24-тің бірінші таңы…


Неге екені, бәрі менің туған күнімде көп нәрсені ойлап, қорытынды жасап тастағанымды сезіп қойыпты. ) Интернет әлемінде біраз уақыт жүргендіктен, менің қандай адам екенімді тани бастаған ғой. Жақсы жағымнан танылып жатсам керек, әйтеуір көбі тек мақтаумен әлек. Әрине, қуанамын. Жалпы былтырғы жылдан бері жеткен жетістігім, осы блогым мен интернет өмірім және сондағы адамдар. Тіпті 00:00 болмай жатып, не бір минут асқан уақыттарда құттықтағандардың көбі интернеттегі достарым болып шықты. Бәріне сондай шексіз ризамын.

Жыл өткен сайын, осы туған күн біраз ауыр өтетін болып жүр. Біртүрлі жауапты ма… Айтылатын тостар да қайталанып тұрады, сосын, бір басың екеу болсын, одан үшеу болып, айдаһар болыңдар дегені, тіптен… Кеше тағы да сондай тілектерді естіп отырып, соны алдыңғы аптада ғана естігендей күй кештім. Ал шындығында бір жыл уақыт өтіп кетті ғой. Сондық қарасам, бір жылда өмірімде түбегейлі үлкен өзгерістер бола қоймапты.

Алдыңғы жылғы туылған күнімде менің өмірім қайта басталып, үлкен жоспарлармен қадам басқан едім, бірақ маған сол жыл біраз ауыр болды. Адам болған соң тек жақсылыққа үміттенесің ғой, бірақ дегенмен де сені қиыншылық қай жеріңде құзырына түсіріп, жауаптылыққа салып қоятыны белгісіз…

Кешегі бір келген құттықтау смс-інен «Маңыздылауы – қазақжанды бір сылқымның жаңа бір көктемді бастап кеп жіберуі ғой…» – депті. Тағы да бір адам менің жақсылыққа үміттеніп, қадам басуымды қалайды. Әлбетте, сенімдерді ақтау керек, жалпы сеніммен өмір сүрген жақсы ғой. Ал жақсылыққа сену тіптен жақсы…

Etrange%201

21 пікір | 24-тің бірінші таңы…

  1. Ruslannnn says:

    Туған күніңмен!
    Блогыңда болса да, бірінші болып құттықтап жатқаныма қуаныштымын)))

  2. ainameken says:

    Туған күн құтты болсын! Мына суреттегідей періштелердің мыңын АЛЛА тағала сізді қорғау үшін жіберсін! Жаныңыз, жүрегіңіз үнемі нұрланып, өсе беріңіз! Шарықтаңыз! Көкке өрлеңіз!!!🙂🙂🙂

  3. Bayan says:

    Тағы да құтты болсын!🙂

  4. Он сегізге нешінші мәрте толдың?🙂 Мұндағы игірік тең….

  5. Бөкен says:

    Tugan kuniniz kutty bolsyn men blogty biyl bastagandyktan bilemi kaldym aitpegende birinshi boluga tyrysar edim kk.k

  6. Ainur says:

    Құттықтаймын!!! Арқалағаның – бақыт, құшақтағаның – гүл болсын!

  7. Бақыт ауыр емес шығар… Гүлдің тікені жоқ шығар… Шығардың шығары шығар, шықпасы қайдан шығар… Шыққыштар өңкөй… Қыз да шығады, айтпақшы :)))

  8. urimtal says:

    Қандай жылдам десеңші… туған күнді айтамын.🙂 Жыл сайын келіп тұрады. Соған да шүкір! Аллаһ Тағала келер ғұмырыңда да һайырлы да, берекелі амалдар жасауға жазсын!

  9. Уақыт жылдам өтпейді. Бір қалыпты өтетін сияқты, меніңше. Кешіріңдерші…

  10. …жалғыз қарсы алдыңыз ба осы таңды?

  11. Нақұрыс, бірінші таңы деп тұр ғой. Таңының тағысы болады ғой. Анау ат арбаны қаращайщ, екінші адам қай жағына сияды? Нақұрыс, “иә, жалғыз қарсы алдым” деген жауап алсаңыз айызың қанып қалар еді ғой, иә, шыныңызды айтыңызшы? Олай болмаса нақұрыс болмас едіңіз ғой…🙂😉

  12. Bakytnur says:

    Eshten kesh jaksy degendei kesh kalsamda tugan kunin kutty bolsyn!

  13. Сәкен says:

    Құтты болсын, Ақзере!!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: