Деген екен…


“Білесіз бе, бұл дүниеде сезімтал болудан ауыр нәрсе жоқ сияқты маған. Кейде тіпті сезімсіз адамдар әлдеқайда бақытты көрінеді. Бірақ оларға сезімнің тәтті дәмін татып көру бақыты бұйырмаған-ау деп тағы ойлаймын. Үнемі ауыр ойлармен арпалысып, кейде мұңға батып, кейде сағыныштан сарғайып, кейде сәл нәрсеге жүрегің жараланып, кейде қырандай түлеп, ал кейде бәрінен-бәрінен жалығып, өзің де анық білмейтін көз көрмес, құлақ естімес әлемге жетелейтін “Сезім” деген әлемнің тұрғындарына бар адамдар түсіністікпен қараса екен деймін…”

“Айнамекен” блогында Рауан деген жігіт осындай коммент қалдырыпты. Кейде біреулердің сөздерін, осыны неге мен айтпадым екен деп ойланып қаласың…🙂 Жөн айттың, Рауан…

10 пікір | Деген екен…

  1. Bakytnur says:

    Degen eken degendi biz kobinese bireudin okys aityp kaglanyna, nemese negatiftik kozkaraska koldanushy edik.

    Bul jerde baskasha eken.

  2. Оны кейде ұрымтал айтқан жөн сөзге де нетеді-ау деймін. Әйтеуір, Рауанның осал адам емес екені, сезімнің парқын сезген сезімтал персона екені ұғынықты болды мен үшін. Лирик сияқты. Блог авторы сияқты. Блог авторды содан да болар, неге сол сөзді мен айтпадым екен деп отыр. Әрине…🙂😉

  3. akzere says:

    Шынымен осы соңғы кездері ойланатынмын. Қайсы бақытты екен деп, сезімталдар ма, әлде сезімге бой алдырмайтындар ма…

  4. Rauan says:

    Тезкам красава екен.

  5. ainameken says:

    Ақзере, алғырлығыңыз тағы байқалды! Расымен де ол ерекше жан! Саясаттан да, журналистикадан да хабары бар. Сіздің жазбаңыз жайлы айтып, оны бір қуантып қояйын!🙂 Рахмет сізге!!!

  6. Gastarbaiter says:

    Сезімтал болу да, көзіңді жауып сезімсіз болу да,а өз қолымызда деп ойлап жүрмін осы кезде. Контекстке байланысты.
    Соғыс пен адам басына түскен ауыр бақытсыздықтан басқаның бәрін әжуа етуден жиренбеген дұрыс деп білемін.

  7. Назгуль says:

    Сезімтал адамдардын көбі бакытсыз болады, бул айдан анык кой. Сондыктан да сезимге бой алдырмау керек.

  8. Серік says:

    Сезімталдық бар адамның бойында бар. Мүлде ештеңені сезбейтін адам болуы мүмкін емес. Сонымен қатар сезімталдық тек махаббатпен ғана шектелмейді.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: