Сәнденудегі 10 қателік


1. Мойын мен кеуде тұсын және әдемі аяқтарыңызды бірдей ашық көрсеткен жарасымсыз. Ашық декольте мен мини бірге киілген кезде, бұдан асқан бейпілділік жоқ. Мұндай киім-киіспен сізді ең кем дегенде талғамсыздықпен айыптар немесе одан бетер – жеңіл жүрісті қыз деп ойлауы мүмкін.

2. Джинсының ішінен көрініп тұратын стринги біраз уақыт бұрын көшелерде сұрықсыз кейіппен көздің жауын алатын. Қазіргі кезде мұндай киім-киіс ұмытылған сияқты, қуанышымызға орай. Сонымен қатар джинсы немесе юбканың ішінен көрініп тұратын колготкилерге де жол жоқ. Егер күн суық болып, амал жоқ болса, онда бөкседен келетін колготки сатып алуға тырысыңыз.

3. Босоножкиді нәскимен (колготкимен, чулкимен) ешқашан кимеңіз. Жалпы колготкидің тігістері көрініп тұрса, бұл көріксіз көрінеді ғой, сондықтан капрон колготкиді басы ашық туфлилермен де кимегеніңіз абзал.

1217205382_1216203829_image062

4. Фирманың үлкен логотипімен топтар. Бірнеше жыл бұрын үлкен брендтер осындай аурумен ауырған. Бертін келе біраз қарапайымдау жолға көшті. Қазіргі уақытта арзан ақшаға таза «D&G» топтарын алуға болады. Сондықтан, үлкен жазулармен топтарды киген кезде біраз өзіңіздің жасанды көшірмелермен қызығушылығыңызды көрсетіп қоясыз.

5. Клетка мен жолақтар бұл өте ашық және әркез сәнді, бірақ әрқайсы өзінше. Клеткамен жолақ бірге киілген кезде өте сұрықсыз көрінеді және ең әдемі фигураның өзін құртып тұрады. Сонымен қатар бұл «айуанға тән» маталарға да байланысты. Мысалы, көйлегіңіз леопард бояуларымен боялған матада болса, оны сондай типтегі туфлимен кимеңіз. Киіміңізде бір ғана «аяуанға тән» элемент жетеді.

6. Киімде «қатты ұнап тұр» деген сөз қолдануға болмайды. Шынайы болайық, мысалы леггинсыны алсақ, ол бәрімізге жараса кетпейді (арық аяқтарды одан сайын арытып көрсетеді, ал толық аяқтарда өте сұрықсыз көрінеді). Сондықтан өзіңізді алдамаңыз: егер киім жараспай тұрса, шешіп басқасын таңдаңыз.

7. Шорты+кроссовки. Шолақ шалбар немесе шортыны әркез өкшелі немесе өкшесіз туфлимен (босонжкамен) ғана киеді. Егер тек спортпен шұғылданамын демесеңіз. Кроссовкамен киілген шорты аяқтарыңызды әдемі етіп көрсетпейді. Сондықтан мынадай ережені ұстанамыз: аяғымызды ашқымыз келсе нәзік аяқ-киімдерді таңдаймыз.

8. Ұзын шубаны өкшесіз етікпен киюге тиым салынады. Ұзын былғары теріден жасалған киім ауыр және көзге тез түседі. Және сіздің біраз салиқалы мәртебеңізді білдіреді, сондықтан сол мәртебені өкшесіз етік киіп, төмен түсірудің қажеті жоқ.

9. Балағы кеңейтілген каприді етікпен кимеңіз. Бастапқыдан капри аяқтың төменгі жағын көрсету үшін ойлап табылған. Балағы кеңейіп тұрғандықтан толықтау аяқтар да әдемі көрінеді, сондықтан оны етіктің астына тығып қажеті не?

10. Жалтырағы көп киім мен гламурда ең бастысы шектен шықпау. Сондықтан жылтырақ суреті бар топ киген кезде джинсы немесе аяқ-киіміңізде жылтырақтың аз болуын қамтамасыз етіңіз. Сонымен қатар бұл кезде, жылтырақ браслет, сырға, очкилерден де бас тарта тұрған жөн.

12 пікір | Сәнденудегі 10 қателік

  1. satibaldi says:

    Анау судағы қыз сонда осы қағидалардың барлығын сақиаған ба? Капри кисе де аяғының төменгі жағы көрінбейді екен, ық-ық…

  2. satibaldi says:

    [Ұзын шубаны өкшесіз етікпен киюге тиым салынады.]
    ма*ма…

  3. balgyrgan says:

    7 пункт біртүрлі ұнамады😦 классикалық шорты болмаса, спортивті шортыды қалай босоножкамен киесің…

  4. Bayan says:

    Бәрі де ескеретін жайттар екен.
    Сосын ана 3 пункт өте дұрыс айтылған. Соны көбісі ескермейді. “Босоножки” деп аты айтып тұр емес пе жалаң аяқ кию керек екендігі, капронмен емес ия?🙂

  5. Айко says:

    9 пунктқа мен келіспейм. себебі. Етіктіңде етігі бар. қаз санды жапсырып іштей тартып тұратын етіктер бар. яғни жабсып тұрған етікке. кең балақты капри. уау ураган болмайд па Ақзере жан🙂
    уот солай. хи*хи*хи

    2 пукнтқа айтарым, моды деп моду қуғандардың бәрі баспен ойламайтындар дер едім😦 себебі әлгі сіз айтқандайға сай келед.

  6. D & G деген добалдай жазуы бар жейдені киетіндер өздерін дара сезінгісі келетін шығар, я? Ол да бәрібір жаздың ыстық күнінде қолтығы ылғалданып, сарғайып кетпесіне кім кепіл? Сондықтан… аяғыңызда нәски боп жатса, қағидиға сүйеніп босоножкі кимей, етік кию керек. Әйтпесе ұят.

  7. Rauan says:

    4 – бұрында жәмән жыным келетіні соған, бәрі нәәән D&G (толығымен!) жазуы бар заттарды кигенде… продакт плейсмент болып жүруге ұнайтын секілді соларға.

  8. Madlen says:

    Akzeeeereee, munda “mujchinam vhod vospreshen” dep koyu kerek koi, aitpese barlyk sekretterimiz shygyp ketipti:(((

  9. Дони says:

    men bgan kelispeimin

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: