12.30:Алматыда өрт

Маусым 15, 2009

Алматыда Жібек Жолы мен Қонаев қиылысында Казкомның (қазір сонікі ма, емес па білмедім) ғимараты өртенді. Үлкен өрт болған соң өрт сөндірушілер де, Көк базардың жаны болған соң адамдар да көп болды. Ғимаратта үлкен дүкен де болған…

Image014

Read the rest of this entry »


24-тің бірінші таңы…

Маусым 15, 2009

Неге екені, бәрі менің туған күнімде көп нәрсені ойлап, қорытынды жасап тастағанымды сезіп қойыпты. ) Интернет әлемінде біраз уақыт жүргендіктен, менің қандай адам екенімді тани бастаған ғой. Жақсы жағымнан танылып жатсам керек, әйтеуір көбі тек мақтаумен әлек. Әрине, қуанамын. Жалпы былтырғы жылдан бері жеткен жетістігім, осы блогым мен интернет өмірім және сондағы адамдар. Тіпті 00:00 болмай жатып, не бір минут асқан уақыттарда құттықтағандардың көбі интернеттегі достарым болып шықты. Бәріне сондай шексіз ризамын.

Жыл өткен сайын, осы туған күн біраз ауыр өтетін болып жүр. Біртүрлі жауапты ма… Айтылатын тостар да қайталанып тұрады, сосын, бір басың екеу болсын, одан үшеу болып, айдаһар болыңдар дегені, тіптен… Кеше тағы да сондай тілектерді естіп отырып, соны алдыңғы аптада ғана естігендей күй кештім. Ал шындығында бір жыл уақыт өтіп кетті ғой. Сондық қарасам, бір жылда өмірімде түбегейлі үлкен өзгерістер бола қоймапты.

Алдыңғы жылғы туылған күнімде менің өмірім қайта басталып, үлкен жоспарлармен қадам басқан едім, бірақ маған сол жыл біраз ауыр болды. Адам болған соң тек жақсылыққа үміттенесің ғой, бірақ дегенмен де сені қиыншылық қай жеріңде құзырына түсіріп, жауаптылыққа салып қоятыны белгісіз…

Кешегі бір келген құттықтау смс-інен «Маңыздылауы – қазақжанды бір сылқымның жаңа бір көктемді бастап кеп жіберуі ғой…» – депті. Тағы да бір адам менің жақсылыққа үміттеніп, қадам басуымды қалайды. Әлбетте, сенімдерді ақтау керек, жалпы сеніммен өмір сүрген жақсы ғой. Ал жақсылыққа сену тіптен жақсы…

Etrange%201