Сәлем, әлем!


Әдемі саусақтарыммен пернетақтаны тарсылдатып мен де жеттім. Блогымды сағынып қалыппын. Бірақ келер сәтті ойладым да, енді кімді оқып, қайда, не жазармыз деген де ойлар мазалады. Көбіне мәлім, менің интернет әлеміндегі өмірім, жаңа леп сыйлаған Solai.de сайты болатын. Өкінішке орай, қазір жұмысын тоқтатты. Пір тұтып, сыйлайтын адамым Сатыбалдының сайты да жоқ болды. Қазақша интернетті бастаушылардың (алғашқылардың) бірі Аршаттың бірнеше жобасы да жабылды. Ендігі көріністе интернетте сабылып жүрген жастар, Мой Мир-ді қызық көріп, немесе орыстың жартылай порно-сайттарында бас сауғалап жүр.

Заң жайлы айтатын болсам, «Қарғайын десем – жалғызым, Қарғамайын десем – жалмауызым» қазақ мақалының күйін кешкен сияқты.
Аршат, Ерлан сияқты Қазнеттің бетке ұстар азаматтары блог пен сайттарын жауып жатса, оларға мін тақпаймын, өйткені олардың бұл жүйені жақсы білетіндерін білемін, шешімдері бір жағынан дұрыс та шығар. Бірақ енді олар сияқты Қазнеттің дамуына үлкен ізденіспен жұмыс істейтін, энтузиазист тағы кім табылар, жалпы табылар ма екен деген сұрақ мазалайды. Өз басым, оларды енді оқымаймыз, бірге пікірталасып, форумдарда көңіл көтермейміз дегенге сенгім келмейді. Өте өкінішті… Жалпы қазақша оқиық, қазақ тілін дамытайық дейді, қазіргі таңда қазақ тілді жастарға көңіл көтеретін, танымдық, Мәссағаннан басқа ешқандай сайт жоқ десе де болады.

Ал енді менің блогыма келсек. Енді сен де жабасың ба деген сұрақтар қойып жатыр. Біраз қиындау болып тұр. Осы уақытқа дейін блогымды танымдық ретінде дамытқым келген. Қыз-келіншектерге біраз сұлулық, жан сұлулығы, ар-мінез жайында жазып, қазақ тілінде ақпараттың көп болуына үлес қосқым келген. Ендігі кезекте қандай да бір мақалалардың авторлық құқығын сұрап тұрса, менің онсыз тозарған жүйкем шыдай қоя ма, білмедім… Жалпы осы кезде сұрақ туындайды, «Осының бәрі маған керек пе?» – деген…

Енді заң шығарып, бәрін қадағалайтын азаматтарға айтарым: Қазнеттің иен даласы игерілмей бос жатыр. Қазақша жастарға арналған портал жоқтың қасы. Мақал-мәтелдерге, ұлттық болмысты насихаттайтын сайттар жоқ, жеке поэзияға, прозаға арналған, қазақ ақын-жазушыларын танытатын сайттар жоқ, қыздарға әдемілік-сұлулық жайлы, ортада өзін ұстау, әдемптілік-этика жайлы сайттар жоқ, жастардың бас қосып, айналадағы проблемаларды талқылайтын сайттар жоқ, жалпы көп нәрсе жоқ…
Қазақ тілінің жанашырлары, заңды түрде осы проблемаларды шешуге кірісер деген үміттемін!

Ал менің оқырмандарыма айтарым, енді мұнда танымдық мақалалар азаятын шығар. Әрбір мақаланың авторын біле бермейсің, сондықтан қауіпке басымды тігіп, проблемалармен ұштасқым келмейді. Сосын жылау-сықтау да азаяды. Соңғы кездері дені-дұрыс тақырыптарды талқылап, маңызды нәрселер жазу керек деген ой келіп жүр. Осы кезде махаббат пен романтикаға арналған жеке бір сайт болса ғой деп ойлап қоясың… Эх, шіркін…

22 Responses to Сәлем, әлем!

  1. makym айтады:

    Сәлем! Келген ұйғарымыңыз жөнді деп санаймын, дегенмен де, Қазнет контентінің әрқилы болуы тағы керек секілді – осындай «нәзікен сезімдер мен ұшқыр ойлардың үндестігін» паш ететін ресурс тек сіздікі-ау деймін, Қазақстанның ен е-кеңістігіндегі…
    Қалыбыңыздан таймауыңызға тілекшімін!

  2. нақұрыс айтады:

    Ей, бозшулан бәдіре дүние, қан қақсатқан қарбалас пен қапылыс та Кәусардан мейірлене шөл қандырғандай болатын, осы бір ұжымақ тектес мекенде де енді, сенің боқтығыңды көреміз бе?!
    Өмір ғой деймісің?! Болмыстың заңы?! ЗАҢДАРЫҢДЫ ҰРАЙЫН-ЕЙ!!!
    Ақзере, Сатыбалды айтпақшы, «тұтқиылдан жүрекке шабуыл жасайтын» Сіз де, ендігі жерде «почкіден» төпелемексіз бе?
    Қойыңыз!

  3. akzere айтады:

    Рахмет! 🙂 Шамамыз жеткенше, қолымыздан келгенше жасаймыз ғой. Бірақ махаббат пен романтиканы жырлаудан шаршадым, шыны керек. Осы уақытқа дейін көбіне блогтың имиджін сақтауға жазатынмын көбіне, өлеңдерге сусындаған адамдар оқысын деп… Енді білмеймін, көреміз…

  4. ainameken айтады:

    «Сәлем, әлем!» деп бір қуантып, ары қарай мұңға батырып қойдыңыз ғой, Ақзере. Блогтар шетінен жабыла беретін болса… 😦 😦 😦 … Болмысыңызға лайық, жан-дүниеңізді айғақтайтын әдемі жазбаларыңыз қаншама адамдарға әсер етіп жатыр, ұнап жатыр! Ақзере, сеніңіз, сіздің блогыңыз мөлдірлік мекені біз үшін! Дамыта беріңізші? Блогыңызды сіз сағынсаңыз, сізді біз де сағындық!!! Ақзере, Аршат, Ерлан Оспан сынды алдыңғы шептегі блогтар жабылғаны арқаға аяздай батып жүргенде, сізді одан әрі мұңайтпаңызшы? 😦 😦 😦

    • akzere айтады:

      Жоқ, жаппаймын ғой. Мен қатып қалған принциптің адамы емеспін ғой.. )) Жазармыз, Құдай қолға қуат берсе, блог әрі қарай дамиды, соған қоса тағы да бір жақсы блогтар, сайттар пайда болса екен деймін. Бізге де рухани дамитын жер керек қой… ))

  5. 12aikon1986 айтады:

    Ақзере келгенине қатты қуаныштымын. Дегенмен ойлар ойлантып тастады. Аршаттың блогына барып аңқайып қайтқанмын, енді келіп сенен мындай жазба оқып бір түрлі болып қалдым. Солайденің жабылуына али де сенер емеспін. Басқа жерден ашылатын шығар деген үмітім зор. Өйткені біздер көбіміз бәрімізді солай де арқылы таптық қой. Сондықтан ешқайларыңызды кетулеріңізді қаламаймын.

  6. urimtal айтады:

    Жақсы демалып келгеніңе шүбәм жоқ :)Тың ойлармен, идеялармен жарқ етіп шыға келдің! Сенің ойларыңды оқу маған әрқашан да қызық 🙂

  7. Rauan айтады:

    «Әдемі саусақтарыммен пернетақтаны тарсылдатып» дегеніңе мен уже үйреніп кеткен, блин, елестетватрм)))

    Ендігәрі кинокритик болып та қалған шығарсың, иә?)
    Қайткенде де, рецензияларыңызды күтеді-міс.

    Ал ана қайдағы жоқ бір заңнан сенің қорқуға не себебің бар? oO
    Тіпті, байланайын десең, нағыз дегенде боқтамайсың да. 😀

  8. не важно айтады:

    жаным сол. анектер жазсайч, егер не жазам багыт озгеред десен.
    сен ушин, каламы кеппеген анектер легин жиберуге бармын :). причем тегин гонорарсыз

    Ақзереге Сәлеммен әнекщниктен 🙂

  9. Gastarbaiter айтады:

    Негізі адам блогсыз да, телефонсыз да, интернетсіз де жарқын өмір сүре алатынына көзім жетті.

  10. make айтады:

    кең дүниені тарылтатын атқамінерлердің соңымыздан қуып жететінін аңғармаппыз
    алла-ай десейш…

  11. Абу Али ибн Хаттаб айтады:

    Да ладно уж, будет вам. Зачем так преувеличивать? Читая ваши комменты можно подумать, что все независимые отечественные блоггеры стали жертвами несправедливости, притеснения и дискриминации со стороны властей. Ай ай ай, ограничили свободу слова, понимаешь ли…
    Не кажется ли вам, что вы слишком перегнули палку?

    • akzere айтады:

      Да мне все равно. Я понимаю, что я особо ничего и не пишу. Просто были люди, которых мне интересно было читать, а теперь они писать не будут.
      И в итоге нам остается только и читать всякие не замысловатые посты.

  12. Gastarbaiter айтады:

    Үйтер едім бүйтер едім, Қазнеттің бастығы болсам бүйтер едім, пәленшем қылдай болса, масаны зорлап кетер едім… арман-ай дещищ..

  13. Бөкен айтады:

    Eger zan magan tisse men blogymdy Mongol tilinde jurgizemin («Siyr sipagandy bilmeidi Jaman sylagandy bilmeidi 😦 «)

  14. make айтады:

    «…что вы слишком перегнули палку»

    мына кісі кімнің палкісін(сойылын) соғып отыр

  15. musicola айтады:

    Осындайда ойланып қаламын, Зере, сіз айтқандай әлгі туралы блогты ашсам ба деп….

    шынында патриот кенс өзіңіз ))))

Leave a reply to Rauan Жауап беруден бас тарту