Шектеулі достастық


Менің бала күнімнен бірге өскен құрбым бар. Біз бірге мектепте оқыдық, кейін колледжде, кейін универде… Көрші тұрдық.
Жұбымыз мүлде жазылмайтын. Қайда барсақ та бірге баратынбыз, бірге қайтатынбыз, әңгіме деген таусылмайтын. Оның өмірінде болып жатқан жаңалықтардың бәрін мен білетінмін, сәйкесінше ол да менің өмірімдегі өзгерістерден әркез хабардар болатын. Оған қарап, мен өзімді танитынмын. Екеуміздің қалауымыз ортақ, таңдауымыз ұқсас, пікір-ойларымыз бір жерден шығып жататын.
Барлық бізге жақындасқан адамдар құрбым екеуміздің достастығымызға тамсана қарайтын. Екеуімізді бір-бірімізсіз елестете алмайтын.
Бір уақыттарға дейін мен де соны елестете алмайтынмын…

Одан кейін бәрін ОЛ келіп құртты… Оның өміріндегі үлкен махаббаты.
Басында түк өзгермегендей болатын. Әлі де әңгіме көп айтылатын, әлі де сағынысып, қауышамыз. Сосын кездесулер мен әңгімелер саябырсыды. Ал қазіргі кезде ортақ түк те қалмаған сияқты көрінеді.

Көп уақытқа дейін осыны жоққа шығаруға тырыстым. Бәрі жақсы, әлі де екеуміздің өмірімізді байланыстыратын көп нәрсе бар ғой дегенге сенгім келді. Бірақ, бәрібір арада бір суық леп сезіледі. Оның ойлары сол махаббатынан тұратын өмірі мен жағдайлары, ешкімге ашылмас құпиялары. Тіпті маған да онда жол жоқ екенін сеземін.

Соңғы кездері мен де оған не айтарымды білмей қалатын болдым. Алып-ұшқан менің интернет өмірім оған дым қызықсыз көрінеді. Жалпы тыңдағандай болады, бірақ ішім сезеді оған қызықсыз.

Оны мен жеке өміріне қызғанбаймын. Жәй ғана, достастық уақытша құбылыс екенін түсіндім. Кейде көп жылдарға созылуы мүмкін, кейде аз уақытқа ғана. Сондықтан егер біз бертін келе тіптен араласпай кетсек те оған таң қалмайтын жәйім бар. Тек ортақ естеліктер мен армандарды аяймын, қайбір кездері ыстық болып көрінетін олар, бертін келе еш мағынасыз болып қалғандай…

25 пікір | Шектеулі достастық

  1. Rauan says:

    Шынымды айтсам, балдардың өті жиі (әсіресе соңғы кездерде, бәрі жұбайлы болайын деп не үйленіп жатқан кезде) айтатын әңгімесін қыздардан есту қызық екен.)

    Ойыма келетіні тек “Ондай-ондай болып тұрады”.
    Бірақ тәжірибе көрсететіндей (менің емес)), мұндай достар не болашақта жанұясымен достасып не бұрынғы шақтарды еске түсірумен жүріп, мүлдем араласпайтын болады. Заман солай дегендей.

    Ал достастық уақытша дегенің, достартың өзі не екені туралы не ойлайтыныңа байланысты.

    Саған қымбат адам бар, оның өмірінде бәрі жақсы және ол бақытты екеніне қуанасың… Немесе ана *ота*пас мені мүлдем ұмытып кетті, “звандамайт” та, ондай достардың маған не қажеті бар десең, бұл менің бір кластасым айтқандай, “подружки для entertainment”.

    • akzere says:

      Жоқ, Рауан, әрине, айтқаның дұрыс, мен ол үшін бақыттымын. Жеке өмірі қалыптасты, жақын адамы бар дегендей… Звондамаса да түсінемін…

      Ал жігіттерге келетін болсақ, отбасы болып араласу көбіне жігіттерде жақсы жалғасады. Ал қыздардікі күйеуінің айтқанынан шықпай қалады көбінесе… Вот сондықтан, қыздардың отбасы болып араласуы өте сирек кездесетін құбылыс.
      Бұрын просто қыздар күшті подружка болады деп қоймаушы едім🙂 аяғында…

  2. Ansar says:

    Өмірде көптеп кездесетін жағдай. Қаншалықты қиындыққа тар болса да, араларын үзбей жүргендер де бар. Егер араларыңыздың сууы болмашы бір жағдайға келіптірелсе, онда, олай болу себебі адамның(қатынасты үзуші немесе алыстатушы адам) адамгершілігіне байланысты жер едім.

    Адам әлсіз жаратылыс. Сөзсіз өзгереді. ”Мен өзгермеймін” деген адам қателеседі. Өзгерген адам айналасындағылармен басқаша қатынаста болады. Біреумен жақын, ал енді біреумен алыс қатынаста.

    Мен үшін: Өмірде ешкімге сенім жоқ екен. Дос ретіндегі ге де, сыйласатын адамдар ға да.

    • akzere says:

      Аңсар, өмірде адамдардан көп көңілің қалған сияқты. Менің де көп көңілім қалып жатады.
      Соңғы кезде тағы түсінгенім, біреуден көңіл қалмас үшін, одан көп нәрсе күтпеу керек екен.
      Орысша айтқанда, “Чтобы не разочаровываться, не надо очаровываться” деген сөз.
      Бастысы сенуге болады-болмайды емес, жалпы жақын келген адамды, ол да сен сияқты адам деп қабылдау керек сияқты. Артықшылығы да бар, кемшілігі де бар. Ең бастысы өз-өзіңді алдамасаң болғаны, шынайы өмір сүрсең, жаныңа да шынайы адамдар үйір болады…

  3. Madlen says:

    🙂 Eger ol shynymen de sol mahabbatymen basy alek bolyp, baskalarga uakyty jok bolyp jurse, demek shynymen de suigeni shygar. Akzere, kurbyn ushin kuanbaisynba:) Omirlik dos bolu kiyin, al omirlik jar tabu odan da kiyin. sol uwin, ogan renjime:)

    • akzere says:

      Сіздер мені түсінбедіңіздер… Мен ол үшін қуанамын ғой… Мен жәй ғана достық пен мәңгілік деген екі сөз синоним емес екенін түсіндім дегім келген.
      Бұрыннан мен қыздар күшті дос болады дегенді айтып, қоймайтынмын…

  4. balgyrgan says:

    😦

    Шектеулі деген сөз жаман, ия… Әрбір қыздың өмірінде болатын дүние сияқты(жігіттер жағын білмеймін), тек бірінде жанға бата білінсе, бірінде тіпті байқалмайды да…

  5. Иә, шынымен қыз бала тұрмыс құрғасын күйеуінің айтқанына әрі аса алмай, аралас-құраластар шеңбері күйеуінің қалауымен болады. Сондықтан интернетте көптеп виртуал дос жинаңыз, олар мәңгі!🙂 Солай ма, Балдырған, Айко мен Айкона? Солай ғой, иә, Ақзере?🙂

  6. arsenal777 says:

    өте өкінішті екен, мен де сен сияқты көп ретте, қыздар арасындағы достықты жоққа шығаратындарға қарсы келетінмін. Сен сияқты, балабақша, мектеп, университетте бірге жүрген құрбым бар, егер де онымен жұбымыз айырылса, мен өзімді бақытсыз сезінетінімді білемін. Бақытыма орай(о_О бақытыма?) ол әлі тұрмыс құрған жоқ, бірақ ондай болса, бәрібір достығымыздың еш өзгермейтініне сенгім келеді. Әйтпесе универдегі тұрмысқа шығып кеткен қыздардың 90 %мен қазір араласпаймын, іздемеймін де…
    Сенің құрбын уақыт өте келе, міндетті түрде солай болғанына өкінер, бірақ…

  7. 12aikon1986 says:

    Менің жан құрбым өкінішке орай осылай етті. Іздейм, хабарласам бірақ “ертең” деген сөздердің астында қалам. Ақзере сені түсінем ғой, ең бастысы уайымдамшы.

  8. akzere says:

    Шынымен де жігітке де байланысты. Түсінігіне, ақылына. “Сенің достарың, ол менің де достарым” деп жылы қабылдап тұрса керемет болар еді. Сондай болуға тырысса ғой бәрі…

  9. Konil Ashar says:

    жұмыс бар, үйдің шаруасы ол бар деп шыға алмайтыны рас..
    бірақ сырымызды бөлісе алмай қалатындай ондай жағдайға жете қоймағанымызға шүкір деп ойладым сені жазбаңды оқып..
    бірақ уақыт өте келе адам да өзгереді тіпті ол жігітінің де қатысы болмауы мүмкін, кейбір қыздар сол күйеуінің өмірімен, интересімен өмір сүреді, дос оларға керек емес. ондай да құрбыларым бар, 180 градусқа өзгеріп кеткен..

  10. Konil Ashar says:

    айтпақшы Ино мен Сакураның суреттерін қойыпсың🙂
    Naruto-ны қарайтын біреу менмін, бұл қыздар бір жігітке таласатын қыздар болған, бірақ кейін жөнделді аралары:)

  11. Айко says:

    уахахаха. инеттегі достық/әнектерге не жетсін Я🙂

    сыбап я болмаса мінейтін қалде емеспін, Бір Бред Пит келіп есімді аударса🙂 міндетті түрде соның айтқанынан шықпай қалуымда мүмкін :)))

    “ой бабы” деген cөзді бір “көгілдір” сабақтас тансым айтуЧ ед😦 қолыңд қазір тістеп алам дейтінмін🙂 осы сөздің мән/мағынасын әлі түсінбей*ақ келемін???

  12. АйЛуна says:

    Ақзере,
    менің құрбым да тұрмысқа шыққан соң, кішкене өзгерді, бірақ мен оған түсіністікпен қарауға тырыстым, былайша айтқанда “отбасылық” өмірге үйренгенін күттім, міне, ол күйеуге шыққалы 3 жылдай боп қалды, екі сәбиі бар, қазір жақсы араласамыз, үйіне барсам, қонып, ертеңіне қайтуымды өтінеді (білесіз ғой, қыздардың әңгімесі таусылған ба :)). Мені кейде өзі іздеп, телефон соғып, қал-жағдайымды біліп тұрады. Сондықтан мен әлі де қыздардың арасында мәңгілік достық болатынына сенемін.

  13. Гүлім says:

    Шын достыққа күмән болмауы керек!
    Өмірдің әртүрлі кезеңдерінде аздаған үзілістер боуы мүмкін ғой,әрине… Ең бастысы сен озің оган деген сезіміңді анализ жасап коруін керек сияқтысын. Егер сен шын доспын деп ойласан кандай жагдай болмасын,сен оны тусинуге тырысасын гой. Менин де студенттик кездеги достарым казир бари жануялы, кейде сойлесге де уакыт таба алмай жатамыз, сонда да бир биримизге али кунге дейн ыстыкпыз, сагынысып, кейннен сойлесип жатамыз… Ал, “ОЛ казир осип кетти, озинше болып кетти” – деп гайбаттайтын адамдар, олар нагыз дос бола алмагандар деп есептеймин. Немесе ол достык тек бир жакты болуы да мумкин ау ааа…))

  14. Айзат says:

    Достық мәнгі жасасын!!!!!!!!!!!

  15. dauren says:

    salem dostar!!!bul duniede wyn dostykka kumanim jok …omirdegi ar kili kyin kezenderde kol uwyn berip,komektesuge dayar dostar kobeye bersin…dostyk-bauirlastyk..adam balasy..kandai jagdai bolmasyn(umytkan jagdaida da)..arkim ozine tilegen tilegin/dugasyn barwa bauirlaryna/dostaryna tileui tiis…

  16. Раука says:

    Келісем, қыздар арасында шын достык болмайды!Уакытша араласу-кураласудан баска!Кейін куйеуге шыкканнан кейн бары…достык сезымдер, куаныш,шаттык, кыдыру бары умытылады…Ойткені, бурынгыдай бәрін калдыру кыздардын қолынан келе бермейды гой… Некен саяк кана…Барыне кыналы жыгыттер бул жерде, быр шетынан эгоист болып кеткен…Сөйтып, кыздардын бурынгы достыгы эгоизмге туншыгып олып жатыр…
    Дос ыздеп келем жаркыным, откыздым талай жалкы кун…Барлык достыктарымнын бас жагы шаттык арты мун..(автор мен емес)

  17. Құндыз says:

    Менiн бiр гана Алла берген досым бар! Екеумiз тура бiр егiздердеймiз. Барi бiзге карап тамсанады,тiптi бiзге уксап дос болгысы келетiндерде кем емес! Алдындары бiз 4-еу едi. Ал казiр сол кiшкентайымыздан бiрге оскен досым гана бар. Адамнын бiр гана досы болатыны рас екен.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: