Ғажайыпқа сенбеймін, бірақ сиқыршыны іздеймін…


Ванда Блоньская деген поляк журналист қызын танымайды екенмін. Бірақ бірер айтқан сөздері жымитып, блогыма жазуға түрткі болды.

Менің өтірігіме өтірікпен жауап бергенді жек көремін. Бұл дегенің әділетсіз бәсекелестік қой.

Еркектің құшағына тек бір ғана әйелге орын бар.

Қартайып барамын деп ойлай берме – бұл қартайтып көрсетеді.

Қыс жақындаған сайын біз куәліктегі суреттерімізге ұқсап кетеміз.

Еркектің өз бетінше қабылдайтын соңғы шешімі – үйлену

Табысым екеуміз баяғыдан бірге тұрмаймыз.

Басынан бастап жатсақ, онда соңы жақын деген сөз.

Бұрынғылар есі кеткенше сүйетін, қазіргілер тек неврозбен шектеледі.

Махаббат қанаттандырады: біреуін – құсқа, біреуін – жарқанатқа.

Әйелдің жарты сөзіне ғана сенуге болады, бірақ қай жартысына?

Еркектер ит сияқты: байламай ұстасаңыз сізге байланып қалады.

Тәртіпті қыз болған да жақсы: тым құрығанда ешкім сені күндемейді.

Бұрын жазған махаббат хаттарымды оқып ұялатыным бар, соның бәрін кімге жазғам?

Өмір деп жүргеніміз, сол бүгіндік жоспарларымыз ғой.

Зауыттарға да адамдар сияқты түтін шығару қиынға соғатын шығар.

Ерлер әйелді түсінуге тырысқан сайын құпиялар шырмала береді.

Ғажайыпқа сенбеймін, бірақ сиқыршыны іздеймін.1187048487_illystr21

14 пікір | Ғажайыпқа сенбеймін, бірақ сиқыршыны іздеймін…

  1. Айко says:

    во енді позетіп, мына қыздың төбесі тесік екені көрніп тұр, в хорошем смысле 🙂

  2. Konil Ashar says:

    рахмет бөліскеніңе қызық екен шынымен..
    “Басынан бастап жатсақ, онда соңы жақын деген сөз”
    шынымен бір дағдарыс болғаны ғой раз бәрін қайта бастау керек боп жатса.. бірақ сынған құмыраны қайта жасауға келметіндей қайта бастау мүмкін емес шығар, тек сол келген мид пойнттан қайта басқа бағытқа жүру деген болмаса…

  3. arsenal777 says:

    анау кемпір подружкасын уландырып, өлтірмекші ме :)))

  4. 12aikon1986 says:

    Ой өлдім күлкіден. Шыныменде қызық ойлайтын қыз екен 🙂

  5. Konil Ashar says:

    wahahaha men shoto basydna ana suretke man bermeppin:)
    demek sozderdin jaqsy bolgany goi:)

  6. Ainur says:

    Шынында да, тәртіпті қыз болған жақсы ғой..)

  7. Rauan says:

    Анау ит туралысы, сосын соңғысы өте ұнады (Саган айтқандай, про парней, “давно влюбленных в высокую блондинку”).

    Екіншісі прикольный… Не то чтобы мен қолдаймын оны, бірақ Конфуций атамыз (o_O) айтып кеткен, что “Нормально, когда из одного чайника разливают в шесть чашек, и совсем не нормально, когда в одну чашку наливают из шести чайников”… Бірақ бұл соңғы “құбылысты” порицать ету үшін айтылған шығар. 😛

    • akzere says:

      Ох, Рауан… не дейсің?.. 🙂
      Ана чашка туралы өсиет көбіне мыжылып жүретін “қыз ор нот қыз” тақырыптарында көп жүруші еді…

  8. urimtal says:

    Бұрын жазған махаббат хаттарымды оқып ұялатыным бар, соның бәрін кімге жазғам?
    Ойланарлықтай… қазіргі нұсқасы “…смстердің бәрін кімге жазғанмын” болатын шығар.

  9. Қосақ says:

    “Еркектер ит сияқты: байламай ұстасаңыз сізге байланып қалады”.
    “Ерлер әйелді түсінуге тырысқан сайын құпиялар шырмала береді”.
    Мына жазулар терең ой салады екен. Ал, мына жазуы: “Еркектің өз бетінше қабылдайтын соңғы шешімі – үйлену” – дегеніне тек жымиып (Зеренің жымитып көшіргеніне) қою керек сияқты.

  10. ainameken says:

    Қызық әрі ерекше екен! “Ғажайыпқа сенбеймін, бірақ сиқыршыны іздеймін” деңіз. 🙂

  11. Ванда Блоньскаяға нақұрыс сұрақтар
    //Менің өтірігіме өтірікпен жауап бергенді жек көремін. Бұл дегенің әділетсіз бәсекелестік қой.//
    Өтіргіңізге шындықпен жауап берсе, әділетті лоқтану бола ма?
    //Еркектің құшағына тек бір ғана әйелге орын бар.//
    Бұл тұжырымды шығару үшін, еркектер мен әйелдердің дене бітімінің орташа пропорциясын есепке алдыңыз ба?
    //Қыс жақындаған сайын біз куәліктегі суреттерімізге ұқсап кетеміз.//
    Сонда куәліктегі суретке де закатка жауып жатқан кезіңізде түсіп пе едіңіз?
    //Махаббат қанаттандырады: біреуін – құсқа, біреуін – жарқанатқа.//
    Ал біреулерді керісінше, 9 айға қанатты дүниелерден айырады деп ойламайсыз ба? Мәселен, ана пәле “…с крылашками”.
    //Еркектер ит сияқты: байламай ұстасаңыз сізге байланып қалады.//
    Сонда әр әйелдің бойынан зоофилдік қасиет іздеуге толық негіз бар дегіңіз келе ме?

    Құдай біледі,бәлкім, жауаптары табылып қалар…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: