әрине, фильм өзінің көркемдік, эффект жағынан 100 пайызға керемет емес. Бірақ сюжет бәрін басып кетеді.

Актерлердің ойындары мені тәнті етті. Әсіресе кіші бауырының рөліндегі жігіт. Сосын үлкен қызы «Шешен» деп айқайлап ала жөнелгенде күлкіден өлдім. Ал апашканың рөлі мені санасыз апа екендігіне сендірмеді. Көздері тым мейірімді екен…

Advertisements

13 пікір | Ойпырмай… немесе «Қымбатты» менің балаларым…

  1. Carnivore айтады:

    Борецкий каникулға шығып кетті 🙂

  2. aneshnik айтады:

    :))))) мен сізден мықт сынш шығад деп айтар едім.
    осы бағытпен ұра беріңзч зевисте өлер 🙂

  3. arsenal777 айтады:

    жақында досым осы киноның бірнеше эпизодын айтып беріп, біраз күлдіріпті(қызды алып қашу туралы), бірақ сонда да көруге асықпадым, енді сенің жазбаннан кейін қарау керек деп шештім 🙂

  4. Тупак а.к.а. Carnivore айтады:

    Осы фильмді бір көруге мүмкіндік болмай кетті.
    Рецензия үшін браво!

    П.С.: Борецкийдің клубы шынымен қыркүйек айына дейін демалып жатыр: http://www.kino.kz/club/index.asp 🙂

  5. Нұрғиса айтады:

    Мүмкін сюжет басатын да шығар. Сынар тұсым: фильм басталар-басталмас баса көктеп кіріп келген жігіттің анасы үйде қонақтар бола тұра душты ішінен жауып ап, ванна қабылдайтын жері. Меніңше, қазақтың анасы, тіпті Жанна режиссердің образы – ауылдың анасы да болсын, соншалықты сорақылыққа бара қоймас. Былайша, бір қарауға татитын кино. Жеңіл-желпі әзілдері жаман емес. Ақзере, қазақ фильмдерін критицизм жағы сенің осы жазбаңда мықты көрініс тауыпты.

    Әрине, әр қазақ киносына қуана бергің келеді… Бірақ, «бөріклақтырушылық» эйфория үстінде шыншыл сынаудан да алшақтап, бөсіп кетпеу керек болар. Айтпақшы, «Тюльпан» деген фильмді көргім кеп жүр…

  6. akzere айтады:

    «Меніңше, қазақтың анасы, тіпті Жанна режиссердің образы – ауылдың анасы да болсын, соншалықты сорақылыққа бара қоймас.»

    Нұрғиса, адамдар әртүрлі. Ондайлар да арамыздан шығады. Қаншалықты үлкенді қадірлеп-сыйласаң да, санасыздары да кездесіп жатады. Өкінішке орай, пенде боған соң бәрі де болады…

  7. Нұрғиса айтады:

    Әй қайдам, дәл осындай баласының үйінде сыйлы қонақтар бола тұра ваннаға барып ап душ қабылдайтындай болу үшін қандай болу керек екен… Дәл сол жеріне аздап дауласуға болады. Фильм үш-төрт апта ішінде түсірілген. Бюджеті сегіз жүз мың доллыр жобасы. Айтпақшы, үйленбек бала мен шешесінің жолда кетіп бара жатып билеген жері ұнады. Жақсы ойластырылған сюжет.

  8. Абу Али ибн Хаттаб айтады:

    Осы фильмді қай жерден көшіріп алуға немесе онлайн көруге болады?

  9. нурай айтады:

    маган казакша тилинде тауып бериндерши, отинемин!

  10. Бауржан айтады:

    казак тілінде корсениз окінбеийсіздер

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: