Қош бол…


Сені дәл осылайша кетіп қалады деп ойламаппын. Біз сонша саған не істедік? Отбасымыздың бір мүшесіндей көрдік. Әйтеуір сен аш қалмасын деп жағдайыңды жасадық. Тіпті біреудің үйіне қонаққа барғанда да, «үйдегі кенже баламызға бірдемең болса салып бер», деп отыратын едік.

Есіңде ме, ең алғаш келген кезің. Әлі кіп-кішкентай едің, енді болмағанда өлейін деп тұрған жеріңнен үйдегі дәрі-дәрмектің бәрін беріп, сені тірілтіп алдық, жүгіріп-ойнап, үйдің сүйіктісіне айналдың.

Өзің сондай ауыршаң едің, қит етсе, басың салбырап жататысың. Сонда да қоймай, дәрігер шақырып тұрғызып алатын едік.
Мен әркез сені дұрыс тәрбиеленбеген, сөз ұқпайды деп ұрсатын едім. Соны сезіп, сен де маған жоламайтынсың. Кейінгі кездері өзің ақылды болып келе жатқандай көрінетінсің. Мен де сені жақсы көре бастап едім. Ал енді кетіп қалғаның не?

Үйдегілер бәрі сені сағынып жүр, мен де сені сағындым. Сенің орның босап қалды, біртүрлі бірдеме жетіспейтін сияқты.
Кешке үйге келгенде алдымыздан қарсы алушы ең. Қазір енді қайда екенсің? Білем, сен әдейі кеткің келген жоқ. Біреулер алдап-сулап алып кетті ғой, ия? Ит атқыштар атып кетті ме екен? Не бір итжегіштерге азық болдың ба екен? Қандай өкінішті десеңші… Сенің қазір әлі де аман екеніңе күмәніміз бар. Біз сені ұмытпаймыз.

Қош бол, Таймас!

17 пікір | Қош бол…

  1. Bayan says:

    🙂
    Мысық туралы шығар деп едім, қателесіппін

  2. technosyndrom says:

    :(((((((((((((((((
    Қандай жаман! Ештеңе айта алмаймын, Зере. Талай әзілімізге арналған жақсы ит еді…

  3. Suraqtar says:

    О, адам ба десем …

    Жүрекке дәрі бар ма? Өліп барамын🙂

  4. Ағамның итінің аты Таймас. Мені танымайды, атылады тура. Чаппи берсем біраз уақыт дос болады дағыны, ертесіне келсем қайта айбат шегеді. Ит адамның досы.

  5. 12aikon1986 says:

    Басында адам туралы екен деп қалдым.🙂 Біздің де әдемі аппақ итіміз бар еді, алдыңғы жылы әбден қартайып өліп қалды. Сондай ақылды еді, одан кейінгі баққан иттеріміздің бәрі ондай емес болды.

  6. Омар бырат says:

    Ауылдағы біздің де Мойнақ деген итіміз осы жыл басталғанда кеткен күйі келмеді. Жақсы ит болып өлігін көрсеткісі келмеді ме… Шынымен жақсы ит еді өзі…

  7. Марли деген кинода сөйтеді әміриканский Таймас. Ит мысықтың досы емес.

  8. urimtal says:

    Бізде де Таймас болып еді. Бізге айтпай өлді… Құпия болмаса, Таймас деп кім қойып еді?

  9. Вауаn says:

    Бізде Арлан деген ит болды. Сондай ақылды еді. Өлігін көрсетпеді.

  10. Айтып өлу керек еді…

  11. Konil Ashar says:

    бізде Ақтөс болды
    улап кетті бейшараны
    мен де басында мысық екен деп оқып отырмын ғой:)))

  12. Akboken says:

    Men asyrap algan bala turaly eken desem;)

  13. Ипааать…
    Таймас…
    Не айтады мұндайда? Берік бол, Зере!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: