Алтыншы сөз: Тойсыз қазақ – қандай қазақ?

Шілде 31, 2009

Маған қазақты көп кемсітесің деп ұрысып жатыр. Шындығында, кемсітейін деп кемсіткенім емес, көрген-білгенімді жазғаным. Қазақтардың білімсіздігіне ішім ашиды. Көбі толыққанды өмір сүре алмайды ғой, көпке ұмтыламын деп, бір жағын жамай алмай жатады, барыма базар боламын деп, оны да, көп кезде қарық қыла алмайды.
Осының бәрі, кейде ойлаймын, білімсіздіктен шығар деп… Мақтайтын кездерде мақтаймын, ал егер кемшілігін көріп тұрсам, қалай бар, солай айтамын. Әрине, бұл бәрінде солай демеймін, бірақ көптеп кездеседі. Сосын бір байқағаным, білімді, айтары бар қазақтар көбіне орысша сөйлейді, жазады. Соған қарағанда, әлі ана тіліміздің беделін биік деңгейге көтере алмай келеміз…

Сонымен қатар, мен өз ұлтымды шексіз сүйемін. Ана тілімді сүйемін, қазақтардың өз ортасында білімді де, сыйлы болуын қалаймын. Блог бастауымның да, оны көрнекі ақпараттармен толтыруым да, осының айғағы. Кімде кім, блогыма тіреліп қалып жатса, біздің ешкімнен қалмай, қазақша жазуға біліміміз жеткілікті екенін көрсету мақсатында.

Балдырғанның эстафетасын алып, керек десеңіз мақтай да аламын. Мысалы, қазақтардың тойшылдығы… Шынымен, кейде той жасаймыз деп, асыра шашылып кететіндер де бар. Бірақ соған қарамастан, тойда шаттық-күлкі орнайды, барлығы күйбің тірліктегі проблемаларын ұмытып, барлығы тек ортадағы асабаның әніне тамсанып, той иелерінің қуанышы мен шаттығына ортақтасады, би билейді, ішеді-жейді, таныс-жақындарымен араласады. Қаншама жақсы сөздер айтылады. Ешкімде жоқ, «Той бастар» салты қандай керемет! Той осымен бітпесін, жалғаса берсін, бәріміздің үйімізде той болсын деген мақсатпен апа-әжейлер тойбастар айтады, жұғысты болсын деп, бәрі бір заттан алып қалуға тырысады. Қазақта «Шығын шықпай, кіріс кірмес» деген мақал бар ғой. Сондықтан тойға шығындалса да, оның жақсы ниетінің арқасында, тойдағы айтылатын небір жақсы сөздердің арқасында бәрі қайта қалпына келеді деп ойлаймын. Той көп болсын, ағайын!

Ал мақтай беріңіздер, Жетінші сөзді Сатыбалды мырзаға тапсырамын. Дәруішөлгендік тұрғын, қазақтар жайында не айтары бар екен…


Адамдар, осынша агрессия қайдан?

Шілде 29, 2009

Ия, адамдар әртүрлі. Кейбірі сырттай күліп, іштей қай жерден итеріп құлатсам екен, қай жерден шалсам екен деп тұрады. Кейбірі тұрған жеріңде езіп кетуге дайын.

Блог – әркімнің өзіндік жеке мәселесі. Жазғың келе ме – жаз, жазғың келмей ме – жазба. Жазған екенсің барлық комментке шыда деген ғой.

Түсінемін, орысша сайттардың саны жетіп, артылады. Ондағы небір сұрықсыз комменттерді кім жазып-жазбай жатқанына мән де берілмейді. Өйткені орыс тілін түсінетіндер өте көп, және ол әр мемлекеттен де болуы мүмкін.

Ал біздің сайттар ше? Айналдырған 5-6 қазақ блогын көре алмай, неше түрлі коммент жазылып жатыр. Осы ғой қазақтардың тірлігі, не өзінде жоқ, не басқа біреудікін көре алмау, қаралау…

Мен постарымды боқтап жазатындай, ешкімге сылтау бермедім деп ойлаймын. Әрбір постымды мың ойланып-толғанып жазамын, әр постымның ішінде менің жарты бөлшегім жүреді. Соған небір комменттер қалдырғанда өз басымды боқтап кеткендей әсерде қаламын.

Неге сонша қатігез, неге сонша агрессшіл, неге сонша жаншылып сөйлеуге барсыздар?

Егер менің блогымды Сатыбалды оқып, пікір қалдырып жүрсе, мен Сатыбалдының сөздерін жинап жүрсем, мені де келіп боқтау керек екен деген сөз емес қой! Ол адамды сыйлайтыным рас, өйткені әлі күнге дейін сол адамның ойы мен санасындай интернетте басқа ешкімді кездестірген емеспін!

Сондықтан пікір білдірер алдында, блогты шатастырып алмадыңыздар ма, немесе қайда, не жазып жатқандарыңызды ескеріңіздерші, өтінем…


Ум Мане Падме Хуум! (с) Сатыбалды

Шілде 28, 2009

– Кинотеатрға неге бармайсыз дегенде…

Байқамай қазақ киносын көрсетіп қалып, көрермендердің көзінше құсып қоямын ба деп қорқамын…

– Жұма күнгі намаз жайлы…

Жыным келед, әжесстің! Барлық күні оқылсын! Сәрсенбі не, тоқалдан туды ма? Әлде Бейсенбіні календар жолдан тапқан ба?

– Жастық эликсирі тақырыбында:

Ахрамин бұтағын қайнатып, грек жаңғағының бұтағымен былғап, түнде екі реттен тартып жіберіп тұру керек.

– Ислам дініндегі әйелдер тақырыбында…

Христиан дініндегі еркектер… Кришна ағымындағы кемпірлер… Пұтқа табынатын шалдар… Тақырып алыңыздар, тақырып, жаңа піскен, окорочкасымен де бар…

– Соткамен суретке түсіру жайында:

О, Түнек Патшасы Веззевул! Сен өз құдыретіңмен адамзатқан оптика сыйлағанда, оны осындай масқара мақсаттарға пайдаланатынын білмеп пе едің?!

* * *
Таза ақымақ екенсіңдер, ғылымның жетістігін қазақтың боқтығымен толтырған сауатсыздар. Бұл түрлеріңмен ХХІ ғасырда қазақты масқара етесіңдер ғой, намыссыздар

«Таза ақымақ екенсіңдер…» Ық-ық, кір-кір данышпанның сөзі…

* * *

«Махаббат бекеті». Тамақтан уланып, ауруханаға түскенде, құссын деп көрсетіп еді.

* * *
О, Зевс! Астапыралла! О, Зевс! Ең болмаса елу мегаваттық нажағайың болса, жіберші қақ төбемнен!

* * *
Ой хуйналайын, Бухарь жырау ме Нақу ақын қабірлерінде сальто айналып түскен болар (кеңдеу қылып қазған болатынбыз).

* * *
Катманду-шегерім: өтірік Бұддалықты қабылдасаңыз, монахтың киімін тегін береді. Киімді ала сала дереу қайтадан христиандыққ өтіп, киімдерді экзотикасүйгіш байшікеш атаңанәлетке сатып жіберуге болады.


Ғашық оты жанады – жана берсін, жұбайлардың жолдары бола берсін…

Шілде 27, 2009

Сенбі күні Балдырған екеуміз ат шаптырып, қазақша блог жүргізу үрдісінің тұңғышытарының бірі саналатын, қазіргі таңда Birge.kz сайтының админі болып жүрген Қуаныштың шақыруымен үйлену тойына барып келдік. Жалпы интернеттегі таныстарымның бұл бірінші тойға шақыруы және бірлесіп бірінші рет баруым.

Қуаныш үшін өте ризамын. Әсел келініміз өте сүйкімді де, әдемі екен. Екеуіне ұзақ ғұмыр, үбірлі-шүбірлі болып, бақытты отбасы болуларына тілектеспін. Өкінішке орай, біздің тостқа жеткенше кеш болып, аяғын күтпей кетіп қалдық. Сондықтан блогты пайдаланып, бір құттықтап қояйын.

Тойдан әсер қалдыртқан:
– Қуаныштың анасының үлкен көздері, өте әдемі, салмақты, ақылды жан екені көрініп тұр. Қуаныш, ата-анаңа да ұзақ ғұмыр тілеймін;
– Достарының зор дауыспен «Ай да тост!!!» деп алып отыруы;
– Каспий тобының залды алып кеткен қымбат парфюмі;
– Қуаныштың бір досының биі мен тәнтті етті. БАЖ билеп қояды екен.

Той-тойға ұласа берсін. Блогшылар өмірінде той көп болсын!


Терме тыңдайсыз ба?

Шілде 24, 2009

Бұрын атам термелерді өте жақсы көруші еді. Ал мен болсам мүлде тыңдай алмайтынмын. МузАрттың концертінен кейін Мейрамбектің орындауындағы термені тыңдап, маған термелер басқа қырынан ашыла бастады. Әр сенбі сайын, бәрімізге жақын дос Ертай Нүсіпжановтың жүргізуімен «Сегіз қырлы» атты бағдарламада да небір керемет термелер айтылады. Әзірге көбімізге танымал Майлықожаның термесін жариялаймын. Терме 19-ғасырларда жырланса керек, бірақ бір байқағаным, өмір әлі де сол нақышта сияқты. Тек ғылым мен техника ғана дамуда…

Майлықожаның термесі. 

Ал білерсің, таңның атарын
Көрерсің күннің батарын.
Кейінгі жұртқа меймансың
Кеткен соң құрбы қатарың.
Керуен кетіп барады
Нарменен тізіп атқандай.
Жарық дүние аман бол
Тым құрбы өскен қатарым.

Ептеп кісі бай болмас
Маңдайға құдай бермесе.
Өлемін деп кім ойлар
Ажалы жетіп өлмесе.
Жылағанмен не пайда
Жыйылаған жұрт көрмесе.
Жырлағанмен не пайда
Тыңдаушы баға бермесе.

Дүниеге мейман көңілім
Мақтасам дауа тілерсің
Өлшеніп берген өмір бар
Уақытыңменен жүрерсің.
Бір күндері-ау қапа боп,
Бір күндері-ау күлерсің.
Бір қалыппенен еш пенде
Бітіре алмас үлесін.

Read the rest of this entry »


Ойпырмай… немесе «Қымбатты» менің балаларым…

Шілде 22, 2009

Осы фильм шыққан бойда қарауға мүмкіндік тумады. Негізі қазақша фильмдерді көруге асықпаймын неге екені… Бәлкім, менің тізімдерімде авторитет жинап үлгермеген болар. Сөйтіп, демалыста режиссер Жанна Исабаеваның түсірген фильмін көріп, жазғым келіп кетті. Сосын бүгін Балдырғанның мына жазбасы да түрткі болды.

Соңғы уақыттарда шыққан қазақ фильмдерінің ішіндегі ең сәтті шыққан фильм дер едім. Өмірдің, қаланың шынайы көрінісі. Қазіргі қазақтардың жағдайы: бәрі өте дұрыс суреттелген. Кең байтақ жерде тұрғызылған зәулім үйлерге қолдары жетпей жүрген қазақтар.
Read the rest of this entry »


Интернет және біз

Шілде 21, 2009

Міне, 2 жарым жылдай болды, мен және интернет екеуміз айрылмай, дос болып келеміз. Және де интернетпен өткен жылдарыма мен еш өкінбеймін. Қайта қайталап, қалай өткізер едің десе, дәл осылай өткізер едім деймін. Интернет өзгерткен менің мынадай 5 нәрсем бар:

1. Көрегенділік. Интернет арқылы адамдарды тани бастадым. Қырларын, сырларын, сөйлегендеріне қарап, ішкі болмыс пен сыртқы қалпын ажырата бастадым.

2. Идеялардың іске асуы. Блог аштым, Мой Мирде қауымдастық құрдым. Небір ақындардың өлеңдерін оқып, қазақ поэзиясының керемет майталмандарымен таныстым, дәмдес болдым.

3. Рухани даму. Интернеттен көшіріп, көптеген кітаптар оқыдым. Өнерді бағалай білуді үйрендім. Өнер мен көзбояушылықты біраз болса да ажырата бастадым.

4. Достық. Интернетпен керемет адамдармен достастым. Кейбір достарым менің өмірдегі достарымнан да қымбатырақ. Өмірде сондай адамдармен сөйлесіп, дос болғаныма мың алғыс. Ғашықтарымды интернеттен табатын болдым. Бірақ көбіне кездесуден кейін бәрібір дос қылып аламын. 🙂

5. Бағыт-бағдар. Жалпы мен интернетте өзімді еркін сезінемін. Өзімнің мекенімде, өз орнымда отырған сияқты. Кейде өмірде іске асыра алмаған, басқа қырымнан көріне алмаған заттарымды осы интернетте көрсете алған сияқтымын. Өзіңе көңілің тойған сәтте ғана бағдарың мен не керек екенін білетін болады екенсің. Осыған көзім жетті. Өзімді тани білдім, маған не керек екенін білемін, бақытты болуға не керек екенін анықтадым, бәрі осы үстіндегі жазбалардың арқасы.