Логика қайда?! Логика…


Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылатын күн. Қазіргі кезде мектепті сағынып, оқығым келеді деп айта алмаймын. Мені мектепке деген сағыныш мүлде баурамапты. Тіпті бітіріп кеткенім қандай жақсы деп қуанамын. Кейде ойлаймын да, егер мектепте тек тарих, әдебиет, география деген сабақтар ғана болса бәлкім сағынатын ба едім деп, сонда қарап тұрсақ менің есеп-қисаптық ғылымдардың кесірінен мектепте оқығанды жақсы көрмеген болармын.

Мектепте оқып жүргенде логикалық есептер деген сабақ болатын (шындығында жек көретінмін осы сабақты). Сонда бір есеп болған еді, үлкен талқылаулармен шешілгендіктен есімде қалып қалыпты. Сол есептің жауабын шеше алмадым сол кезде. Бәлкім, қатты ойланғым да келмеген болар. Біздің сыныпта небір математиктер оқығаннан, оларға бұл есеп оңайға түскендігі белгілі. Жауабын шешіп, көпшіліктің ықыласына бөленген-тұғын.
Бүгін сол есепті интернеттен тауып алдым. Орысша екен, қазақша нұсқамен ұсынып отырмын. Ал ойланып, шешіп көріңіздер…

Бір күні үш дос: мүсінші Ақбасов, музыкант Қарабасов және суретші Сарбасов кездесіпті. «Біздің біріміздің шашымыз ақ, біріміздікі қара, біріміздікі сары екен, бірақ ешқайсымыздікі фамилияларымызға сәйкес емес», – деп қара шаштысы байқампаздығын танытыпты. «Дұрыс айтасың», – депті Ақбасов. Суретшінің шашының түсі қандай?

5 пікір | Логика қайда?! Логика…

  1. urimtal says:

    Қара шашты қидым суретшіге. Шынымен де ұзақ ойлану керек екен.

  2. ruslannnn says:

    Түк түсінсем бұйырмасын.
    Ақбасов біреуге жауап берген болса, бірінші «Біздің біріміздің шашымыз ақ, біріміздікі қара, біріміздікі сары екен, бірақ ешқайсымыздікі фамилияларымызға сәйкес емес» тұжырымын айтқан – Қарабасов немесе Сарбасов.
    Бірақ, “қара шашты” болғандықтан, ол – Сарбасов.

  3. akzere says:

    Барлықтарыңыздікі дұрыс🙂 Бауыржан жақсы түсіндіріп беріпті, рахмет!

    Ақбасов келіскеннен, тұжырымды Қарбасов, не Сарыбасов айтты. Ақбасовтың шашы сары, Қарабасовтікі – ақ, Сарыбасовтікі – қара.🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: