Ақкөңіл бейшараларға арналады…


Психологтар төмендегі кеңестерді көрінетін жерге іліп қоюды талап етеді екен. Біраз эгоистік кеңестер болғанымен мына өмірде ескере жүру керек-ақ. Әсіресе маған… )) Айтпақшы қосарларыңыз  болса – мархаббат…

1238692571_01_04_2009_0662955001238533810_harmony-nicholas

Сонымен, Сіз осы күнге дейін қалыптасқан тұлғасыз, және бәз біреулердің ықпалына қарамастан мынадай құқықтарға иесіз:
– Кейде өзіңізді бірінші орынға қоюға
– Моральды, материальды тұрғыда көмек сұрауға
– Әділетсіздікке қарсы тұруға
– Өз ойыңызды немесе тұжырымыңызды айтуға
– Түзу жолға түспегенше қателіктер жасауға
– Адамдарға өз проблемаларын өздері шешуге мүмкіндік беруге
– «Рахмет, ЖОҚ», «Кешіріңіз, ЖОҚ» деп айтуға
– Айналаңыздағылардың кеңестеріне құлақ түрмей, өзіңіз қалай дұрыс деп шешсеңіз солай жасауға
– Жаныңыз жалғыздықты қалап тұрса, басқаларға қарамай, жалғыз бола тұруға
– Қандай да болмасын өзіндік сезімдерді бастан кешіруге құқығыңыз бар, біреулерге ол сезімдеріңіз түсініксіз болса да
– Шешімдеріңізді өзгертуге немесе істеріңіздің жүйесін өзгертуге
– Келісім-шарт сізді қанағаттандырмаса оны өзгертуге… ҚҰҚЫҒЫҢЫЗ БАР!

Сіз ешқашан міндетті емессіз:
Жүз пайыз керемет адам болуға…
Қоғамдағы қалыптасқан стандартпен өмір сүруге…
Ұнамайтын адамдарға жақсылық жасауға…
Сізге қиянат тигізетін адамдарды жақсы көруге…
Өзіңізге тән мінезді көрсеткеніңіз үшін кешірім сұрауға…
Біреулер үшін күш-жігеріңізді құртуға…
Өз қалауларыңыз үшін күнәхар сезінуге…
Сізге ұнамайтын іс-әрекеттермен райласуға…
Біреу үшін ішкі жан дүниеңізге қарсы іс-әрекеттерге баруға…
Қор болған қарым-қатынасты сақтап тұруға…
Берілген уақыттан тыс, артық нәрсе жасауға…
Істей алмайтын затыңызды істеуге…
Ақылсыз, басқа кірмейтін міндеттемелерді атқаруға…
Бергіңіз келмейтін затты сыйлауға немесе беруге…
Біреудің қателіктерін мойныңызға артып жүруге…
Кез-келген адам үшін өзіңіздің «МЕН»-дегеніңізден бас тартуға… МІНДЕТТІ ЕМЕССІЗ!

8 пікір | Ақкөңіл бейшараларға арналады…

  1. Bayan says:

    Ақкөңілдіктен таяқ жеп жүрсің бе? 🙂
    Сосын, меніңше, айналаңыздағылардың кеңестеріне құлақ түрмей емес түріп, брақ өзіңіз қалай дұрыс деп шешсеңіз солай жасау қажет секілді.

  2. urimtal says:

    Иә, Баянмен келісемін. Өзгелердің кеңесін де тыңдап қойып, сосын сараптап. Дұрысын қабылдаған жөн. Кейде, әрине, өзіңдікі дұрыс болып тұрады 🙂
    Десе де жақсы кеңестер! Тек сурет қорқынышты екен. Езіп жіберетін сияқты мына әйел … 🙂

  3. arsenal777 says:

    Бұл Кеңестер барлық адамдар үшін емес, тек қана ақкөңіл бейшаралар үшін! деп тағы еске салу керек :))) әйтпесе кім біліпті…

  4. ruslannnn says:

    “…выслушать с улыбкой, не перебивать, иметь в ввиду…”

  5. 12aikon1986 says:

    ИӘ ЖАҚСЫ ПІКІРЛЕР ЕКЕН. БӘРІН ТЫҢДАЙ БІЛУ КЕРЕК СОҢЫНДА ӨЗІҢЕ КЕРЕГІН ТАҢДАП АЛАСЫҢ ҒО.

  6. …Қазаны бөлектің, қайғысы бөлек деген, психолог-мсихолог дегендер жаза береді, бірінші жылы жүректен шыққанды нұрлы ақылға салсаң, бәрі оңғарылатын шығар! – деп қояиын, әжесс)))

  7. musicola says:

    не ғой, в тему ма, не в тему ма білмим, бірақ ана бір сөздер ұнаушы еді: жақсы араздықтан, жаман татулық жақсы деген….бірақ мен соны керісінше істеп қоя берем, осы сөздер дұрыс деп есептей тұра….))) жо-жооооооқ, ұрсысып әуре болмаймын, жай араласпай кетем – бітті. )))

    Сізге ұнамайтын іс-әрекеттермен райласуға… – соңғы сөзді түсінби қалдым (ялып тұрған сымайлшы)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: