Жүгіретін біреу болса қол созып…


24115394_1b878dbc33f321660a64a0a25d13e52a

Кей кездері ортайғаным түк етпес,
Жап-жас болып қартайғаным түк етпес.
Менің жайнап жүруіме ішінен,
Бұл әлемде біреу болса тілектес.

Кей біреудің елемеуі түк етпес,
Мейірімге бөлемеуі түк етпес.
Аман болсын екі жұлдыз көктегі
Менің қиын бақытыма шын тілектес.

Қызғанбаймын тұстастарым шықса озып,
Түк етпес-ау көтерсем де қанша жүк.
Абайсызда жұрт ішінде сүрінсем
Жүгіретін біреу болса қол созып.

Күләш Ахметова

 

11 Responses to Жүгіретін біреу болса қол созып…

  1. нақұрыс айтады:

    Кей кездері ортайғаным түк етпес,
    Жап-жас болып қартайғаным түк етпес.
    Ортайғанда бір жартыны қылқитсам,
    Қартайғанда аяғыма жүн өспес.

  2. ainameken айтады:

    Әдемі өлең екен, Ақзере! Рахмет осындай өлеңдермен таныстырағаныңызға! Күләш Ахметованың «Жақсылықтың бағасы» деген өлеңі де ерекше. Баян Нұрмышева орындайды.
    «Менің жайнап жүруіме ішінен,
    Бұл әлемде біреу болса тілектес»…
    Сіздің жайнап, құлпырып жүруіңізге бәріміз де тілектеспіз! Өмір гүлісіз! 🙂

  3. bahtgul65 айтады:

    Маған да Кұләш Ахметова ақын ретінде ғана емес,әйел ретінде де ұнайды. Бір радиодан берген интервьюын тыңдаған едім…

  4. Тоты айтады:

    Иә,қазақтың маңдайына біткен ақын қыздарының бірі Күләш апамыздың өлеңдеріндегі нәзік үнге ештеңе жетпейді ғой. Ал,мына Зеренің тіркегені тіпті керемет!

  5. Madlen айтады:

    Zere, nege jaksy olenderdi jazbai koidynyz?

  6. Zhanagul айтады:

    Сіздерге рахмет осындар әдемі өлеңдерңзге

  7. жеңіс айтады:

    jaksi eken.

  8. орика айтады:

    кустi fоо =))

  9. Karina айтады:

    а может кто нибудь перевести ?? очень нужен перевод

Leave a reply to орика Жауап беруден бас тарту