Кім? Не?


1238692545_01_04_2009_0664142001238533810_harmony-nicholasЕгер сіздерде мүмкіндік болса, танымал адамдардың қайсысымен танысып, сөйлесер едіңіздер? Қандай сұрақтар қоясыздар?

Олар қазір өмір сүрсе де, өмірден өтіп кеткендері болса да…

Тақырыпты қызықты етіп өрбітейік 🙂

23 пікір | Кім? Не?

  1. urimtal says:

    Ойлай бастап едім, тізімім ұлғайып кетті. Негізі Абайдан бастағанмын, сосын ақындар, әрі қарай саясаткерлер, әншілер болып ұласып кетті.

  2. Madlen says:

    Audrey Hepbern:) en suikimdi de, en meirimdi jan:)

  3. Madlen says:

    birak kandai surak koyarumdy bilmeim:)

  4. SaTaH says:

    Zhanarga surak omirde ne kalaisn?

    Zhanar/Kapkarashkanin pari 🙂 Anrau tobindagi…

  5. arsenal777 says:

    Франсуаза Саганнан жеке өмірі мен жазған романдары арасындағы байланыс пен сюжеттердің құрылысы туралы, Верберден сүйіп оқитын кітаптарыңыз/жазушыларыңыз қандай деп сұраушедім, Тьерри Анри(Барса) мен Тео Уолкот(Арсенал)-түк сұрамай, жай ғана бетіне қарап отырушы едім, сосын футболкасын сұрап алушедім :)сосын твиттерді ойлап тапқан Биз Стоун не Джек Дорсиге -мені жұмысқа алыңызшы деп айтушедім)))) бірақ олар мені қайтед ^ ^ ну енді болмай жатса, қаз-твиттеряндар атынан рахметімді айтушедім 🙂
    ал негізі, біреуді керемет деп санайсын да, сосын өмірде танысқаннан кейін, одан көңілін қалып қоятын жағдайлар болады, бірақ әр кезде емес әрине.

  6. akzere says:

    Мен де Раульдің (Реал Мадрид) бетіне қарап тұра берер едім. Сосын оған ғашық екенімді, отбасына, балаларына бақыт тілейтінімді айтар едім. 🙂

  7. 12aikon1986 says:

    Мүмкін Пауло Коэло, мүмкін… ой тізім өсе береді екен ойлансам. Сондықтан әр кімнің ісіне қарай, балалығы, ең тәтті арманын сұрар едім…

  8. ruslannnn says:

    Егер осындай мүмкіндік шынымен болып жатса, маған да айтыңдар, дос баламның Том Хеннинг Эвребеге қойғысы келетін сұрақтары баршылық-ау деймін :))

  9. ruslannnn says:

    Билл Гейтс. Әшкәрик досы екеуі программа құрып, бір байтқа таласыватқанда жетім ағылшыныммен барып былдырлап тұрсам, маған мән берер ме екен, а?

  10. ruslannnn says:

    Элизабет Тейлор. Сұрақ бәлендей көп емес, тек жіберсеңдер болды, жарты сағатқа барып-келем… Ну, жиырма минут… а? Жақсы, он бес минут. Он төрт, жібере қойыңдаршы.

  11. Konil Ashar says:

    жапондық бір топтың әнші-актер жігітпен кездескім келер еді, соңғы кезде сол жігіттің сериалдарын көп қарап жүрм:)

  12. Жонышбек says:

    Назарбаевқа қояр едім.
    “Осы неге кейде интервью барысында біреудің сұрағы ұнамай қалса, сол кісіге сол жерде ұрсып тастайсыз? Ұят емес пе?”

  13. Қосақ says:

    Өмірден өтіп кеткендерден: Сталин мен Гитлермен кездесіп, беттеріне түкіріп кетер едім. Әкем мен анамның жастық шақтарын соғысқа орағаны үшін. Сталиннің командасымен қазақты қырғаны үшін.
    Ал, қазір тірі жүргендерден: түкіретін адамдарым көбейіп кетіпті, тізім көп…

  14. satibaldi says:

    Иса пайғамбарға. “Бырат, тағы келетінің рас па?” деп сұрар едім.

  15. Сәкен says:

    Қазақстанның келесі Президентімен кездессем деймін. Осы бастан танысып қоя бергенімнің зияны болмас. :)))

  16. Konil Ashar says:

    wahaha Sake
    shynymen ondai adammen mende kezdeskim keler edi:))

  17. Пақанмен ахиретке дейін тағы бір кездессем, жаман болмас еді. Тоғыз жылдай болып қалыпты, тек төрдегі партреттен ғана боқтап тұрғанына. Кезедесе қалсақ, бір-екі шапалағын да алып алар ма едім… Әжесс-ай, Зерешка сен де қайдағыны қайдан жазып: көңіл босап кетті ғой.

  18. zhanel says:

    мен Хит ТВ Джейі Қазыбектен: DJ-ліктен шаршамадың ба? және Болашақтағы жоспарларың қандай деп сұрар едім. Оны актер ретінде көргім келетінін айтар едім 😉

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: