Балалы үй – базар…


Бүгін балаларды қорғау күні. Қазақта жақсы мақал бар ғой: “Балалы үй – базар, Баласыз үй – қу мазар” – дейтін. Осы мақал кейбір отбасыларына түрпідей тиетін сияқты. Шындығында бүкіл әлемде бала сүйе алмайтын қаншама отбасылар бар. Бұлар осы мақалды естісе, онсыз да қанталаған жүрегіне жаншып пышақ сұққандай болатын сияқты…

Бұрынғы ата-бабаларымызда “тастанды бала” деген болмаған дейді. Ал қазіргі кезде біздің елде жетімдер үйінің бар екендігі және онда балалар санының көбеймесе, азаятын түрі жоқ. Және көптеген асыраушылар шет елдіктер екенін құлағымыз шалып жатады.

Менің ойымша, қазақ менталитеті неге екені, тастанды бала асырап алуға бейім емес. Жетімектерге көмектесіп, жанашыр болуға бармыз. Бірақ тек асырап алуға емес. Осыны түсіне алмай-ақ қойдым. Не кедергі? Әлеуметтік жағдай? Немесе эгоистік сезім: өз жағдайымызды жасап алайық, не бар балаларды жеткізіп алайық деген сияқты. Не біреудің баласы біреуге бала бола алмайды деген ба?

Қорғағымыз келеді… бірақ бәрі тек көңілдің ішінде ғана, бәріне қамқор болу қайда деп қана тыныш отыра береміз… Қатты болып барамыз ба?

1216839152_24_kids_57648

40 пікір | Балалы үй – базар…

  1. Bayan says:

    Меніңше, қазір осы асырап алатындар саны көбейіп келе жатқан секілді.
    Бала асырап алу, әрине, оңай шаруа емес:
    1. Адам іштей дайын болу керек,жауапкершілік бар.
    2. Менталитет те әсер етпей қоймайды, “өзгенің баласы бала бола ма” деген тума-туыс, таныс, ауыл-аймақ арасында пыш-пыш әңгіме шығып кетеді деп қорқу бар;
    3. Құжат дайындаудың ұзақтығы.

  2. ainameken says:

    …. ауы-ы-ы-ыр күрсініс

  3. //Менің ойымша, қазақ менталитеті неге екені, тастанды бала асырап алуға бейім емес.//

    Міне, мені де ойландарытын жағдай. Бейім болмау себебіміз, біз, қазақтар, шын мәнінде, өте бауырмал емеспіз. Жай бос сөзбен айтамыз ”Бауырмалмыз” деп. Осы сөзіме ренжіген адам ренжіп кетсін, бірақ бұл ақиқат. Оны өзіңіздің және Баянның сөздері (“өзгенің баласы бала бола ма” ) аңғартып тұр. Олай болса, бар нәрсе бар, жоғы жоқ.

    Сіздердің де мерекелеріңізбен!
    Ата-аналарыңыз үшін баласыздар әлі де.🙂

  4. Bayan says:

    Рахмет, Аңсар! Сені де мерекеңмен!🙂
    Баршаңызға іні-қарындастырыңыздың, кішкене бауырларыңыздың, балаларыңыздың (Аршаттың Әминінің🙂 ) )бүгінгі мерекесі құтты болсын!

  5. akzere says:

    Менің ойымша бала асырап алу үшін үлкен күш-жігер мен ақылдылық керек. Әлбетте асырап отырған балаға оның тұқымы әсер етпей қоймайды. Бәлкім, ата-анасынан берілген жаман қасиеттерді бойына сіңіріп алған шығар, ол да қанмен берілетіндері бар ғой. Соның бәрін дұрыстап, тәрбиелеп шығару үшін мықты адам болу керек.

    Сосын, өзіміз әрең жүргенде біреудің баласын қайтеміз дейтіндер көп… Не то что, басқанын, тіпті туғанның баласын күндейтіндер де бар екенін жоққа шығара алмаймыз…

  6. 12aikon1986 says:

    ММММ ауыр ойлар салып кеттің ғой. Үйдегі балақандарды көргім келіп кетті.

  7. aldeken says:

    Күннің де көлеңкелі жағына көз салып, оқырманыңызға ой салыпсыз.
    Тастанды бала мен шетелдіктердің қазақтан бала асырап алуы біразға дейін өзекті мәселе болатын шығар… Себебі, бұрынғы бабаларымызда татанды бала болмаған себебі, Аллаһтың жазуымен ата-анасынан айырылған баланың тентіреп жүруіне туыстары жол бермеген, рудың үлкендері ондай балалаларды жақын туыстарына теліп, тәрбиесіне беріп, болашағына жауапкершілікпен қарап, туысқандары тарапынан(адам аласы ішінде ғой) теперіш көрмеуін қадағалауға тырысқан.
    Шетелдіктердің бізден (қазақтардан) ала-бөтен бала асырап алуға неліктен аңсары ауып жүргендігі де жасырын емес. Ол ұлттарда біздің ұлттағыдай жеті атаға дейін қыз алыспай, қанын, тұқымын таза ұстаған дәстүр болмағанықтан бүгінгі таңда гендік кеселдердің зардабын тартуда, бұл турасынан келгенде олар еріккеннен, болмаса еміренгеннен емес, бар-жоғы өз әулетінің, одан асса ұлттарының тұқымын тазарту (жаңарту) мақсатындағы саясатты жүзеге асыруда.
    Сондай-ақ, олардың бала асырап алғаны үшін мемлекет тарапынан алар жәрдемақылары мен жеңілдіктерін біздің ағайындарға берсе, біздікілер жетімдер үйін қаңыратып бос тастауы бек мүмкін деп ойлаймын. Қайткенмен де, мемлекеттің жәрдемақысы мен жеңілдіктерін көрсе, бүгінгі айтқан сылтауынан айнып шыға келеді көбі. Сенімдімін.

  8. Қосақ says:

    “Қазақ бауырмал емес” дегенге келіспеймін. Дүниеде қазақтан асқан бауырмал халық жоқ. Сол асқан бауырмалшылығынан осы күнге жетіп отыр. Қолға түскен балаларды тәрбиелеп, үй қылып, өз руына сіңіріп жіберген. Туысқандарынан бала асырап алу баяғыдан бар емес пе, асықты жілік ұстатып, өзіне бала қылып алу деген. Қазақтар “тек” дегенді қатты ойлайды ғой, балалар үйінен асырап алмауы – сол текке байланысты, бұл да бір кедергі. Сосын, қазіргі кезде қазақтарда бала туу көрсеткіші жаман емес, орыстар деңгейіне жеткен жоқпыз. Қазақтарға бала асырап алудың қағазбастылығы да кері әсерін береді. Мемлекет Ресейдегідей күшті жарнама жасап, жеңілдіктер мен жәрдем ақысын дұрыс жолға қойса, асырап алатындар көбейеді деп ойлаймын.

    • Kazirgi kogam kazakhtary.
      Buryngy kazakhtarga söz jok. Ärine men ewkashan barlyk adamga birdei baga bermeimin. Jalpy algandagysyn aitamyn.
      Ogan mysaldardy otkendegi Kazakhstanga jasagan saparymnan baikadym. Jane baspasözde jaryalanyp jürgen kei mälimetter mäseleler de sonyn aigagy.

      Bauyrmal kazakh agaiyndy balasyn jetimsireter me edi?? Nemese Kartar üiine aparyp tastar ma edi?? Menin anam Kartttar men mügedekter üiinde isteidi, jumysyn barganda köresin közderi jäutendegen apa-atalardy.
      Demek, bizdin kogam bauyrmaldykka jakyn emes.

  9. urimtal says:

    Меніңше баланы жақсы көру ұлтқа бөлінбейтін тәрізді. Сондықтан, біреулер бауырмал, біреулер бауырмал емес дегенге келісе алмаймын.
    Баланы асырап алу, алмау адамның жеке өзіне, ішкі сезімдеріне байланысты. Кішкентай баланы меніңше тек қана жүрексіздер ғана жақсы көрмейді. Пәктіктен бас тарту қалайша мүмкін?

  10. yesengul says:

    Ақзере, ойың өте дұрыс. Сені әлеуметтік мәселелердің толғандыратыны маған әсер етті. Ал, енді асырап алу өте үлкен жауапкершіліті және басқа кілтипандарды талап етеді. Бала күнімде баласыз бір отбасының өзінің жиенін жұмыртқадан шайқап асырап, оқытып сақтап, жеткізгеннен кейін, елдің көзінше ит қылып кеткенін көргенім бар. Бірақ, әлгі кісі кейін өз қателігін түсініп, ата-анасының аяғына жығылды. Ата-ана кешірмей қайтсін. Өлгенде көргені қой. Бірақ, сол кездегі көрініс менің көз алдымда қалып қойды. Демек, бұл іске тәуекелі мықты адамдар ғана бара алады. Қазақ американдықтар секілді “сен асырандысың” деп баласының көзіне шұқып отырмайды. Шамасы келсе оны жасырын ұстауға тырысады. Кейін білініп қалса, қай-қайсысының да жүрегіне оңай салмақ түспейді.

  11. Ақбөкен says:

    Егер менің қолымда билік болса әлемдегі барлық жетім балаларды асырап алушы едім.

  12. Maratkhan says:

    Біздің қоғамымызда баланы туғанынан бастап нәресте күйінде асырап алғанды жөн көреді. Үйренісіп кетуге оңай болатын шығар…

    Асырап алу заңды түрде ұзаққа созылады. Анасы бас тартқан нәрестені дәрігерлердің аспандаған бағамен сатуы содан келіп шығады. Ал, екінің бірінде 3000-5000 БҚШ доллары табыла бермейді.

    • Bayan says:

      Жоғарыда Қосақ деген оқырман дұрыс айтты, қағазбастылық көп. Маратхан айтқандай, заңды түрде өте ұзақ уақыт кететіні де кедергі. Ақшаға сатып алуы былай тұрсын, қағаздарды реттеуді жеделдетіп беру үшін де ақы талап ететіндер көпшілік. Осының өзі де біраз кедергі келтіреді.
      Бір байқағаным, қырқынан шығып үлгермегеннен бастап 2 жастағы баланы асырап алуға ғана ынта бар.

  13. Айко says:

    Маратхан оны қайдан алдыңыз 5000 доллар дегенді😦 ма*ма ужс десей. бірақ
    сол ақшаны баланың влажениясы ретінде салыпта кейін өзіге иемденіп алуына болатын шығар…
    бірақ менде естідім, бізде КЗда асырап алу өте қиын екен. бұрындары қазақтарға таңқаламында, балдарын інісіне, қайнысына, қайын әпкесені бере берген докмент жүзінде де. мүмкін олар ертең тағы бір 9 табармын деген есеппен беретін шығар. бірақ деймінда, детдомда толып атқан балаға неге көз салмайд екен. баланың психикасына әсер еткенше дейм да😦 туыстан/туысқа бергенше

    кішкентай балдардың күлкісі, ойны, ой арманын көру де бір бақыт қо адамзат.

    Японьімнің мектебінде жақында бір кісі балалы болыпты осындай жолмен, ол елдің бәрне қуанышын жасыра алмай айтатын болса керек болницаға бардық жаңа туған баланы алып қайттық деп. видмо осы үлкендер ойлад… балдардың көзінше сөз қыла беред те, проста ұмтып кетед дейді ме, әлде мән бермейд естімейд дейді ме. Ал енді үйге кеп ап Японь жыласын, елдің бәрі барып алып кете беред екен ғо. бізде барайық бұ жолы егер беріп атса бірден 3 бала алайық болницадан. 1 қыз, 2 ұл деп🙂. Япь бұл мүмкін емес қо десек, онда не үшін ақша жиямыз дейсіңдер, егер маған қалаған ляля әпермейтін босаңдар деп жыны шығады🙂

  14. akzere says:

    Алдында бір телебағдарламада осы мәселе қозғалды. Яғни, жасанды ұрық жайлы. Оны дінтанушы біреу, бұл дұрыс емес, яғни суррагатная мать деген ол күнә дегенді айтты.
    Қалайша күнә? Ол ғылымның жеткен дәрежесі. Ол бір отбасын, бір ана мен әкені бақытты еті. Бұдан неге ол күнә болу керек?
    Бәрібір баласыз адамды біз түсіне алмаймыз.

  15. minister says:

    Ағайынның баласын сұрап алғанша жаңадан туылған жетім баланы асырап алған дұрыс ,меніңше. Туылғанда бала тастап кеткен ата анасына тартып тұрады деп ойламайм , сондықтан сәби кезден жақсылап тәрбиеелеп алса айтарлықтай проблемма тудыра қоймас егер тәрбие жақсы болса

  16. Kagaz bastylykty jasaitynda sol kogamnyn müsheleri. Olai bolsa, olardyn da jüreginde jetimderge degen meiirim men adamdarga degen süiispenshilik jok. Bauyrmal adamdar nege bulai isteidi, eger shyn mänende bauyrmal kogam bolsanyz?

  17. technosyndrom says:

    Мен Аңсардың алғашқы пікірне қос қолымды көтеріп қосыламын. Бауырмалдық, іш тарту деген – қазақта тек декларативті қасиетке айналғаны қашан!
    Енді міне, өзіміз-өзімізге иемденіп алған бауырмалдық еш жерден көрініс таппағасын, оны “қазақтар тектілікке қарайтын халықпыз!” деп бөсіп, тасбауырлығымызды ақтауға, әлдебір теорилық база жасақтап жатырмыз.
    Барлығы – өтірік! Айтпақшы, зайырлы көріну үшін өтірік иемденіп алған қасиеттеріміз: қонақжайлылық, намысшылдық, ұлтжандылық. Осыларды бізде бар деген адамның бетіне қарап, тарқылдап күлер едім.

  18. technosyndrom says:

    Әкел бетті!🙂

  19. Ит-мысықты жөндеп асырай алмайтын қазақты бала асырап алады деп… Уа-ха-ха! Әжем кешірсін!

  20. akzere says:

    Бәрінен бұрын маған суреттегі бала ұнайды… Кімнің баласы екен?…🙂

  21. Айко says:

    жапондық ляля болса керек Зере жан🙂

    Нақұрыс жынд десе :))), елдің бәрін шошытып мына яқта мен отрм көзден кетіп.

  22. Bayan says:

    Кімнің баласы?🙂

    Кімдікі болса да, сүйкімді екен….
    Шаштарын қарасайшы🙂

  23. musicola says:

    ал мен оқушы болғаннан бастап ойладым асырап алам деп. ол ойым әлі де күшін жойған жоқ ))) өзімде 2 болса, асырап алсам 3 еу болат. ляляляаааааа

  24. mаkе says:

    мюзи десе,сөзбен оңай көрінгенмен бәрібір өзіңдікіндей болмайт

  25. akzere says:

    Мәке, Кендебай, қызық, неге олай ойлайсыздар? Түсіндіріп жіберсеңіздер? Мейірімдеріңіз шектеулі ма?

  26. kendebay says:

    Егер өз бауырларымның баласын асырап алатын болсам, онда оны өз баламдай көре аламын.
    Ал егер басқа біреудің баласы болатын болса, мысалы орыстың баласы дейік… Жо-жоқ. Ты что?

    • akzere says:

      Бұл жерде орыстың баласы емес қой. Әлбетте басқа ұлттың баласы жайлы әңгіме емес, әңгіме дәл осы қазақ балалары жайлы айтылып жатыр.

      Шындығында келе, сол Аңсар мен Ерекеннің пікірлері дұрыс сияқты осы…😦

  27. musicola says:

    оларды соооооооондай аяймын. білмим, бір сондай баланы өз баламмен қатар бақытты еткім келет…

  28. mаkе says:

    мюзи, сіздің біржақты шешім қабылдап,(болашақ)күйеуіңізді көзқарасын қандай қып беретіні жайлы жартыауыз сөз қоспай отырғаныңыз күмәнді

    • musicola says:

      маке, күмәнді дейсіз бе? әрине, болашақ жолдасыммен ақылдаспай қала алмаймын ғой. сонда да, мен жаман нәрсе айтып отырған жоқ сияқтымын сіз күмән келтіретіндей…
      сондай балаларды , бір мес бірнеше балаларды асырап, отырған бір бизнесмен, дін жолындағы апай бар ғой, ол туралы не айтасыздар?

  29. mаkе says:

    он байға тисеңіз де құдайбұйрықты бала санынан аса алмайсыз

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: