Тоғысқан тағдырлар…


Махаббат жайлы жазылғанның бәрі де шын екенін аңғардым. Шекспир айтыпты ғой, «Бәрі де екі ғашықтың кездесуімен бітеді» – деп… Әдемі айтылған. Өз басым бұл сөздерден өзіме жақын ештеме таппаймын. Бірақ Шекспир тапқан шығар деп сенгім келеді. Ал былай қарасақ, мен махаббат жайлы шамадан тыс көп ойланатын сияқтымын. Бірақ махабаттың біздің өмірімізді түбегейлі өзгертіп жібере алатындай күш иелігіне тамсанамын. Айтпақшы, Шекспир тағы да мынадай ақылды сөз айтыпты: «Махаббатта көз болмайды» – деген. Міне, осы сөзіне мен толық келісемін.

Біреулерде түсініксіз жағдайлармен махаббаттары сөніп қалады.
Ал кейбіреуі өз махаббаттарын жоғалтып алады.
Және де, әлбетте махаббатты тауып алуға да болады, тіпті бір түнге болсын.
Сонымен қатар махаббаттың басқа да қыры бар. Ең қатыгез. Мұндай махаббат өз құрбандарына үміт те қалдырмайды. Бұл жауапсыз махаббат. Бұл жерде мен асқан шебермін. Махаббат романдарында адамдар көбінесе бір-біріне ғашық болады, ал қалғанымыз не істемекпіз? Біз біржақты махаббаттың құрбандарымыз. Біз ғашықтар әлемінің қарғысымыз. Біз сүйікті емеспіз. Біз аяқ басып жүрген аурулармыз. Біз толық тұраққа ие бола алмайтын мүсәпірлерміз… Ия, алдарыңызда дәл сондай жан. Өз қалауым бойынша мен 3 жыл бойы сол адамды сүйдім, өмірімдегі ең ұзақ 3 жыл, ең бақытсыз жылдар. Ең сорақы Рождество, ең сорақы туған күндер, жаңа жыл, бәрі жасқа толы көз бен валиумның көмегімен өтетін. Ғашық болған жылдарым өмірімдегі ең қара түнек күндерден құралатын, қалайша сондай адамға ғашық болдым, маған қарамайтын және ешқашан мені сүйе алмайтын адамға.

Білесің бе, «Мен сені түсінемін» деген сөздеріме сенуің қиын шығар. Бірақ мен шынымен сенің қандай күйде отырғаныңды білемін.

Лондонда мен біреумен кездесіп жүрдім. Біз бірге жұмыс істедік. Ал содан кейін мен оның 19-қабаттағы маркетинг бөліміндегі тағы бір қызбен кездесіп жүргенің білдім. Сөйтіп, ол, мен қиялдап жүргенде, тіптен мені сүймейтін болып шықты. Жалпы жаншылып, көңілі қалған адамның сезімі қандай болатынын мен өте жақсы білемін. Және де бұрындары ауырмаған жерің ауырғанын сезген қандай жаман десеңші. Одан кейін жаңа шаш үлгісін жаса, тренажер залына бар, кафе-барларда құрбыларыңмен көңіл көтер, бәрібір әр түн сайын өткен шақтың мезеттерін еске алып, «Неге бәрін дұрыс түсінбедім және неге мен бақыттан басым айналғандай болып жүруім керек?» деген сұрақтармен басыңды қатырасың. Ал кейде өзіңді, ол әлі де ойланып қайта айналып келеді деп сендіріп қоясың. Содан кейін, сенің уайымың қаншалықты ұзақ болса да, өмір сүресің, және жолыңда кездескен адамдар саған өз бағаңды түсірмеуге үйретеді. Сөйтіп жаныңның қашанда жараланған бөлшектері қайта жинала бастайды. Уайымдарың сейіліп, босқа кеткен жылдарың өткен шақта қалып, ұмытылып кетеді…

(с) “Отпуск по обмену” к/ф-нен

27 пікір | Тоғысқан тағдырлар…

  1. Аршат, сенің ойыңша қыз адам шансын жіберіп алмау үшін бір мәментте бірнеше жігіттің басын айналдырып жүруі құптарлық құбылыс па? Дәл осы жағдай жігіт тарапынан жасалса ше? Қалай болуы жөн өзі?

  2. Аршат says:

    мен бұрын сөйткен едім бір рет, 1 уақытта 2 қызбен жүрдім. кейін екеуінен де айрылдым еще осы поступок маған қайтып келді. 3 жыл босқа жүрдім деп ойладым сонда. бірақ түсінісіп айрылғандай болдық, әлі араласып тұрамыз алыста болсақ та.

    • ainameken says:

      Араласып тұру да жақсы ғой! Жалпы, өшкен махаббаттың достықпен орнын толтыру кез келгеннің қолынан келмейді😦

  3. Сен Түртсия елінде оқыған болсаң сол жақтың Нәрмин, Фериде мен Филиздері шығар дағы… Сен жүрген кезде екеуін де бірдей дәрежеде ұнатып жүрдің бе, әлде біріне аңсарың көбірек ауушы ма еді? Әлде әншейін студенттік жылтың махаббат па? Мүмкін ойын шығар…

  4. Аршат says:

    Гүльчин, Элиф деген қыздар болды. Элиф деген сука еді бірақ (кешірім сұраймын блог иесінен осындай сөзбен блогыңызды ластағаным үшін)

    Гүльчинмен бір рет қырылып қалып едік, сол кезде соткамның блокировкасы басылмай қалыпты. Элифтің номеріне байқаусызда звондалып кетіпті. Қырылып болып бір темекі тұтатып жіберіп Элифке звондайын десем баланс бітіп қалыпты, қарасам соңғы рет Элифке 9 минут звондалыпты🙂

    Содан кейін Элифті көрген емеспін🙂

  5. Сонда тоғыз минут бойында Гүлчин сөйлескен бе Элифпен? Екеуі бірге базарға барып, гөлфи, кофта алайық деп әңгімелескен шығар? Ужас, екі қызбен бір уақытта қалай лавировать етіп жүргенсің… Анау Ди Каприо сомдаған Ричи сияқты болғаның ғой…

  6. Аршат says:

    жоқ Гүлчин екеуміздің әңгімемізді тыңдаған ғой. Элифке арнап точно өлең шығарған жоқпын. Бірақ сұмдық әдемі қыз еді. Бір күні қасыма келіп тұр “сәлем” деп. таныс едік па десем кеше волейболда таныстық қой дейді. стипендия алып сол күні ішіп едік, танысқанымызды байқамай қалыппын. сосын дұрыстап танысып кеттік.

  7. Ол сені тәрк етіп кетті ме? Әлде бәріне кінәлі оқу, дұрысырағы оның тәмам болуы ма еді? Университетте неғып оқуды он жыл қылмайды екен дейсің осындайда…

    • Аршат says:

      қайсысын айтасың? Элифпен сол ана телефоннан кейін айрылдық. Гүлчинмен оқу бітер тұста. Пери дегенмен общежитиеден квартираға ауысқан кезде ау деймін ұмытып қалдым. айтпақшы Гүлчинмен жүріп жүргенімді мына жақта тастап кеткен қызым біліп қалыпты бөлелерімнен фотомызды көріп қалыпты. Каникулға келген кезде сразу наққа жіберді мені🙂

  8. satibaldi says:

    Бұл әңгіме, түбінде өлетінімізді нешінші мәрте растап тұрғанын баса айтып өтпеске болмайды.

  9. Akboken says:

    Қазақстанды білмеймін моңғолияда пәленің бәрі қыздардан шығады

  10. Ruslannnn says:

    Kazakh-turik seryalinin zhana scenarii aykindalip keledi…

  11. arsenal777 says:

    Керемет аударма!!! Осы киноны қарап анау бишара Кейт Уинслитті аяғанмын)))
    Қызық, бірақ меніңше, НАҒЫЗ махаббат – бұл жауапсыз махаббат. Ондай махаббат үшін адам өзін құрбан етеді, немесе өмір бойы бақытсыз болып өтеді; бұндай махаббат үшін адамдар кез келген әрекетке дайын😦

  12. ainameken says:

    жыладым, Зере, быт-шыт!!! :(((

  13. Madlen says:

    en manyzdysy, bul kinonyn sony happyend emes pa… eki basty keipker de ozderi armandagan “prince na belom kone” degendei serilerin tabady goi…optimizm kaida?:))) jana tan atady, jana kun keledi, jana adamdar, jana tanystar, jana mahabbat!!!!bari de keremet bolady:)))))

  14. Жазира says:

    Өмір онымен бітпейді ғой. Өмірде не болса да бәрі де жақсылыққа. Әрине қиын болады ғой, бірақ ешқашан жасымау керек. Ол қайта сені жоғалтып алғанына өкінетін болсын!

  15. zhanel says:

    мен бірінші рет ғашық болған кезімді кәзір есіме түсірсем, бір сәтке көңілім көтеріліп қалады. Алайда сол ғашығым: “Мен сенің махаббатыңа, саған лайық емеспін”, – деп тастап, үйленіп кеткенін есіме түсірсем ішім күйеді (Әрине ол сұлтау болатын). Кәзір өзімді сүйгенмен бірге боламын деп шештім. Құдайға шүкір ондай да адам табылды🙂

  16. Керім says:

    Ya, ote jaksu pikirler aiyulup jatur. Tyra kazir menin saitka kirip oki kalganum sol edi,jyregimnin shur ete kalganun kaitersin?! Men tyra kazir ote jaman kyidemin. Arine dyrus aitasun menin de maxabbatum satsiz aiyaktaldu, kandai jagdaida bolatunun 5 ke tysinip oturmun. Menin basumdagu jagdaidu eshkimnin basuna bermesin deimin. Jaraidu Allaga shykirshilik ety kerek deidi goi, ketken adam yany kerek eken/ Ol ketti, demek sagan kajet emes adam senen ketip jatur dep ozim-ozim aldap koiup oturmun. Alla satin salsun!

  17. file:///home/users/aibotaeva/Desktop/%D0%96%D0%B5%D1%82%D0%B5%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%B0%20%D0%93.%D2%9A./%D0%BC%D0%B5%D0%BD%20%D2%93%D0%BE%D0%B9%20-%D0%93%D2%AE%D0%9B%D0%9C%D0%98%D0%A0%D0%90.jpd

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: