Гректер мен қазақтардың ұқсастығы: бір фильмнің желісі бойынша


Алдыңғы демалыста «Моя большая греческая свадьба» киносын қарауға мүмкіндік туды. Қарап отырып, гректердің қазақтарға ұқсас мінездерін тауып, еріксіз күлумен болдым.

Мені жастайымнан ұлттық рухқа тәрбиелеп өсірді. Сен қазақсың, қазақтың қыздары мынадай болуы керек, мына қылығың теріс, мынау дұрыс деген сияқты…
Менің әкем былайынша көп мәселеге объективті қарайды. Бірақ дін, ұлт, тіл мәселесіне стереотип өте қатты. Бұл жағынан қазақшылдық бірінші орында.
Ал, інім, одан өткен ұлтшыл, ол үшін қазақтар әлемдегі ең керемет ұлт, түбірі сонау мыңдаған жылдардан басталған, ислам діні – ең хақ дін, қазақ тілі – ең бай тіл, Абай – ең ұлы философ, қазақтан өткен кеңпейіл халық жоқ, т.с.с… Дамымай қалған себебі, 70 жыл бойы коммунизм бәрін құртқан деген тұжырымда.
Фильмде «Кез келген сөздің түбірін іздесең, ол гректің сөзінен шыққанын байқайсың» фразасы, біздің «Тегінде, Әл-Фараби – қазақ, Шыңғысхан – қазақ, бұрын тіпті түркі елдерін наймандар билеген» деген мифтермен ұштасады.

Ұлтшыл грек-отағасы болашақ күйеу баласына (грек емес) разы болмай, «Оның тегі белгісіз, қайдан шыққан, діні бөлек» деп ызаланады. Бізде қазақтарда да тектілікке көп мән берген ғой. Менің інімнің мақсаты текті жерден қыз алу. Бірақ оның тектілігін қалай анықтамақшы, оны білмедім…

Дін жайында әңгіме тіптен ерекше. Фильмде болашақ жары үшін жігіт грек шіркеуінде шоқынудан өтіп, толықтай гректердің дінін қабылдайды.
Біздің отбасымызда да біраз сондай жағдай, мұсылман емес, басқа діннің өкілін қабылдау – үлкен талқылау мен қарсылықтарға ұшырайтыны сөзсіз. Сол себептен болар, басқа ұлттың жігіттеріне ғашық болып, тіпті ұнатып та көрмеппін.
Бірде ата-анама: «Орысқа шықсам не бопты, бастысы жақсы адам болса болды емес пе?» деген пікіріме үстел басында қандай резонанс тудырғанын елестете беріңіздер. Бұл фильмдегі: «Әрбір грек әйел грекке тұрмысқа шығып, грек балаларын өмірге әкеліп, гректердің дамуына үлесін қосу керек» дегенге саяды.

Фильмдегі грек отбасы өте үлкен болады. Тегінде бір атадан бірнеше бала туып, кейін олар үйленіп, олардан бірнеше бала туылып, сөйтіп, үлкен отбасыға айналса керек…
Кейіпкер қыз, жігіттің 2 немере-ағайындым бар дегенге: «Сенде екеу болса, менде олар 27!» – демесі бар ма. «Мейрамдарда біз бәріміз жиналып, қой соямыз, әркез жей береміз-жей береміз» дейді.
Қарап тұрсақ тіпті, қой сойғандарына дейін ұқсайды.
Бізде де шамалы сондай көрініс қой, қазақ отбасыларында. Той болғанда ағайындылар-отбасыларымен өздері-ақ жиналып, тойды өткізе салса да болады.

Жалпы, түсінгенім, патриотизм ұлтқа байланысты емес екен. Бұл әрбір адамның ішіндегі бір қасиет, көбіне тәрбиемен келеді. Аса ұлтшыл адам кейде басқаларды мезі ететіні сөзсіз, алай онсыз да болмайды. Патриотизм болу керек, бірақ шегімен. Қазақтарды жақтаймын деп мифтер мен өтірік жазбаларды дәріптеу, шындыққа көз жұмып қарау дұрыс емес меніңше. Кемшілік әрбір ұлтта болады, бірақ сол ұлтты құрайтын адамдар емес пе? Ал адамдар әртүрлі…

7 пікір | Гректер мен қазақтардың ұқсастығы: бір фильмнің желісі бойынша

  1. Айко says:

    хи*хи*хи менде күлгем осыдан біраз бұрын көріп🙂 тіптен ішім-пысып кетті аяғына дейін.😦 күйеу баланы аядым шыны керек… тіпті қандай ғашықтық, мен кет”Е деМал деп кете берер едім. ал ол бәрін шыдады аха🙂
    былай қарап тұрсаң ешкімнің алдында ешкім жауап бермеу керек. өмір жастардікі ертең со әңгіме айтып* ақыл шақырған ағайының өмір бойы қасыңда болмайды.😦 қазақтың тәбиесі мықты негізі да.
    Осы өзге ұлтқа тұрмыс құру жайында бір қызықтар болд. айта кетейін. НЕгізі бұрын мені ерке және ешқандай талапсыз өсірген*ау дейтінмін, маған ұнаған адаммен көз жұмп тұрмыс құрар едім деп ойлаппын. Жақында болған оқиға …
    Жоқ олай емес екен. тіпті біз жаққа келген Гастербайтерлерден қыздарды қызғанып өліп қала залдайд екенсің, америкада қалып қалған қызды естіп біраз күн өзіме келе алмадым🙂 бұны патриотизим десеңіз болатын шығар. әлде менде ондай жоқ болд ма екен?. Базар жоқ КЗның өзге ұлты болса қанша дегенмен салтымыз сіңісті дегендей болад енд сүйіп тұрса(еще қыз міндетін дұрс атқарса ғана) :)))

  2. Jan_Aina says:

    Жарнамасы өтіп кетті, Ақзере!🙂
    Ініңіздің ойлары ұшқыр ғана емес, шынайы да! Мен де солай ойлаймын!

  3. Abat says:

    Ие, мен де кордiм бул киноны! Бiзге кусайды, дурыс айтасын! )

  4. Bakytnur says:

    Grekter kop jildary Osman Imperiasinin kol astynda turdy goi. Sondyktan da bolar koptegen narseleri uksaui. Birak olarda bizden karaganda civilizacia erte bastalganynan boluy kerek, kurip ketpedi goi Osmandiktardyn ishinde.

    Asirese tamak azirleui turikterge ote uksaidy eken.

  5. aqbuken says:

    Яа Грекядан Түркияға келген туристілер былай дейді екен: Түркия әдемі тамаша қала егер мешітімен азаны жоқ болса тіптен әдемі болар еді дейді:

  6. Қосақ says:

    Толықтай келісемін сенімен, Ақзере! Осы дұрыс тәрбие де, тектілік те ұлттық нәрмен келеді. Текті жерден қыз алу деген де, сайып келгенде – тәрбиелі жер деген ғой. Мен осы фильмді көрген жоқпын, ал, білуімше: гректер де, біздер сияқты ұлт құндылықтарына дұрыс қарайтын ұлттардың бірі.
    Ал, қазақтар сияқты аса бауырмал, көпшіл халық жер бетінде көп емес шығар.

  7. Konil Ashar says:

    Бірдей ойда болған екнбіз осы фильмді көріп, осыдан бір үш-төрт жыл бұрын көргем
    қаз ойлап қарасам ұқсастық тым көп сияқты, енді фильмде асыра сілтеген де болар бірақ кей тұстары қазақтағы жоқ нәрсеге ақша шашу, дарақылық сияқты нәрселер…

    ой інің маладес екен, тек тектілігін қалай анықтамақшы екенін деген жеріңде өлдім ғой:)))

    аа ондай әңгіме бізде сондай резонс болған еді, и вааще менің апайымның бұрын менің ондай ойым жоқ кезде-ақ сондай қорқыныш болатын, қай фантазиясынан алғанын, сол кезде айтушы еді осы сен аздап қуасың деп, жоқ мен жалпы айтып жатқаным ғой, жаман болса да қазақ жақсы деп, жуып шаюшы еді..енді шетелдіктермен көп араласасың деп.. мдаа не по теме дейтінмін..

    қаз ондай әңгімені қозғамауға тырысады,аяғы жақсы болмайтынын біледі, бірақ жездем өзің білесің жапон болса да деп қояды:)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: