Өмірді сүюге бір себеп…

Маусым 8, 2009

Кеше үйлеріне қайтқан қонақтардан кейін бір шара ыдыстарды жуып жатып, бірдемеге қатты ғашық екенімді түсіндім… Неге дейсіздер ғой, Fairy ыдыс-аяқ жуатын сусабынына. 🙂

Жарнама деп түсінсеңіздер де, бірақ P&G-ден бір тиын да алған жоқпын, жәй ғана осы жаңалығына менің алғысым шексіз. Менімен қатар миллиондаған қыз-келіншектер келісетін шығар. Осы жерде оқып отырған әрбір қыз майлы табақтарды жай ғана сумен жуған қандай қиын екенін білетін боларсыздар. Әсіресе бешбармақтан кейінгі табақ, не майлы соуспен жасалған тағамдар, тіпті қуырылған картоптан кейінгі табаны жуу деген ләззатқа бөлейтін істер емес… Ал мына кереметтің бір тамшысының арқасында ыдыс-аяқ жуу ешқандай проблемаға айналмай қалады.

Бұрынғы кезде сонда апаларымыз қайтіп жуған деп ойлаймын да… Дегенмен де осы кезде өмір сүріп жатқанымыз қандай жақсы, қандай жеңіл… Мен өмірді сүйем! 🙂