Ақкөңіл бейшараларға арналады…

Маусым 17, 2009

Психологтар төмендегі кеңестерді көрінетін жерге іліп қоюды талап етеді екен. Біраз эгоистік кеңестер болғанымен мына өмірде ескере жүру керек-ақ. Әсіресе маған… )) Айтпақшы қосарларыңыз  болса – мархаббат…

1238692571_01_04_2009_0662955001238533810_harmony-nicholas

Сонымен, Сіз осы күнге дейін қалыптасқан тұлғасыз, және бәз біреулердің ықпалына қарамастан мынадай құқықтарға иесіз:
– Кейде өзіңізді бірінші орынға қоюға
– Моральды, материальды тұрғыда көмек сұрауға
– Әділетсіздікке қарсы тұруға
– Өз ойыңызды немесе тұжырымыңызды айтуға
– Түзу жолға түспегенше қателіктер жасауға
– Адамдарға өз проблемаларын өздері шешуге мүмкіндік беруге
– «Рахмет, ЖОҚ», «Кешіріңіз, ЖОҚ» деп айтуға
– Айналаңыздағылардың кеңестеріне құлақ түрмей, өзіңіз қалай дұрыс деп шешсеңіз солай жасауға
– Жаныңыз жалғыздықты қалап тұрса, басқаларға қарамай, жалғыз бола тұруға
– Қандай да болмасын өзіндік сезімдерді бастан кешіруге құқығыңыз бар, біреулерге ол сезімдеріңіз түсініксіз болса да
– Шешімдеріңізді өзгертуге немесе істеріңіздің жүйесін өзгертуге
– Келісім-шарт сізді қанағаттандырмаса оны өзгертуге… ҚҰҚЫҒЫҢЫЗ БАР!

Read the rest of this entry »