Ребрендинг… очм, түсініксіз…

Маусым 24, 2009

Маған Kcell-дің ана кішкене бала одуванчикті үрлегенде, ол қазақ елінің жалауына айналады, сосын ол асқар таулардан ұшып, ата мен әженің мойнына оралады, сосын қыран құсқа айналып, «Армандаңыз – бәрі де орындалады» деген позитивпен бітетін жарнамасы ұнаушы еді…

кселлАл қазіргі жарнамада, шашы бұйра-бұйра ұлты түсініксіз бір еркек, енді қазақ қызымен (қай ұлт болса да қазақстандық қой) қайда жүрсе де бірге болатынын айтады.

Ана фиолетовый жұмыртқа ма, тас па соны біле алмадым. Бір жерлерден асыл тас дегенді оқыдым. Қазіргі девиз: «Kcell – бұрынғыдан әлдеқайда жақын…», керісінше алыстап кеткен сияқтысың, Kcell