* * *


Кеше қоғамдық желілерде қазақ эстрадасында «Гүлім, гүлім, гүлімсің» әнімен танымал болып жүрген Нәби Айтмұратов 23 жасында жол апатында қайтыс болыпты деген хабар тараған етін. Жанында бірге келе жатқан әнші Еркін Нұржанов ауыр жараланып, ауруханада жан сақтау бөлімінде жатыр деген.

Мәселенің анық-қанығын білу үшін, интернетті қопарып шықтым, дәйек таппадым. Осы кезде қазақ ақпарат агенттіктерінің ұйықтап жүретінін тағы бір рет көз жеткіздім. Кейінірек, Мой мирде жүрген әншілерге хат жазып, сұрап едім, ақиқат шынымен расталды.

Өкінішті-ақ, эстрадада жарқ етіп, сөнді де қалды. Дарынды жігіт еді. Нәбидің аяғы ауыр келіншегі бар екен. Барлық туысқандарына көңіл білдіреміз, жаны жәннатта болсын! Еркін Нұржановтың сауығып кетуін тілейік.

phoca_thumb_l_1

23 Responses to * * *

  1. Bayan айтады:

    Иманды болсын!
    «Казинформнан» оқыдым қазір ғана.

  2. Bayan айтады:

    Еркіннен басқа қастарында тағы бір жолаушы болған.Екеуі де жансақтау бөлімінде деген ақпарат бар.

  3. urimtal айтады:

    Жылда жаз сайын жол апатынан қайтыс болғандар туралы суыт хабарларды еститін болдым… Аллаһ артын һайырлы қылдырсын! Кім ойлаған…

  4. Нұрғиса айтады:

    Жол деген суыт жайға толы. Қырағы боп, ереже сақтаудан бір сәт алшақтамау қажет. Қыршыннан қиылған өмір… Иманы саламат болсын… Жазым…

  5. Гүлбақыт айтады:

    «Өмір саған мен аңсаған
    Ашсын есік сәтті күн.
    Айбынымда, айдынында
    Болсын аман аққуым»- деп аққуының амандығын тілеп, ән салушы еді… Жатқан жері жайлы болсын… Алла балаларына өмір берсін.

  6. Бөкен айтады:

    Gulim gulim gulimsin tamasha an edi, annin atyn estip tanyp otyrmyn amal ne iamndy bolsyn

  7. 12aikon1986 айтады:

    Иманды болсын! Маған ана мұғалім болып ойнайтын клипы ұнаушы еді…

  8. Поклонница айтады:

    Көптеген тыңдаушылардың жүрегін «Гүлім,гүлім,гүлімсің,Мектеп махаббаты т.б» әнімен жаулап алған эстрада жұлдызы жас әнші Қызылордалық Нәби Айтмұратов 12,06,2009 жылы Қызылорда қаласындағы Бәйтерек мейрамханасында бөлесінің тойына келіп,таңғы сағат 4-те Алматыдағы тойға асығып жолға шықты,алдыңғы машинада Нәби,жүргізуші,Еркін Нұржанов досы Дастан болған.Артқы машинада әйелі және туысқандары болған.Шиелінің трассасында жүргізушінің көзі ілініп кетіп,авария болыпты.
    Жатқан жері жайлы,топырағы торқа болсын.

  9. Айгүл айтады:

    Неге талантты адамдар осылай кенеттен кетеді екен???? «Жақсыны жер қоймайды,Жаманды ел қолдайды»,- деген сөз рас екен ғой. Ешкімге де мұндай жаза тілемеймін. Бәрінен де жұбайына қиын болды- ау деп мұңаямын.Маған нәбидің даусы ерекше ұнайтын. Еркін Нұржановқа енді өмір тілейік. Екеуі де қайталанбас тұлғалар ғой! Бақұл бол, Нәби бауырым!!!

  10. Нурсултан айтады:

    Набидін жаны жәннатта болсын. Еркін жазылып өнерін жалғастырсын деп тілеймін. Еркін Нұржановқа конкуренциялар көп. Мен ойлаймын қастандық жасалған деп…

  11. Жадыра Сапарбаева айтады:

    Жерлесіміз Нәбиге жатқан жері жайлы болсын деймін!Өзім Шиелілік болғандықтан болар осындай жағдайдың белең алғаны біздің жанымызды ауыртады.Еркін Нұржанов болса әлі ауруханада…Сауығып кетсін!

  12. Гүлнұр Нұрымбетова айтады:

    Бұл жағдай бәріміздің жанымызды ауыртты. «Құйрықты жұлдыз жарқ еткен » Нәбиге жаны жәннатта болсын!
    Әрі ҚМУ-де бірге оқыған, әрі жерлесім болған Нәби жақсы жақтарынан көрінуші еді,өкінішті-ақ! Еркін Нұржанов болса, ауыр халде, тез арада сауығып,сахна төріне қайта оралса екен…

  13. Сәкенспб айтады:

    Ақзере, Солженицын өлген кезде, Т.Толстая ЖЖдағы блогына бір уақиға айтып еді. тоқсаныншы жылдары АҚШта жұмыс жасап жүргенде соболезнование(ия басқаша қалай айтылатыны есіме түспей тұр) жазуға заказ беріпті. кімге? Солженицынге! ол былтыр ғана қайтыс болып кетті. ал газеттер тоқсаныншы жылдары оның өліміне дайын тұрған.
    ал осы жақында ғана актер Олег Янковский дүниеден өтіп кетті. сол кеште ресейдің «Первый канал»ы және «Вести» О.Янковский туралы документальный фильмдерін көрсетті. ішінде марқұмның достарының интервьюлері бар, ол туралы әңгімелерін айтып отыр. жарты күнде түсіре қойған жоқ, публичный адамның бәріне де дайындалып, осындай фильм түсіріп қойғанына күмәнім жоқ.
    ал Қазақстанда неге жоқ дейсіңбе, көп күттірмей болады. бір медиа агенттікке ия телеарнаға шетелдік акционер келсе бәрін қатырады.
    сонда любой отандық актер, әншіге ия публичный адамға арналған кино түсіріліп қойылады. самым циничным образом.
    ақыры өледі ғой.

  14. AINA айтады:

    Сакен мамммааа, кандай аянышты
    Одан да түсірмей-ақ қойсақ қалай а?

  15. Гаухар айтады:

    Мен Нәби Айтмұратовтың өлімін естігенде көзіме еріксіз жас алдым. Қазақстан эстрадасы үшін мұндай жас талант иесін жоғалту, орны толмас қайғымен тең. Нәби Аймұратов тыңдармандардың жадында мәңгі сақталады.

  16. ZHULDYZ айтады:

    Нәби Аймұратовқа жатқан жеріңіз жәннаттан болсын деймін.Иманы салауатты болсын!Еркін Нұржановтың сауығып кетуін тілеймін!Еркін аға,сізді қатты сыйлаймын және әншілер арасынан тағы да көрсем деймін!

  17. АРАЙ айтады:

    арты кайырлы болсын агайын,осындай дарынды азаматтар коп болсын, уй ышыне амандык пен сабырлык тылеймын.

  18. Рroto айтады:

    Шын мәнінде біздің Бұқаралық Ақпарат Көздері әлдеқашан ұйықтап жүреді. НТК телеарнасы ғана сол жас талант Нәбидің о дүниелік болғанын және Еркіннің жан сақтау бөліміне түскенін ертесі хабарлады. Ал басқалары ауыр айтқанда түкіргендей болды. Мән жайын білгіміз келеді, бірақ қайдан!!! Еркіннің халі не болды екен, а? Егер білсендер айтыңдаршы!!! Нәби жанның жәннатта болғай!!! Сен біздің жүректе мәңгі өзіңнің ойға толы әндеріңмен сақталасың!!! Менімен келісетін адамдар бар шығар.

  19. Оқырман айтады:

    Шынымен жақсы әнші еді, иманды болсын, жатқан жері жалы болсын! Ал Еркіннің тәуір болып кетуіне, шын журектен тілектеспін!

  20. Амантай айтады:

    Иманды болсын!

  21. Даулет айтады:

    Тағдырдың жазғанынан ешкім қашып құтыла алмайды деген, Жаны жәнатта болсын. Қалған өмірін артында қалған баласына берсін, өзі жете алаған жетістікке ұрпағы жетсін.

Leave a reply to Амантай Жауап беруден бас тарту